Дәріс 39. ОКСОҚОСЫЛЫСТАР. АЛЬДЕГИДТЕР МЕН КЕТОНДАР
Альдегидтер мен кетондардың құрылысы, изомериясы, атауы
Көмірсутек радикалдарымен байланысқан карбонил (- СОН) тобы бар органикалық заттарды альдегидтер немесе кетондар деп атайды. Альдегидтерде карбонил тобы сутек атомымен және көмірсутек радикалымен байланысады. Жалпы формуласы R – CОН – альдегидтер, R – CО – R - кетондар. Альдегидтер мен кетондар қаныққан, қанықпаған, ашық және тұйық тізбекті болып бөлінеді.
Қаныққан альдегидтер мен кетондар
Альдегидтерді жүйелік номенклатура бойынша атау үшін қаныққан көмірсутектердің атауына альдегидтер үшін «аль» деген жалғау, ол кетондар үшін «он» жалғауын қосу арқылы атайды.
|
құмырсқа альдегиді
формальдегид
метаналь
|
сірке альдегиді
ацетальдегид
этаналь
|
изовалериан альдегиді
3-метилбутаналь
|
Альдегидтердің изомериясы көміртегі атомдарының тізбегінің құрылысына байланысты, ал кетондардың изомериясы радикалдың құрылысына және карбонил тобының орнына байланысты аталады:
СН3 – СН2 - СОН – метилэтаналь; СН3СН2СН(СН3)СОН - 2-метилбутаналь; СН3 – (СН3)2ССО – СН2 – СН3 – 2,2-диметилпентанон-3; СН3 – (СН3)2 С- СН2- СН2- СО – СН2 – СН3 – 6,6 –диметилгептанон-3.
Достарыңызбен бөлісу: |