«Химия» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары



Дата23.01.2022
өлшемі171,9 Kb.
#113464
Байланысты:
9-сынып тжб 4-тоқсан 2021


«Химия» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары


  1. Амин қышқылындағы функционалды топ(тар)ды көрсетіңіз.

    1. Карбоксил және карбонил топтары

    2. Карбоксил және амид топтары

    3. Карбоксил және амин тобы

    4. Карбонил және амин тобы

[1]


  1. Карбон қышқылдары әлсіз қышқылдарға жатады. Сірке қышқылының диссоциациялануын көрсететін реакция теңдеуін көрсетіңіз.

    1. СН3СООН СН3СО+ + ОН-

    2. СН3СООН + Н2О ↔ СН3СОО- + Н3О+

    3. НСООН ↔ НСОО- + Н+

    4. СН3СН2СООН + Н2О СН3СН2СОО- + Н3О+

[1]


  1. IUPAC номенклатурасы бойынша заттарды атаңыз немесе құрылымдық формуласын сызыңыз.




Атауы

Формуласы

А







В

Фенилэтанон




С






D

2-метилпропанол-2




[4]


  1. Бутен-1 молекуласы кеңістік және класаралық изомерлерді түзе алады. Әр изомерлердің құрылымдық формулаларын сызып көрсетіңіз.

[3]

  1. Белгісіз Х органикалық заты жанғанда көмірқышқыл газын және су түзеді. Х заттың құрамында 80% көміртек атомы және 20% сутек атомдары бар. Заттың молекулалық массасы 30 г/моль. Х затының молекулалық формуласын табыңыз.

[2]
Х затының жану реакциясының теңдеуін жазыңыз.


[1]

[Барлығы 3]





  1. Алкен және алкин қанықпаған көмірсутектерге жатады, екеуі де галогендермен реакцияға түседі.

і) Алкен мен алкиннің қарапайым қосылысының формуласын жазыңыз және оларды атаңыз.
[1]
іі) Төмендегі сурет бойынша алканды алкеннен қалай ажыратуға болады? Жауабыңызды түсіндіріңіз.

[1]
ііі) Кез келген алкен мен алкиннің бром суымен әрекеттесу реакция теңдеулерін жазыңыз.


[2]

[Барлығы 4]





  1. Алкендердің құрамында қос байланыс болғандықтан, полимерлену реакцияларына оңай түседі. Пропеннің полимерлену реакциясын жазыңыз және қолданылуына мысал келтіріңіз.

Реакция теңдеуі:
Қолданылуы:
[2]


  1. Елімізде биоотын өндірісі қарқынды дамып келеді. Биоотын – биологиялық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы биологиялық шикізаттан алынған отын. Биоэтанол – биоотынға жатады.

Төмендегі суретке қарап биоотынның артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттаңыз? Биоэтанодың алу жолын реакция теңдеуі арқылы көрсетіңіз.


[3]



  1. Этанолды зертханада гидратация әдісі арқылы алады. Реакция теңдеуін жазыңыз.

[1]


Этанолдың қолданылуына мысал келтіріңіз.
[1]

[Барлығы 2]





  1. Нәруыз адам ағзасына аса қажет қоректік зат. Нәруыздың қызметі қандай?

[1]


Нәруызға бай тағам түрлеріне үш мысал келтіріңіз.

[1]

[Барлығы 2]









Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет