Бағалау критерийі Білім алушы
Металдарды алудың маңызды әдістеріне талдау жасап және олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайды
Шойын және болат алу әдістері мен қасиеттерін сипаттайды
Электролиз әдісі арқылы металдарды алу әдісін түсіндіреді
Галваностегия мен гальванопластика әдістерін бірбірінен ажыратады
Металлургия өнеркәсібінен туындайтын экологиялық проблемаларды айқындайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну деңгейі Қолдану
Орындалу уақыты 20 минут
Тапсырмалар
(a) Металлургия өндірісі үш топқа бөлінеді: пирометаллургия, гидрометаллургия, электрометаллургия. Әрбір әдісте жүзеге асатын реакция теңдеуін жазып және әдістердің артықшылығы мен кемшілігін көрсетіңіз:
Металдар өндірісінде тотықсыздандырғыштар қолданылады.
Электрон ұғымы тұрғысынан тотықсыздандырғыштың қызметін түсіндіріңіз:
Темір өндіруде қолданылатын тотықсыздандырғыштыанықтаңыз. Темір (ІІІ) оксидінен тотықсыздандырғыш арқылы темір алудың тотығутотықсыздану реакция теңдеуін жазыңыз.
Тотықсыздандырғыш ______________________________________________
Реакция теңдеуі___________________________________________________
(a) Кестеде берілген тұжырымдардың «шын» немесе «жалған» екенін көрсетіңіз. Егер тұжырым дұрыс болса, () егер бұрыс болған жағдайда () белгісін қойыңыз.
№
|
Тұжырым
|
Шын ()/
Жалған
()
|
1
|
Болат конвертор, мартен, электр пештерінде өндіреді.
|
|
2
|
Шойын қаттылығымен ерекшеленеді, бірақ ол морт.
|
|
3
|
Болат жұмсақ, әрі морт сынғыш құйма.
|
|
4
|
Трансформаторларда, электромоторларда көбіне темірдің құймалары — шойын мен болат пайдаланылады.
|
|
5
|
Марганец- болаттың беріктігін арттырады, ал кремний- темірді тотықсыздандыратын тотықсыздандырғыш ретінде қолданады.
|
|
6
|
Шойын темір кендерін домна пештерінде балқыту арқылы алынатын өндеудің бастапқы өнімі.
|
|
7
|
Темір қорытпасында көміртектің мөлшері 2 %- дан аспайтын болса, оны шойын деп атайды, ал 2 %- дан 6 %- ға дейін болса, ондай қорытпаны болат деп атайды.
|
|
8
|
Болатқа күкірт пен фосфорды қосады, күкірт болаттың, қажауға және коррозияға төзімділігін кемітеді, ал фосфор- суықтай морт сыну қасиеттерін береді.
|
|
Шойынды балқытудан бұрын неге шихтаға флюс (әктас немесе доломит) қосатынын түсіндіріңіз.
(a) Төменде берілген сөйлемді аяқтаңыз:
Теріс зарядталған электрод .................... деп аталады.
Электролиз кезінде аниондар ...........................тартылады.
Электролиз кезінде катод пен анодта қандай процестер жүзеге асады?
Алюминийді криолитте ерітілген алюминий оксидінен электролиз әдісі арқылы алады.Төменде берілген диаграмма алюминийді электролиз жолымен өндіруді көрсетеді.
Диаграммада анод қандай әріппен белгіленген?
Неліктен алюминийді алу үшін көміртекпен тотықсыздандыруды емес, электролизді қолданады?
еліктен алюминийді электролиз арқылы алу процесінде графит анодтарын үнемі
ауыстыру қажеттілігін түсіндіріңіз.
Алюминийді қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан маңызды екендігінің себебін түсіндіріңіз.
(a) Гальваностегия – ол гальваникалық жабындар алу. Гальваникалық жабындар алу техникада түрлі мақсаттар үшін кең түрде қолданылады. Қандай да бір бұйымдардың бетін металдармен қаптаудың электролиздік әдісі гальваникалық жабын деп аталады.
Сіз зергерлік шерберханада жұмыс жасайтыныңызды елестетіңіз. Сіздің негізгі жұмысыңыз шағын темірден жасалған шәйнекті никельмен қаптау делік.
(i) Шағын темір шәйнекті никельмен қаптау үшін шағын шәйнекті қай электродқа (анодқа әлде катодқа) жалғайсыз?
Белгілі бір уақыттан соң никель пластинкасында қандай өзгеріс байқалуы мүмкін?
Темір шегені мыспен қаптау процесінің диаграммасын салыңыз. Электрондардың қозғалу бағытын және иондардың түзілуін көрсетіңіз.
Гальванопластика процесін түсіндіріңіз, гальваностегия мен ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетіңіз.
(a) Ескі көліктерді қайта өңдеудің қажеттілігінің екі себебін жазыңыз:
Металлургия өнеркәсібінен туындайтын экологиялық проблемаларын көрсетіп және шешу жолдарын ұсыныңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |