4-тәжірибе. Пиридин пикратын алу. Жұмыс барысы: Пробиркаға 3мл пикрин қышқылын құйып, үстіне 0,5мл пиридин ерітіндісін қосады. Қоспаны 3-5 минутқа қояды. Пробиркада әдемі түсті пиридин пикратының ине тәрізді кристалдары түзіле бастайды.
Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар: 1. Пиридиннің судағы және органикалық заттардағы ерігіштігі туралы түйін жасаңыздар.
2. Пиридиннің темір(ІІІ) хлоридімен әрекеттесуінің реакция теңдеуін жазыңыздар.
3. Пиридиннің тотықтырғыштарға тұрақтылығы неге негізделген?
4. Пиридин мен пикрин қышқылының әрекеттесуінің реакция теңдеуін жазыңыздар.
5. Пиридинді алу жолдарын көрсетіңіздер.
6. Пиридинді сутегімен тотықсыздандырудың реакция теңдеуін жазыңыздар. Түзілген затты атаңыздар.
7. Келесі қосылыстардың құрылымдық формулаларын жазыңыздар:
а) 2,5-диметилфуран; ә)2-хлорфуран; б)2,5-диметилпиррол; в)2-аминпиридин
8. Реагенттің бір молекуласымен жүретін реакция теңдеуін жазу керек: а) фуранды хлорлау; б) тиофенді сульфирлеу; в) тиофенді нитрлеу. Алынған қосылыстардың атын атау керек.