Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Кесек кристалды тұнба алу үшін



бет143/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ

Кесек кристалды тұнба алу үшін:

  1. Анықталатын зат бар ерітіндіні сұйылту керек.

  2. Тұнбаға түсіретін ерітіндіні тамшылатып құйып, ерітіндіні араластырып отыру керек (ол кезде ұсақ кристалдар түзіліп кетпейді).

  3. Тұнбаны ыстық ерітіндіден түсіру керек, себебі алғашқы кристалдар тез ериді.

  4. Ерітінді толық суыған соң ғана тұнбаны бөліп алу керек.

  5. Затты тұнбаға түсірген кезде, тұнбаның ерігіштігін арттыратын зат құю керек, мысалы, ВаSO4 –ді тұнбаға түсіргенде оның ерігіштігін арттыратын HCl құяды, бұл кезде НSO4- -пайда болып, ВаSO4-тің ерігіштігі артады, яғни ұсақ алғашқы кристалдар көп түсіп кетпес үшін, бірақ тұнба түсіру операциясының аяғында ВаSO4-тің ерігіштігін қайта төмендету үшін, тұнбаға түсіретін ерітіндінің артық мөлшерін құяды.

  6. Бұл талаптарды орындаса да, ерітіндіде аздаған ұсақ кристалдар болуы мүмкін, олар фильтр қағазының тесігінен өтіп кетіп, анықталатын заттың мөлшерін азайтады, сондықтан тұнбаға түсіретін ерітіндіні толық құйып болған соң, тұнбаны бір-екі сағатқа қалдырады.

Тұнбаға түсірудің барлық жағдайы қадағаланса да, тұнба кейде таза болмауы мүмкін. Тұнбаның таза болмауы көбінесе адсорбция, окклюзия және изоморфизм деген процестерге байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет