Табиғи газ — Жер қойнауларында органикалық заттардың анаэробты бөлінуі кезінде пайда болған газдар қоспасы.
Табиғи газ — Жер қойнауларында органикалық заттардың анаэробты бөлінуі кезінде пайда болған газдар қоспасы.
Табиғи газ
пайдалы қазбалар қатарына жатады. Табиғи газ қабаттарда (жерқойнауларында) орналасқанда газ тәрізді күйде – жекелеген шоғырлар (газ кендері) түрінде немесе мұнай-газ кен орындарының беткі бөлігіндегі арнайы газды қабат ретінде немесе мұнайда, кей жағдайда суда ерітілген күйде де болады. Қалыпты жағдайда (101,325 кПа және 15 °C) табиғи газ тек газ тәрізді күйде болады. Сондай-ақ табиғи газ табиғи газ гидраттары түрінде кристалл күйінде де кездесе береді. Таза табиғи газдың иісі мен түсі болмайды.
Газдар кездесетін орнына қарай: табиғи және мұнайға ілеспе газдар
Табиғи газдар жер қыртысындағы бос кеңістіктерді толтырып, кен түрінде кездеседі.
Мұнайға ілеспе газдар жер астындағы мұнай қабатының бетін бүркеп тұрады
Табиғи газдың құрамы Мұнайға ілеспе газдың құрамы СН4 – 80-98%
С2Н6 – 0,5%
С3Н8 – 0,2-2%
С4Н10 – 0,2-1%
С5Н12, N2, CO2 – 1%
СН4 – 30-60%
С2Н6 – 7-20%
С3Н8 – 12-18%
С4Н10 – 7-12%
С5Н12,N2,CO2 – 5-6%