Оқу жылының басындағы тексеру бақылауы. 9-сынып Мақсаты: химия пәні бойынша оқушылардың мемлекеттік стандарттың міндетті деңгейіне жетуін, өткен тақырыптарды есте сақтап, толық меңгерілуін тексеру.
І- нұсқа 1.есеп Мына өзгерісті жүзеге асыруға мүмкін болатын химиялық реакция теңдеуін құрастыр.
Na → NaOH→Na2CO3→ NaCl→ AgCl
↓
CO2 2. №13, № 6, № 14 элементтердің атомының құрылысын анықтап, электрондық сызбанұсқасын сыз.
3. 1 моль натрий гидрокарбонатын қыздырғанда (қ.ж) көмірқышқыл газының қандай көлемі түзіледі?
4.Массасы 200г темір сульфидіне FeS массасы 150г HCl тұз қышқылы ерітіндісімен әсер еткенде неше литр (қ.ж.) Н2S газ бөлінеді.
5. 4,9 г темір (ІІІ) хлориді мен 2,3 г натрий гидроксиді әрекеттескен кезде түзілген тұнбаның массасын есепте.
ІІ- нұсқа 1.есеп Мына өзгерісті жүзеге асыруға мүмкін болатын химиялық реакция теңдеуін құрастыр.
Fe → FeCl2→Fe(OH)2→ Fe(NO3)2 ↓ ↓
FeCl3 FeO
2. №10, № 5, № 27 элементтердің атомының құрылысын анықтап, электрондық сызбанұсқасын сыз.
3. Құрамында 16г мыс (ІІ) сульфаты және 10 г натрий гидроксиді бар екі ерітіндіні бір-біріне құйғанда, неше грамм тұнба түседі?
4.1 т әктасты сұйылтылған азот қышқылымен өңдеп, шығымы 85% болатын кальций селитрасы алынды.Силитраның массасы қандай?
5. 4,9 г темір (ІІІ) хлориді мен 2,3 г натрий гидроксиді әрекеттескен кезде түзілген тұнбаның массасын есепте.