Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет286/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ
Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Изомерия. Номенклатура. Мысалдар келтіру керек.


2. Алу, физикалық, химиялық қасиеттері.
3. Структуралық формулаларын жазу керек: 1,1,1,2,2-пентахлорэтан; 1,4-дибромбутан; 3-хлор-1-пропен; поливинилхлорид; гексахлорэтан.

5 Зертханалық сабақтың тақырыбы


Көмірсутектердің галоген туындыларын алу


Жұмыстың мақсаты: Әр түрлі әдістермен қаныққан және қанықпаған көмірсутектердің галоген туындыларын алу.
Реактивтер мен жабдықтар: күкірт қышқылы мен этил спирті (1:1) қоспасы, натрий хлориді, этил спирті, кристалдық йод, 10%-тік натрий гидроксидінің ерітіндісі, бром суы (1мл суға 2мл бром қосу керек), пробиркалар, газ жүретін түтігі бар тығын, спирт шамы, сүзгі қағаз, мұзы бар стакан, пемза үгінділері.
1 - тәжірибе. Хлорлы этил алу
Жұмыс барысы: Пробиркаға күкірт қышқылы мен этил спиртінің қоспасынан 3-4мл құйып, оның үстіне натрий хлоридін ұнтақтап салып, газ жүретін түтігі бар тығынмен жабады. Пробирканы штативке тігінен орнатып, газ түтігінің екінші ұшын мұзы бар стаканға батырып, пробирканы баяу қыздырады. Қоспадан бөлінген хлорлы этил стаканда кристалдар түрінде түзіледі:

Н2SO4 + NaCl  HCl + NaHSO4


CH3 – CH2 – OH + HO - SO3H  CH3 – CH2 – O – SO3H + H2O
күкірт қышқылының этил эфирі
CH3 – CH2 – O – SO3H + HCl  CH3 – CH2Cl + H2SO4




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет