Химия тест сұрақтары



Дата21.01.2022
өлшемі91,5 Kb.
#112604
Байланысты:
Химия
Хаттама модерация, « аза дебиеті» п нінен алыптастырушы ба алау 8-сынып дістеме, 6- апта.Полихеттер класы ОСӨЖ

Химия тест сұрақтары
1.Қатты күйден газ күйге өту процесі

А. Булану В. Конденсация С. Диффузия

Д.Сублимация Е.Десублимация

2.1829 жылы ашылған элементтердің периодтық кестесі

А. Октова В. Триада С. Л. Мейер кестесі

Д. Д.И.Менделеев кестесі Е. Д. Ньюлендс кестесі

3.Анилиннің формуласы

А. C6H5NH2 B. C6H5NO2 C. C2H5NH2 Д. (CH3)3NO2 E. CH3NH2

4.Валенттілігі топ нөмірінен төмен болатын элемент

А. Ca В. Al С. Li Д. Na Е. F

5. Аммиактың өршіткі қатысында жануынан түзілетін қосылыс

А. N205 В. N2 С. N2O3 Д. NH4OH Е. NO

6.Ерітіндіде күлгін түс беретін қалдық

А. NO3- В. Cr2O7- С. SO42- Д. MnO4- Е. Cl-

7. Этиламиннің жану реакциясы теңдеуіндегі барлық коэффициенттер қосындысы

А.39 В. 38 С.31 Д.43 Е.36

8.Егер кермек судың 1 литрінде 108 г кальций гидрокарбонаты болса, көлемі 3 л кермек суды жұмсарту үшін қажет әк сүтінің массасы

А. 316 г В. 148 г С. 182 г Д. 260 г Е. 240 г

9.Акрил қышқылына сапалық реакция

А. Рb(СН3СОО)2 ерітіндісі В. бром суы

С. Сu(ОН)2 ерітіндісі Д. [Ag(NH3)2]OH ерітіндісі

Е. NaOH ерітіндісі



10. Реакцияның энтальпиясын есептеңіз: Fe3O4 + CO = 3FeO + CO2. Ол үшін келесі реакция теңдеуін қолданамыз.

1)Fe3O4+4CO =3Fe +CO2 ∆H= - 14.83кДж/моль



2)FeO +CO = Fe +CO2 ∆H= - 18.14кДж/моль
А. 67,51 кДж/моль В. 41,22 кДж/моль

С. 18,67 кДж/моль Д. 47,84 кДж/моль Е. 39,59 кДж/моль

11. Na2O2 + CO2 = Na2CO3 + O2 теңдеудің коэффиценттерінің қосындысы, реакция типі

А. алмасу; 5 В. Орынбасу; 7 С. Тотығу; 6

Д. Диспропорциялану; 7 Е. Молекулаішлік; 5

12. Массасы 20 г 40%-дық олеумді 40 г 20% -дық күкірт қышқылына еріткенде алынған ерітіндідегі күкірт қышқылының массалық үлесі

А. 47,5 В. 47,4 С. 47,8 Д. 47.9 Е. 47,2


13. Электр лампасындағы металдар

А.Pb, Zn, Sn, Hg, Fe, Cu B. Pb,Zn, Ti,W, Fe, Cu

C. Pb, Mg, Sn, W, Fe, Cu Д. Pb, Zn, Sn, W, Fe, Cu

Е.Ti, Zn, Sn, W, Fe, Cu

14. Қанда темірдің жетіспеуі қаназдық ауруына шалдықтырады. Үлкен адамның денесінде 5 г темір болады, оның 65% қанның гемоглобинінде, болса гемоглобиндегі темірдің массасы (г)


А. 4,15 В. 3,25 С. 2,05 Д. 7,03 Е. 5,52

15. Көлемі 15 мл азот қышқылының ерітіндісін титрлеу үшін 20 мл 0,15 М натрий гидроксиді жұмсалды. HNO3 ерітнідісінің концентрациясы

А. 0,15 М В. 0,20 М С. 0,25 М Д. 0,30 М Е. 0,35 М

16. Басқа заттармен әрекеттескенде тек тотықтырғыш қасиет көрсетеді

А. Хром (ІІІ) оксиді В. Марганец(ІІ) оксиді

С. Хром (ІІ) оксиді Д. Алюминий оксиді

Е.Хром (VІ) оксиді

17. Күкірт диоксидінің тотығуы қайтымды реакция:

2SO2 + O2 =2SO3 + Q

Тепе-теңдікті оңға қарай ығыстыратын жағдай:
А. SO2 концентрациясының кемуі

В. Реакция өнімінің концентрациясының артуы

С. Қысымның артуы Д. Температураның артуы

Е. Қысымның кемуі

18. Күміс нитратының ерітіндісіне артық мөлшерде натрий фосфатының ерітіндісін құйғанда 5,98 г тұнба түзілді. Күміс нитратының ерітіндісіндегі күміс ионының саны

А. 2,5 1021 В. 2,5 IO22 С. 2,5 1020 Д. 2,5 1023 Е. 2,5 1024

19. Металдың кристалдық торы

А. октаэдр пішінді В. шар тәрізді С. призма пішінді

Д. кубтық көлемді орталықтанған Е. тетраэдр пішінді
20. 15%-тік хлорсутектін ерітіндісін дайындау үшін 300 мл 20%-тік (р=1,1 г/мл) хлорсутектің ерітіндісіне қосу қажет судың көлемі

А. 110 мл В. 200 мл С. 220 мл Д. 180 мл Е. 160 мл

21. Массасы 3 г болатын сілтілік жер металы йодпен әрекеттесіп, 34,75г металл йодидін түзеді. Сілтілік жер металы

А.Магний В. Стронций С.Барий

Д.Берелий Е.калий

22. Көміртектің концентірлі азот қышқылымен әрекеттесу реакциясында түзілген газдардың (судан басқа) жалпы көлемі 56 л (қ.ж) болса, жұмсалған көміртектің массасы (г)

А.4 г В. 6 г С. 3 г Д. 2 г Е. 8 г

23. Майдың құрамын анықтаған ғалымдар

А.М.В.Ломоносов В. Д.И.Менделеев С. А.Лавуазье

Д. Д.Ньюлендс Е. П.Бертло; Э.Шеврель

24. 14г мырыш пен мыс қоспасына сілтімен әсер еткенде 2,24л газ (қ.ж) түзілген болса,қоспадағы мыстың массасы (г)

А.4,5 г В. 6,5 г С. 7,5 г Д. 2,5 г Е. 8 г

25. 224 г ыстық калий гидроксидімен әрекеттесетін хлордың (қ.ж) көлемі

А.44,8 г В. 67,7 г С. 73,5 г Д. 24,5 г Е. 8,9 г




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет