Эксперименттік бөлім:
Градуирлік график тұрғызу. 50мл-лік өлшегіш колбаға пипеткамен 2, 4, 8, 10, 12мл натрий сульфатының стандартты ерітіндісін құяды. Олардың массалары сәйкесінше 10, 20, 40, 80, 100, 120мкг-ға тең. Әр колбаға 10мл-дан электролит және сәйкесінше 18, 16, 12, 10, 8мл дистильденген су қосып араластырады. Сосын әрқайсысына цилиндрмен 10мл-ден 10 пайыздық барий хлоридін қосып, араластырып, көлемін дистильденген сумен белгісіне дейін жеткізеді. Оны 5-10 минут қыздырып, сосын көк жарық фильтрінде салыстырмалы ерітіндіге қатысты оптикалық тығыздықтарын өлшейді. Салыстырмалы ерітіндіні стандартты ерітіндіге сәйкес дайындайды, тек натрий сульфат қосылмайды. Нәтижелер бойынша градуирлік график тұрғызылады.
Достарыңызбен бөлісу: |