Бекітемін:________
Класы: 11 «В» Күні: 6.02.16ж.
Бағыты: Жаратылыстану-математикалық
Сабақтың тақырыбы: Жобалық іс-әрекет. Жекеменшік сайт жасау.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар білуі тиіс: жобаға қойылатын талаптарды, бағалау критерийлерін.
Оқушылар үйренуі тиіс: жобаға техникалық тапсырма құруды.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, олардың сабаққа қатысымын тексеру.
Білімді өзектендіру
Оқушылардың білімдерін тексеру.
§23 бойынша тест сұрақтарына жауап беру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сайт жасау жұмыстарының әрбір кезеңі маңызды, белгілі білім мен машықтарды талап етеді. Бірінші кезекте өздеріңе қажетті тақырыпты анықтап алып, тарауды оқып-үйренудің барлық мерзімінде орындайтын меншікті интернет-жоба үшін техникалық тапсырма құру керек.
Мысал ретінде жаңа саябақтың техникалық тапсырмасын қарастырамыз:
Жобаның сипаттамасы. Адамдар мұнде демалыс күндері демалуға келеді.
Мақсат қою. Біз адамдардың өзіміз ұйымдастырған демалыс орнымыз туралы біліп, оның отбасылық демалыс үшін өте жақсы орын екенін түсінгендерін қалаймыз. Бұл алдымен сайттың имидждік екенін білдіреді. Біздің кеңсемізге «Сәлеметсіз бе, сіздің сайтыңызда...» деген сөздермен кіретін адамдардың саны мен демалушылардың санының динамикасы сайттың тиімділік көрсеткіші болып табылады.
Сайтқа кірушінің сипаттамасы. Сайтымызға кіпушілер – әртүрлі жастағы балалары бар отбасылар, олар – орташа табычты және әртүрлі қызығушылық иелері (жағажайдағы демалыс, белсенді ұжымдық ойындар, балық аулау).
Бәсекелестердің сипаттамасы. Біздің бәсекелестеріміз: әлеуметтік жағдайлары бірдей келушілерге арналған қызметтер тізімі бар жақын маңдағы шипажай, аквапарк.
Сайт бөлімдерінің сипаттамасы. 1) Жалпы мәлімет (салынған жылы, ауданы, бөлме және жүзу құралдары сипаттамасы, ұсынылатын іс-шаралар және т.б.). 2) фотосурет галереясы 3) асхана 4) байланыс түрлері
Болашақ сайттарыңның бірінші парағын жасамас бұрын, сайттың дизайн-макеті құрылуы керек.
Тәжірибелік жұмыс
Мәтіндік редактор Блокнотта өз сайттарың үшін макет құру.
Қорытындылау
Макеттерді бағалау
Үй тапсырмасы
Өз сайтың үшін мәтіндік материалдар таңдау, логотип құру.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, олардың сабаққа қатысымын тексеру.
ІІ Сабақтың мақсат-міндеттерін қою
Бекітемін:________
Класы: 11 «В» Күні: 23.01.16ж.
Бағыты: Жаратылыстану-математикалық
Сабақтың тақырыбы: HTML негіздері
Сабақтың мақсаты:
Web-парақ құрылымы туралы және мәтінді белгілеу қағидасы жайлы түсінік алу;
Web-құжаттар (HTML пішіміндегі) құруды үйрену және қарапайым web HTML web web Жобаны қорғау машықтарын дамыту.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, олардың сабаққа қатысымын тексеру.
ІІ Сабақтың мақсат-міндеттерін қою
Бекітемін:________
Класы: 11 «В» Күні: 16.01.16ж.
Бағыты: Жаратылыстану-математикалық
Сабақтың тақырыбы: Жобалық іс-әрекет. Желілік сервистер. Сызықты емес тұсаукесерлерді жасауға байланысты сервиспен жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
Жобаны қорғау машықтарын дамыту.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, олардың сабаққа қатысымын тексеру.
ІІ Сабақтың мақсат-міндеттерін қою
ІІІ Жоба жасау
Оқулықтың IV тарауын оқудың нәтижесінде жобамен жұмыс жасаудың 2 бағыты ұсынылады:
Сызықтық емес тұсаукесерді жасауға арналған сервиспен жұмыс істеу (prezi.com);
ҚР-ның ақпаратты қорғау саласындағы заңнамаларында негізделіп ұсынылған кейстің біреуін шешу.
Оқушылар өздерінің шамасы келетін жобаны таңдап, оны үйде орындайды. Сабақ үстінде жобаны қорғауға және талқылау үшін уақыт беріледі.
Жобаны бағалау критерийлері:
Жинақталған материалдың тақырыпқа сәйкестігі, олардың құрылымы және тақырыптың ашылуы.
Жоба материалдары (суреттемелердің, мәтіндерінің және т.б. сапасы, оларды дайындау кезіндегі өз бетінше дайындау деңгейі) және олардың ақпараттылығы.
Дизайн, қолдану жеңілдігі (әсерлердің тұсаукесер көрсетіліміне мағынасы бойынша сәйкестігі).
Жоба тұсауксері (жұмыстың деңгейлерінің сипаттамасы, таңдау мотивациясы, техникалық құрылғылардың сипаттамасы, жұмыс жасау барысында кездескен қиындықты қалай шешкеніне талдау жасау). Сонымен қатар шешендік шеберлігі бағаланады, топпен жұмыс жасағанда жинақылығы, қосымша безендірулердің бар болуы және т.б.
IV Жобаны қорғау
V Қорытындылау
VI Үй тапсырмасы
§ 19-21 оқу, бақылау сұрақтары мен тапсырмаларға жауап беру.
Бекітемін:________ Класы: 11 «Б» Күні: 24.12.15ж. Бағыты: Жаратылыстану-математикалық
Сабақтың тақырыбы: Алмастыру хаттамалары, tcp/ip деректерін жіберу хаттамасы.
Сабақтың мақсаты:
Хаттамалар мен байланыс арналарының түрлерімен танысу.
Оқушылар білуі тиіс: байланыс арналарының түсінігінің болуы және олардың сипаттамасын; байланыс арналарының кедергі орнықтылық мүмкіндіктерін анықтай алуды; байланыс арналарын кодтау тәсілін, коммуникация тәсілі, ақпарат жіберу тәсілі бойынша жіктелуі, желілік хаттамалардың прокси-серверінің түсінігін; HTTP, FTP, POP, SMTP, TCP/IP хаттамаларының қызметтерін; хост IP-адресінің түсінігін.
Оқушылар үйренуі тиіс: байланыс арналарын ажырата алуды, сипаттамасына байланысты байланыс арналарына мысал келтіруді, ең танымал желілік хаттамалардың әрекетін айқындауды, желідегі компютердің IP-адресін анықтай білуді.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, олардың сабаққа қатысымын тексеру.
ІІ Сабақтың мақсат-міндеттерін қою
ІІІ Білімді өзектендіру
«Компьютерлік желілер және Интернет» тақырыбына байланысты сұрақтарға жауап беру. Мысалы браузерге қатысты болуы мүмкін:
Үй парақшасы (домашняя страница) дегеніміз не және оны қалай баптаймыз?
Өздерің кіріп отырған парақшаға қалай сілтеме жасаймыз?
Интернет-парақшаны қалай сақтаймыз?
Өткен аптада Интернеттің қай жерінде болғаныңызды қалай көруге болады?
Өзің қазір ғана жауып тастаған парақшаға қалай өте аламыз?
Суреттің өшіріліп, қосылуы қалай көрсетіледі?
Парақшадағы қаріптің өлшемін қалай өзгерте аламыз?
Пошталық жәшікті қалай тіркейміз?
Кірістіруі бар хатты қалай жіберуге немесе жүктеп алуға болады?
Желіде отырып компютерге қалай вирусты зақымдауға болады?
IV Жаңа материалды үйрену
Оқулықтағы материал бойынша түсіндіру
V Тәжірибелік жұмыс
Деңгейлік тапсырмаларды орындау
VI Қорытындылау
VII Үй тапсырмасы
§17-ні оқу, бақылау сұрақтары мен тапсырмаларға жауап беру.
Бекітемін:__________
Класы: 11 «Б», 11 «В» Күні: 10,12 желтоқсан, 2015ж.
Бағыты: Жаратылыстану-математикалық
Сабақтың тақырыбы: Жобалық іс-әрекет.
Сабақтың мақсаты:
Жобаны қорғау кезінде сенімділік пен ептілікті қалыптастыру.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, олардың сабаққа қатысымын тексеру.
ІІ Сабақтың мақсат-міндеттерін қою
ІІІ Жобаның құрылуы
«Жоба құру» бөлімінен жоба таңдау. Жобаны орындау және қорғауға әзірлеу. Жоба дайындау үшін жұптық және топтық жұмыстарды пайдалануға болады.
