Жоғарғы молекулалы қосылыстарды қысқаша ЖМҚ деп стандартты атауға немесе «полимерлер» деуге болады. Полимерлену тізбегі мен полимерлердің салыстырмалы молекулалық массасы шексіз өсе бермейді. Реакциялық қоспада қатар өсіп келе жатқан екі тізбек өзара кезігіп, өсуі тоқтауы мүмкін, онда молекулалық массаның өсуі де тоқтайды. Полимердің молекулалық массасы - оның қасиеттерінің маңызды сипаттамасы болып табылады. Мысалы, молекулалық массасы 5000-100000 болатын кіші молекулалы полистирол өте сынғыш нәзік болады, сәл соққыдан ұнтақ болып шашылып кетеді.
Ал молекулалық массасы 5000-100000 болатын жоғары молекулалы полистирол жұқа мөлдір қабыршақ түзеді және «стирофлекс» деген атаумен электро, радиотехникада диэлектрик ретінде қолданылады.
Полимер тізбектерін «тігу» арқылы олардың беріктігі мен балқу температураларын жоғарылатады. Мысалы, 110-1300 С-та жұмсаратын полиэтиленнің тізбегін радиация көмегімен «тіккеннен» кейін ол 150-2000С-та ұзақ уақыт электр сымдарын оқшаулауға пайдалануға жарайтын болады.
Полимерлерді тек көміртек атомдары арасындағы қос байланыс емес, молекуладағы кез келген қос байланыс есебінен алуға болады. Мысалы, өздеріңе белгілі формальдегид, ацетальдегид сияқты заттар да альдегидтік топтағы қос байланыс есебінен полимерленеді.
21. Электро-радиотехникада диэлектрик ретінде қолданылатын қосылыс