«Химия» пәнінен 10 сыныпқа арналған 1-тоқсандық жиынтық бағалаудың тапсырмалары (I-нұсқа)
1. Ковалентті полюсті қосылысты көрсетіңіз [1]
А) СO2 В) NaCl С) O2 D) Fe
2. sp2 гибридтенген қосылысты табыңыз [1]
А)СO2 B) BCl3 C) CH4 D) BeH2
3. а) Атом құрамындағы бөлшектердің сипаттамалары: [3]
б) Мына элементтер мен бөлшектердің протон, электрон, нейтрон сандарын табыңдар: [2]
|
Протон
|
Электрон
|
Нейтрон
|
Zn2+
|
|
|
|
N3-
|
|
|
|
в). Атомның құрамында 8 протон және 8 нейтрон болса, осы элементтің атомдық массасы қаншаға тең болады. Элементті атаңыз:
____________________________________________________________________[1]
4. а) Кремний элементінің сыртқы қабатында 4 электроны бар және оның электрондық конфигурациясы 3s23p2 болып жазылады. Осы элемент электрондарының қалыпты күйін сипаттайтын төрт квант санының мәндерін кестеге жазыңдар. [4]
Электрон нөмірі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
n
|
|
|
|
|
l
|
|
|
|
|
m
|
|
|
|
|
s
|
|
|
|
|
б) Магнит квант санын табу формуласы: ________________________________ [1]
5. а) Атом радиусының период және топ бойынша өзгеру периодтылығын жазыңыз
________________________________________________________________________ [1]
б) Si→ Cl→ P қатарында бейметалдық қасиет қалай өзгереді?
___________________________________________________________________________[1]
6. (а) Кестедегі бос орындарды берілген мәліметтерді қолдана отырып толтырыңдар [6]
Қосылыс
|
Зат мөлшері
|
Масса
|
Көлем
|
Молекула саны
|
Молярлық массасы
|
Тығыздығы
|
СO2
|
1,25 моль
|
|
28 л
|
|
44 г/моль
|
|
H2SO4
|
|
12,25 г
|
|
0,7525*1023
|
|
4,375 г/л
|
(б) Маталар мен вискозды талшықтар өндірісінде, түсті металл кендерін өңдеуде және ағынды суларды тазартуда қолданылатын заттың құрамында натрий 22,12%, оттек 46,15%, сутек 0,96% ды құрайды. Қалған бөлігі күкіртке тиісті. Заттың химиялық формуласын анықтаңдар? [3]
____________________________________________________________________
(в) Өнім шығымы деп өнімнің іс жүзіндегі массасының теория жүзіндегі массаға қатынасын айтады. Практикалық массаны табу формуласын жазыңдар: [1]
____________________________________________________________________
7. Құрамында6 % қоспасы бар 30 г әктасты қыздыру арқылы 16 г кальций оксиді алынған. Алынған өнімнің шығымын есептеңіз. [5]
Барлығы: 30 балл
Достарыңызбен бөлісу: |