V1 = k1[A]a[B]в, кері реакция жылдамдығы V2 = k2[С]с[D]d. Химиялық тепе-теңдік кезінде V1 = V2, яғни k1[A]a[B]в = k2[С]с[D]d k1 және k2 - реакция жылдамдығының константасы.
(1)k1/k2 =[С]с[D]d/[A]a[B]в = K; К – тепе-теңдік константасы.
(1) теңдеу - әрекеттесуші массалар заңының теңдеуі, математикалық өрнегі. Оны былай оқуға болады: тепе-теңдік орнаған кезде реакция нәтижесінде алынған өнімдердің концентрацияларының көбейтіндісінің алынған заттар концентрацияларының көбейтіндісіне қатынасы белгілі бір температурада тұрақты сан, оны тепе-теңдікконстантасы деп атайды. Тепе-теңдік константасының мәні арқылы тура реакция мен кері реакциялар жылдамдықтары туралы қорытынды жасауға болады. Егер К өте үлкен шама болса К»1, онда тура реакция аяғына дейін жүреді, егер К«1, онда кері реакция үлкен жылдамдықпен жүреді, К=1, жүйеде тепе-теңдік орнаған.
Аналитикалық реакциялардың көпшілігі төмендегідей реакциялар типінің біреуіне жатады:
АВА+В – диссоциациалану реакциясы HCNH++CN-және тұнбаеру процесі AgClAg++Cl-.