Тақырып: Альдегидтер мен кетондар. Жоспар



бет1/2
Дата31.12.2021
өлшемі56,83 Kb.
#107363
түріҚұрамы
  1   2
Байланысты:
альдегидтер мен кетондар
ПрактикумКаз, Zadaniya s rech kMod1(18.02.13), 6035344306a28 3, орг.хим. жктелу, 0005c324-0423cfa3, Сапарова Гулшат 308А кунделик 1 кун, Философия конспектілер, Филос 1 Тақырып, Адамзаттың асыл тәжі, 4,5,6,7, Аманқос Г. Арал теңізі, КТЖ АКТ 1 сынып, ТЖБ талдауы ІІ тоқсан, 1 А,Ә, Е кл. 05.05.Русский язык

ТАҚЫРЫП:Альдегидтер мен кетондар.
Жоспар:

1 Альдегидтер дегеніміз не?

2 Альдегидтерлің қасиеттері

3 Кетондар


Альдегидтер (лат. al(cohol) dehyd(rogenatum) — сутексiз спирт) - органикалық қосылысМолекула құрамында карбонил немесе оксо топшасы бар көмірсутек туындыларын альдегидтер және кетондар деп атайды.

Физикалық қасиеттер



Құмырсқа альдегиді — өткір иісті газ, сірке альдегидінен бастап келесі мүшелері — сұйық, ал жоғарғылары — қатты заттар. Альдегидтердің физикалық қасиеттері бұдан бұрынғы қарастырылған заңдылықтарға сәйкес келеді. Молекулалық массалары өскен сайын балқу және қайнау температурасы артады. Спирттерден өзгешелігі — альдегидтерде молекулааралық сутектік байланыс түзілмейді, сондықтан сәйкес спирттермен салыстырғанда қайнау температуралары төмен болады.



"Альдегидтер"

Барлық альдегидтер органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Химиялық қасиеттері. Құрамында еселі байланыс болғандық- тан, карбонилді қосылыстарға қосылу реакциясы тән. Қосылатын реагенттің теріс зарядталған бөлігі көміртек атомына, ал оң зарядталған бөлігі оттек атомына қосылады. Басқа органикалык косылыстармен салыстырғанда, альдегидтерде карбонилді топпен байланысқан С — Н байланысының белсенділігі жоғары және реакцияға жеңіл түседі.[1]

Маңызды альдегидтер

Аты

Формула

Балқу температурасы

Қайнау температурасы

Формальдегид

HCHO

−92 °C

−19 °C

Ацетальдегид

CH3CHO

−123 °C

20,8 °C

Пропаналь

CH3CH2CHO

−81 °C

48,8 °C

Бутаналь

CH3CH2CH2CHO

−97 °C

75 °C

Акролеин

CH2=CH-CHO

−88 °C

52,5 °C

Кротонды альдегид

CH3-CH=CH-CHO

−76,5 °C

104 °C

Бензальдегид

C6H5-CHO

−56 °C

179 °C

Салицилді альдегид



1,6 °C

197 °C

Фурфурол



−36.5 °C

161.7 °C

Кетондар - құрамында екі көмірсутек радикалымен байланысқан карбонил тобы >C=O бар органикалық қосылыстар класы. Жалпы формуласы RCOR^1. Кетондар алифатты, алициклді, ароматты немесе гетероциклді қатарларға бөлінеді. Алифатты қатардағы ең қарапайым кетондар - ацетон CH3COCH3, ароматты қатарда - бензофенон C6H5COC6H5. Кетондар органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Кетондар реакцияларын екі түрге бөледі:карбонилге қосылу реакциялары (сутектің, көгерткіш қышқылдың т.б. қосылуы); карбонил топтағы оттектің орнын басу реакциялары (галогендермен, гидроксил амимен т.б. алмастыру). Кеттондарды алу әдістері альдегидтерге ұқсас. Оны екіншілік спирттерді тотықтыру, карбон қышқыл тұздарын құрғақ айдау т.б. әдістермен алады. Кетондар еріткіштер ретінде және түрлі органикалық синтезде кеңінен қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет