Химиялық қасиеттері
2.1. а) 1,4-пентадиенге; б) 2-метил-1,4-пентадиенге; в) 1,5-гексадиенге; г) 3,3-диметил-1,4-пентадиенге бромның бір молекуласының қосылу реакцияларының теңдеулерін жазу керек. Түзілген заттарды атау керек. Осы заттарға сутегінің сатылап қосылу реакциялары теңдеулерін жазып, алкендер мен алкандарды атау керек.
2.2. а) изопренге; б) 2,3-диметил-1,3-бутадиенге бір молекула броммен әсер еткенде қандай дибромтуын түзілуі мүмкін. Алынған қосылыстардың аттарын атау керек.
2.3. а) 1,3-пентадиенге; б) 2,4-гексадиенге; в) 2-метил-2,4-пентадиенге бромның бір молекуласының 1,4-қосылу типі бойынша жүрген реакция теңдеулерін жазып, қосылыстарды атау керек
2.4. а) изопренге б) 2,3-диметил-1,3-бутадиенге 1,4-қосылу типі бойынша полимерлену реакциясының кестесін жазу керек.
Алу әдістері
3.1. а) бутанды; б) 2-метилбутанды; в) 2,3-диметилбутанды дегидрлеп диен көмірсутектерін алу, ортада түзілген және соңғы түзілген заттардың атауы.
3.2. а) 1,4 -дихлорбутаннан; б) 4-метил-1,5-дибромгексаннан сілтінің спирттегі ерітіндісімен әрекет ету арқылы диен көмірсутектерін алу реакция теңдеулерін жазу керек.
3.3. 0,24м3 96-процентті этил спиртін (ρ = 800 кг/м3) 90%- ті шығыммен дегидратациялап, дегидрлеп қанша масса бутадиен алуға болады?
Достарыңызбен бөлісу: |