Жұмыстың орындалуы мәліметтер қоры кестесіндегі мәліметтердің басқа программаларға экспортталуы, сұраныстар мен макростарда есептеуіш көрсеткіштердің құрылуына негізделген.
Сонымен қатар В және С деңгейінде бірігуге арналған жеке тапсырмалар бар.
В деңгейі – Мәліметтер қоры кестесінен мәліметтерді ала отырып, мәтіндік процессорде емделушілерге тарататын конверт құрыңдар.
С деңгейі – Мәліметтер қоры кестесінен мәліметтерді ала отырып, мәтіндік процессорде бейдж құрыңдар.
Қорытындылау
Сұрақтар:
Топтастыру функцисы қандай қызмет атқарады.
Сұраныста есептеуіш көрсеткіштер қалай құрылады? Мысал келтіріңдер. Есептеуіш көрсеткіштің аты қалай беріледі?
Мәтінді мәліметтер қоры кестесіне импорттау үшін ол қандай пішімде болу қажет?
Бірігу дегеніміз не?
Қай программада конверт, бейдждарды алу үшін бірігу жүргізіледі?
Мәліметтер қорында макростар қалай қолданылады?
Формада басқару элементіне макростың орындалуын қалай беруге болады?
Тапсырмаларды тексеру. Жасаған жұмыстарына баға беру.
Үй тапсырмасы.
Тақырыпты оқу, бақылау сұрақтарына жауап беру.
Класы: 11 «Б», 11 «В» Күні: 19,21 қараша, 2015ж.
Бағыты: Жаратылыстану-математикалық
Сабақтың тақырыбы: Көпкестелі мәліметтер қорында кестелерді байланыстыру.
Сабақтың мақсаты:
Бірегей және кілттік көрсеткішке түсінік беру. Кестелерді мәліметтер сұлбасы арқылы байланыстыруға үйрету.
Оқушылар білуі тиіс: кілттік көрсеткіш деген не және олардың айырмашылығы, байланысқан кестелердің ұғымы, байланысу түрі, кестелердің мәліметтер сұлбасы арқылы байланысу технологиясы, кесте байланысының нәтижесі.
Оқушылар үйренуі тиіс: кілттік көрсеткішті тағайындау, кестеде кіллтік көрсеткішті анықтау, мәліметтер сұлбасы терезесін шақыру, кестені байланыстыру, байланыстарды алыстату және өзгерту, параметрлер байланысын орнату, байланыстың нәтижесін қарау.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасып, олардың сабаққа қатысымын тексеру.
ІІ Сабақтың мақсат-міндеттерін қою
ІІІ Білімді тексеру
§9 тест тапсырмалары бойынша білімді тексеру
Кілт
IV Білімді өзектендіру
Access МҚБЖ-ның нысандарына жатпайтындар: макрос, сұлба, сұраныс, форма немесе қорытынды есеп. Сұрақтың жауабы: «сұлба».
V Жаңа тақырып
Бірегей көрсеткіш- мәндері қайталанбайтын көрсеткіш.
Түйінді көрсеткіш – бұл жазбаны бірмәнді анықтайтын көрсеткіш.
Көбінесе кестелерде түйінді көрсеткіш Санауыш типіндегі көрсеткіш қолданады.
Байланыстың үш түрі бар: Бірнешеге біреу, Бірге біреу, Бірнешеге көп.
Іс жүзінде мәліметтер қорында Бірнешеге біреу түріндегі кестелер байланысын қолданады.
MS Access-те кестелерді байланыстыру «Мәліметтер сұлбасы» деп аталатын арнайы терезе арқылы іске асырылады және мәліметтер қорымен жұмыс – Мәліметтер сұлбасы бұйрық жолағымен шақырылады.
Байланыс үшін тінтуірдің сол жақ батырмасымен көрсеткіштің бір кестеден басқа кестедегі сәйкес көрсеткішіне апарса, жеткілікті. Байланыс біріктіруші сызықпен көрсетіледі.
Сақталған мәліметтер сұлбасы мәліметтер қорымен жұмыс істеудің кез-келген сәтінде шақырылуы және өзгертілуі мүмкін.
VI Тәжірибелік жұмыс
«Байланысқан кестелер» тақырыбы қабылдауға қиын, сондықтан тәжірибелік жұмысты оқушылармен бірге орындаймын.
VII Қорытындылау
VIII Үй тапсырмасы
§10-ды оқу, бақылау сұрақтарына жауап беру, (§6) сұраныс ұғымын қайталау
І. Ұйымдастыру сәті:
А) Оқушылармен амандасу, түгендеу
Б) Сабаққа әзірліктерін бақылау
В) Сабақтың мақсатын таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Класы: 11 «А» Күні: 12.11.2014
Бағыты: Қоғамдық-гуманитарлық
Сабақтың тақырыбы: Дайын кітапханалардағы графикалық объектілерді өңдеу.
Сабақтың мақсаты: құжатқа растрлық бейнелеу енгізу дағдысын қалыптастыруға ықпал ету. Сызбалар құруды және векторлық графикалық бейнелеулермен жұмыс істеуге үйрету.
А) білімділік – оқушылар MS Word мәтіндік процессорына граффкалық редактордан сурет, Word Art нысанын, файлдан сурет қосуды, сызба құруды үйрету.
Б) дамытушылық – жеке тұлғаны дамыту, оқу материалының ең бастысын, мазмұнын ажырату, техника жетістіктерін пайдалана білуге үйрету.
В) тәрбиелік – оқушыларды компьютермен тиімді, ұқыпты, сауатты түрде жұмыс жасауға үйрету.
Сабақтың түрі: лекция, практикалық.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілі: түсіндірмелі, көрсете түсіндіру
Көрнекілігі: дербес компьютер, кеспе қағаздар.
Пәнаралық байланыс: сызу, қазақ тілі
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру сәті:
А) Оқушылармен амандасу, түгендеу
Б) Сабаққа әзірліктерін бақылау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Компьютерлік графика деген не?
Қолдану бағытына қарай неше топқа бөлінеді?
Құрылу әдістеріне қарай неше топқа бөлінеді?
Пиксель деген не?
Растрлық графика дегеніміз...
Вектрлық кескін – бұл ...
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Мәтіндік құжатқа растрлық бейнелерді қою
Мұғалімалдымен жинақтан суретті қосудың тәсілін, содан кейін файлдан сурет қосуды көрсетеді.
WortArt нысанын қою
Оқушылар өз бетімен берілген нысанды қосу мүмкіндіктерін оқып-үйренеді.
Векторлық графикалық бейнелеу
Оқушыларға жолақтың Суретпен жұмыс істеу пішімі тіреме парағының бұйрығын бөледі. Әр оқушы тапсырма алады: берілген бағанның қолдану аясы мен мүмкіндіктерін барынша зерттеу.
Тапсырмалар батырмасы:
Сызықтар салу;
Сызық қалыңдығы,
Сызық типі;
Бағыттарын салу;
Тікбұрышты салу;
Сопақша салу;
Автофигуралар;
Жазу;
Сызықтар түсі, бояу;
Мәтін түсі;
Көлемі мен көлеңкесін салу.
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
Оқушыларға тапсырмалар жазылған парақшалар таратылады. Сол бойынша жаңа сабақта алған білімдерін пысықтаймыз.
№1 тапсырма.
Өзіңе ұнаған суретті таңда. Суретке байланысты әңгіме құрастыр. 2-3
сөйлемнен тұратын мәтін жаз және тақырып қой,мәтінді қызыл түске боя.
№2 тапсырма. Вставка-Фигуры командаларын орындап, осы фигураны таңда, көріп отырғаныңдай көлеңкелермен орналастыр.
№3 тапсырма. Құттықтау парақшасын өзің қалағандай безендір. Мәтін енгіз.
Айдана!
Туылған күніңмен!
V. Үйге тапсырма
Өз қалауларыңша графикалық объектілері бар құжаттар әзірлеңдер, оны электрондық нұсқада дайындап, мұғалімге көрсету.
VI. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
№1 тапсырма.
Өзіңе ұнаған суретті таңда.
Суретке байланысты 2-3 сөйлемнен тұратын мәтін жаз және
тақырып қой, мәтінді қызыл түске боя.
№2 тапсырма.
Вставка-Фигуры командаларын орындап, осы фигураны таңда, көріп отырғаныңдай
көлеңкелермен орналастыр.
№3 тапсырма.
Құттықтау парақшасын өзің қалағандай безендір. Мәтін енгіз.
Расул-Хамза!
2 жасың құтты болсын!
№4 тапсырма.
WordArt-ты пайдаланып ХАБАРЛАНДЫРУ сөзін жаз.
Достарыңызбен бөлісу: |