Химия пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары 1



Дата19.04.2024
өлшемі20,53 Kb.
#201043
Байланысты:
8кл 2ТЖБ 2 тоқсан



Химия» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары


1.Заттардың мөлшерін табу формуласын көрсетіңіз [1]

    1. m=p∙V

    2. m=n∙M

    3. n=m/M

    4. M=m/n

2а) Төменде берілген газдарға арналған Авогадро заңы туралы тұжырымдардың шындық не жалған екенін (˅) белгісімен анықтаңыз. [5]



Тұжырым

Шындық

Жалған

Мольдік көлемнің мәні тұрақсыз шама.







Мольдік көлем арқылы газдардың көлемін есептеуге болады.







Қалыпты жағдайда кез келген заттың көлемдері бірдей болады.







Кез келген жағдайда көлемдері бірдей газдардың массалары тең болады.







Қалыпты жағдайда 1 моль оттектің көлемі 1 моль көмірқышқыл газының көлеміне тең.








2б). Күнделікті тұрмыста әртүрлі заттардың жануын байқайсыңдар. Төменде берілген жану реакциялары тұжырымдарының бос орындарын қажетті сөздермен толықтырыңыз.
Жану ________ реакция болып табылады, себебі реакция нәтижесінде жылу мен жарық бөлінеді. Жану реакциясының негізгі белгісі – реагент ретінде жануды қолдайтын ____________ болуы және реакция нәтижесінде _____________ _______, су және жылудың бөлінуі. Жану реакциясының өнімі ___________ деп аталады. Отын толық жанғанда ___________ _____ бөлінеді, шала жану кезінде ___ _____ және ______ бөлінеді, олар улы газдар.

Қажетті сөздер: көмірқышқыл газы, оттегі, иіс газы, оксид, күйе, химиялық, көмірқышқыл газы


[2]
3. 4 моль оттек газының құрамында қанша молекула бар екенін анықтаңыз. [2]



4. Төменде берілген заттардың мәндері мен көлемдері арасындағы сәйкестікті анықтаңыз. [3]



Заттардың мәні

Көлем

1) 0,5 моль азот

A)11,2 л

2) 32 г метан (СН4)

B) 33,6 л

3) 1,5 моль аммиак (NH3)

C) 44,8 л


5. 16 г темір (ІІІ) оксиді алюминиймен әрекеттесу нәтижесінде алынған темірдің массасын табыңыз. [3]


6.а) Сутегі – ХХІ ғасырдың отыны. Оны суды айыру арқылы зертханада алуға болады. 4 г сутегін алу үшін қажет судың массасы мен зат мөлшерін анықтаңыз. [3]

б) Сутектің қолданылу салаларына екі мысал келтіріңіз: [2]


1)____________________________________________________________
2)____________________________________________________________


7. Авогадро заңын толықтырып жазыңдар:
а) «Қалыпты жағдайда(Т=2730К,p=101,33кПа) кез келген газдың ________ молі _______көлем алады,себебі газдың бір мольінде ___________молекула болады;
б) 5 моль газ қалыпты жағдайда _________литр көлем алады.[4]

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет