Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет53/401
Дата07.02.2022
өлшемі5,02 Mb.
#88596
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   401
Байланысты:
260f67b3-a150-11e4-8a1d-f6d299da70eeучебно-методические материалы для БТ

Ерігіштік көбейтіндісі. Электролит беретін қатты заттардың көпшілігінің, әсіресе, тұздарының кристалдары ионнан тұрады, сондықтан олар ерігенде ерітіндіге молекулалары емес, жеке иондары көшеді. Кристалл ерумен қабат әрдайым кері процесс еріген зат кристалға қайта қонып, кристалдану болып жатады. Сондықтан ерітінді қанық күйге келгенде, ондағы туатын тепе –теңдік еріп болмаған қатты заттың тұнбасы мен ерітіндіге көшкен иондар арасында болады.
Мысалы, нашар еритін СаSO4 қанық ерітіндісін алсақ, оның ыдысының түбінде ерімей жатқан тұнбасы мен ерітіндіге көшкен Са2+ және SO42- иондарының арасында жылжымалы тепе-теңдік болады:
СаSO4  Са2+ + SO42-
Осы тепе-теңдікке әрекеттесуші массалар заңын қолданса, қатты заттың концентрациясы, демек СаSO4 концентрациясы, тепе-теңдік константасының теңдігіне кірмейтіндігін ескерсе, тепе-теңдік константасы былай жазылады:
Са2+ SO42- = К
Бұл теңдіктен нашар еритін электролиттің қанақ ерітіндісіндегі иондар концентрациясының көбейтіндісі сол температурада тұрақты шама екенін көруге болады . Осы шама электролиттің ерігіштігін көрсететін болғандықтан оны ерігіштік көбейтіндісі деп атап, ЕК деп белгілейді. Соңғы теңдік орнына ЕК(СаSO4) = Са2+ SO42- деп жазады.
Электролиттің молекуласында бір ионның өзінен екі, не бірнешеу болса, мысалы: Са3(РO4)2  3Са2+ + 2РO43- ол ионның концентрациясының дәрежесі ретінде көрсетіледі: ЕК(Са3(РO4)2) = Са2+3  РO43-2.
ЕК-ның сандық мәнін табу үшін сол электролиттің ерігіштігін білу керек. Мысалы, 20С СаSO4 ерігіштігі 1,5  102 моль/л, СаSO4 диссоциацияланғанда әр молекуласы бір Са2+ ионын, бір SO42- ионын түзеді, сондықтан олардың әрқайсысының концентрациясы 1,5  102 моль/л болады. Сонда:
ЕК(СаSO4) =  Са2+   SO42-  = 1,5  102  1,5  102 = 2,25  104
Кальций сульфатының тұзының қанық ерітіндісіне, құрамында басқа жақсы еритін SO42- не Са2+ ионы бар электролит, мысалы Nа2SO4 ерітіндісін қосса, не болар еді? SO42- иондары концентрациясы көбейгендіктен Са2+SO42- иондарының концентрациясының көбейтіндісі ЕК(СаSO4) мәнінен асып кетеді, ерітінді аса қанық күйге айналып, ондағы тепе - теңдік бұзылып, тұнбадағы СаSO4 көбею жағына қарай ауысады. Демек, нашар еритін электролиттің ерітіндісіне аттас ион қосса, электролиттің ерігіштігі кемиді. Осы ережені химияда, әсіресе аналитикалық химияда , көп қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   401




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет