Химиядан 11-класта дисперсті ж‰йені оќыту барысында оќушы бойында ізденімпаздыќты ќалыптастыру


«Биогенді элементтерді (IV-VI топ)» оқытудағы өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру барысында оқушыларға жағдай жасау



бет13/21
Дата12.09.2022
өлшемі0,52 Mb.
#149264
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
Байланысты:
ДЖ Жүніс Ербол

2.2 «Биогенді элементтерді (IV-VI топ)» оқытудағы өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру барысында оқушыларға жағдай жасау

Қазіргі жаңа мектептің моделін құрудың біртұтас жолын іске асыруға бағдарланған жалпы орта білім беруді жаңарту мен жаңғырту стартегиясы ең басты нәтиже ретінде оқушының өзіндік дамуы мен өзін-өзі басқару қабілетін дамытуды, таным әрекетінде өзара ықпалдастыққа дайындығын көрсетеді. Білім берудің жаңа сапаға жетудегі басты мақсаты әлеуметтік белсенді шығармашыл тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Мектеп бітірушінің бойында қалыптасатын сапаларға өмірдің жаңа жағдайларына икемделе білуі, игерілген білім мазмұнын, оқу-танымдық әрекеттегі тәжірибесін пайдалана білуі және өз бетімен танымдық-практиалық шешім қабылдау, құндылық бағдарлы және коммуникативтік міндеттерді шеше білуі кіреді. «Биогенді элементтерді (IV-VI топ)» оқытудағы өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру барысында оқушыларға жағдай жасау ,яғни оқушының өзіндік әрекетін ұйымдастыру оқу процесінде қазіргі педагогикадағы өзекті мәселелердің бірі. Оқушының өзіндік әрекетін жобалау және жүзеге асыру формалары мен тәсілдері тұрақтала бастаған кезде жалпы білім беретін әр кезеңіндегі оқыту жаңа педагогикалық шешімдер мен түзетулерді, жан-жақты ойлануды талап етеді. Бұл алдымен, оқушылардың өзінің іс-әрекетін ұйымдастыру мен өзіндік білім алу дағдыларын қалыптастыратын ақпараттық және телекоммуникациялық таным процесіне тарту жағдайында өзіндік әрекетінің аясын кеңейтеді.


Оқушының оқу әрекетіндегі өзін-өзі басқару мен басқаруды ұйымдастыру, оқыту процесін моделдеудің психологиялық-педагогикалық және дидактикалық мәселелері бойынша бірқатар ғалымдардың еңбектерінде (Ю.К.Бабанский, А.А.Вербицкий, Ю.Н.Кулюткин, М.И.Махмутов, В.В.Сериков, Г.С.Сухобская, Т.И.Шамова, И.С.Якиманскай т.б. ) жан-жақты талқыланып келеді. Оқушының білім алу процесіндегі өзіндік пікірі мен ой-жүйесінің негізі бастауыш сатыда
39
қаланатыны белгілі. Сондықтан бастауыш сыныптарда оқитын балалардың жас ерекшеліктерінің және оның мектепке дейінгі жүйемен сабақтастығының ескерілуіне баса назар аударылады.
Жаңа 12 жылдық білім беру жүйесіндегі білім нәтижесі ретіндегі негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру мәселесі осы оқушының өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың ұтымды жолдарын іздестіруді меңзейді. Ол оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне қарай педагогикалық-психологиялық негіздеуді қажет етеді.Сондықтан оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолдарын іздестіру мәселесі білім беру жүйесінің барлық кезеңдерін қамтиды. Еліміздің білім беру жүйесіндегі білім мазмұнын жаңғырту процесі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға түбірлі өзгерістер әкелуде. Солардың ішінде оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруына жағдай жасау мектептің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Жалпы оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Дегенмен, оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға үйрету тәсілдері бүгінгі күнге дейін өзектілігімен ерекшеленеді.
Баланың өсу кезеңдеріне сай дамуындағы өзгерістер оның өзіндік іс-әрекетіне тікелей байланысты. Бала қоршаған ортаның ықпалымен өзінің іс-қимылын өзгертіп отырады. Айналасындағы үлкендердің, құрбыларының іс-әрекетіне қарап, қызығушылығын да танытып жатады. Сондай-ақ өзінің қарым-қатынасына назар аударуды олардан талап етеді.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Жалпы орта білім берудің жалпыұлттық деңгейдегі басты мақсаты – Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласуға дайын, құрзыретті тұлғаны қалыптастырауға ықпал ету. Білім берудің әлемдік озық тәжірибелерге сүйеніп әзірленген оқытуда мектеп түлегінен күтілетін нәтиже негізгі құрыреттіліктердің қалыптасуымен айқындалады. Құзыреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Бұл оқушының оқу-танымдық әрекетіндегі өзіндік қызметін анықтауына, өзінің бағдары мен өз іс-әрекетіне баға беруіне, іс-әрекет нәтижесін өзгемен салыстыруға мүмкіндік туғызады. Әрине, оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру, оған басшылық жасау – мұғалім үшін жауапты да, күрделі жұмыс. Оқушының өзіндік әрекетке белсенділігін арттыруға баулу әрбір мұғалімнің алғашқы міндеттерінің біріне айналуы тиіс.
Оқушылардың өзіндік әрекет дағдыларын қалыптастыруда бір-бірімен тығыз байланысты екі міндетті шешу қажет. Бірі – оқушылардың танымдық
көзқарасын қалыптастыра отырып, дамыту, екіншісі - өзінің практикалық іс-әрекетін бағалауға, өзіндік қорытынды шығаруға, шешім қабылдауға баулу. Өзіндік жұмыс терең де берік білім алу құралы бола отырып, оқушының азамат ретінде өмірден өз орнын табуға кепіл бола алад [6,16].
Әрине, оқу-тәрбие процесінде оқушы өзінің іс-әрекетін өз бетімен
40
ұйымдастырып алып кете алмайтыны түсінікті. Оған әр оқушы жеке тұлға
4ретінде дамыту арқылы, жеке ерекшеліктерін ескере отырып, қабілеті мен мүкіндіктерін ашу арқылы қол жеткізуге болады. Оқушының өзіндік білімін кеңейтуге деген алғашқы қадамы өз іс-әрекетіне басшылық жасай білуінен байқалады. Ол мектепке дейінгі жастағы баланың ойын әрекетінен айқын байқалады. Сондықтан, баланың өзі атқарып отырған әрекеті жөнінде ақпарат алу, яғни әңгімеге тарту оның ақыл-ойының одан әрі дамуына кепіл бола алады. Оған мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, оқушы ретінде өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыруға жағдай жасау арқылы қол жеткізуге болады. Ол мектепке дейінгі қаланған дағдылар негізінде, сондай-ақ бастауыш білім беру сатысымен тікелей сабақтастықта жүзеге асырылады. Ал мектепке дейіні даярлық жүйесімен сабақтастық – баланың оқу әрекетіне еркін енуінің бірден бір кепілі. Баланы мектепке даярлау мектепке дейінгі ересектер тобында белгілі бір деңгейде қалыптасып келеді де, мектептегі жүйелі оқу әрекетіне араласқанда өзінің дамуын жалғастырады. Бұл жағдай баланың мектеп оқушысы болып қалыптасуына, ойын әрекетінің оқу әрекетіне ұласуына негіз болады.
Мектепке келгеннен кейін оқушының ойын түріндегі өзіндік іс-әрекетін дамыта отырып, оқу әрекетіне ұштастыру оқытушы тарапынан жоғары біліктілікті талап етеді. Мұғалім оқушының өз бетімен жұмыс істей білу қабілетін ашудың педагогикалық-психологиялық, ғылыми-әдістемелік негіздерінен хабардар болуы тиіс. Мұнда мектептің басқару жүйесі мен ұйымдастыру тәжірибесі, сондай-ақ материладық-техникалық әлеуеті де зор рөл атқарады. Өз бетімен ойнап отырған бала өз бетінше ойлай да алады. Ендеше, оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруды бастауыш сатыда-ақ қолға алуға болады. Оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық, әдістемелік негіздеріm білім беру жүйесінің барлық кезеңдерінде қарастырылады.
Мақсатқа қоюға үйретудің өзі қарапайым әрекеттер жиынтығынан бастау алады. Мақсатқа жету процесінің өзі терең ойлануды, әрекеттерді сабақтастыра, салдыстыра білуді талап етеді. Мұның бәрі оқушының жеке қабілеттерінің дамуымен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Сондай-ақ мұғалімнің жүйелі ұйымдастыруымен, нәтижеге бағыттауымен, тиімді жоспарлауымен, бірізділікпен орындалатын іс.
Қорыта айтқанда, бүгінгі күнге дейінгі тәжірибеде қолданып келе жатқан оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру және жүзеге асыру процесі бүгінгі күннің талабын толық қанағаттандыра алмай отыр. Оның басты себебі оқу-тәрбие процесінде оқушының өзіндік әрекетін ұйымдастыра білуге баулу Қазақстанның білім беру заңдары мен білім стандарттарында да әрбір азаматтың сапалы білім алып, өзінің алдына қойған мақсатына жету үшін, өз бетімен жұмыс жасаудың маңызы зор екені атап көрсетілген [1, 2].
Ғылымның барлық саласында білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі әлемдік жаһандану кезіндегі осы мақсат, өздігінен оқу іс-әрекетін тиімді ұйымдастыруға да тікелей байланысты. Осыдан келіп,
41
оқушылардың өздігінен оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың оңтайлы әдістері мен тәсілдерін, оқыту түрлерін, нысандарын іздестіру өзекті сипатқа ие болады. Сондықтан, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарының педагогикалық жүйесін оқу іс-әрекетінде арнайы ұйымдастыру – оқу процесін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады. Пожалуйста, не забудьте правильно оформить цитату: Абдраманова, Г. Б. Оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту формасының тиімді әдісі ретінде / Г. Б. Абдраманова, А. И. Примбетова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 8.2 (88.2). — С. 12-13. — URL: https://moluch.ru/archive/88/17457/ (дата обращения: 20.06.2020).ісін жаңа, тың иедяларға негізделген озат технологияларды қажет етуінде. Жаңа заман жаңа адамын талап ететін болса, ол адамның өмір сүру тәсілі өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыра білуінен бастау алады. Ол жас кезеңдеріне сәйкес өзгеріп, қалыптасып, жаңарып отырады. Сондықтан баланы өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыра білуге баулу өз бетімен өмір сүруге даярлаудың алғышарты болып табылады. Бүгінгі күні жалпы орта білім беретін мектеп тәжірибесіне ене бастаған зерттеушілік оқыту технологиясы оқушының өзіндік әрекетін ұйымдастыруына негіз болатын, өзіндік ізденіс қабілетін ашатын бірден-бір әдістемелік жол болып табылады. Оқушының танымдық қызғушылығын арттыра отырып, өзінің әрекетін жоспарлауға, нәтижесіне жету жолдарын бағдарлауға мүмкіндік туғыза отырып, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына жағдай жасайды[6].

42



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет