Химиядан 11-класта дисперсті ж‰йені оќыту барысында оќушы бойында ізденімпаздыќты ќалыптастыру


Элективті курстардың - өзіндік жұмыстарды арттырудағы ролі



бет11/21
Дата12.09.2022
өлшемі0,52 Mb.
#149264
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
ДЖ Жүніс Ербол

1.5 Элективті курстардың - өзіндік жұмыстарды арттырудағы ролі

Химиядан өткізілетін элективті курстар оқу - тәрбиелік пәні. Оқушыларды білім, іскерлік және дағдылар жүйесімен қаруландыруда жеке пәндер бойынша жүргізілетін элективті курстардың мәні өте зор. Жеке пәндерден жүргізілетін элективті курстардың жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларына арнайы қабілеттіліктерді қалыптастырудағы маңызын ерекше атап кеткен жөн. Қабілеттік проблемасы - теориялық және іс-жүзіндегі маңызы зор, ең көкейкесті психологиялық және педогогикалық проблемалардың бірі. Қабілеттіліктер адамның іс-әрекеті барысында дамып, білінеді.


Оқушылардың жеке оқу пәндері бойынша қабілеттіліктердің дамуы оқу материалын игеру барысында сол пәндерге деген ынтасы мен бейімділіктерінің қалыптасуымен тығыз байланыста жүреді. Бұл үшін қазіргі мектептерде оқу бағдарламаларына элективті курстар, еңбек практикуымдарының енгізілуі мен оқу пәндерін тыңғылықты оқытатын сыныптардың құрылуы негізінде зор мүмкіндіктер болып отыр.
Егер оқушылардың сабаққа ынтасы мен бейімділіктерін жүйелі түрде дамытып, олардың білімді, іскерлікті және дағдыны пайдалануына жағдай туғызылса, әр оқушылардың олардың әрқайсысының өзіндік психологиялық ерекшеліктеріне сай жұмыс жүргіссе, онда жалпы қабілеттілікті де, арнайы қабілеттілікті де жоғары деңгейде дамытуға болады. Бұл жағдайда пәннің мазмұны мен оны оқытуды жолға қоюдың шешуші маңызы бар. Осы салада элективті курстар да елеулі үлес қоса алады[55-58].
Элективті курстар - оқушылардың өздері таңдап алған ғылым саласында білімдерін арттырудың бірден-бір жолы. Қазіргі мектептерде жүргізіліп келе жатқан факультатив сабақтар бұрынғы КПСС Орталық Комитеті мен КСРО Министерлер Кеңесінің 1967- 1968 оқу жылынан бастап жүргізіліп келеді. Қазақ орта мектептері факультатив сабақтарын 1972-1973 оқу жылынан бастап жүргізуде, факультативтерге қатысатын оқушы мектепті бітіріп, аттестат алғаннан кейін өзі тандаған ғылым саласында кем дегенде 350 сағат көлемде терендетілген білім алады. Элективті курстарды әдетте күндізгі сабақтардың соңында немесе кешкі уақытга өткізіледі. элективті курстардың мазмұны алуан түрлі, оқыту материалдары да саналуан; дәріс, рефераттарды талқылау, сарамандық жұмыс, кинофильмдер көру, танымжорыққа бару қарастырады. Элективті курстар жалпы оқушылардың білімін көтеру мақсатын көздеумен бірге, әрбір оқушының ерекшелігін, өзінің талғамына, бейім қабілетіне қарай белгілі пән курсын таңдап алуына шек қоймайды. Элективті курстарды оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыруға көп септігін тигізеді. Бұл сабақтардың үлкен тәрбиелік мәні осында. Қазіргі ғылыми-техниканың алға басып, даму қарқының еске алсақ, элективті курстарын өмір талабына сай жоспарлы өткізудің маңызы одан сайын арта түспек. Элективті курстар 3 топқа бөлінеді;
29
1.Жоғары деңгейдегі элективті курстар негізгі және міндетті курстардың мазмұнын терендету бағытында жүргізіледі.
2.Қолданбалы элективті курстар (Химия ауыл шаруашылығында, Химия өндірісте, Химиялық талдау негіздері)
3.Арнаулы курстар элективті курсы. Ол химия ғылымының негіздеріне сәйкес кейбір бағыттарды (бөлімдерді) тереңдетіп қарастыру мақсатын көздейді. Арнайы курстар мен элективті курстар республикамыздың белгілі аудандарының жағдайына сәйкестендірілуі керек.


Кесте 2 . Химия элективті курсының сызба-нұсқасы



Р/с

Элективті курстарды аттары.

Сыныптар

1

Жоғары деңгей элективті курс




1
2
3

8-сынып химиясының элективті курсы
9-сынып химиясының элективті курсы
10-11-сынып элективті курсы

8
9
10-11

2

Қолданбалы элективті курсы




1

Ауылшаруашылық химиясы.

9-11

2
3

Химия негіздерінің талдауы.
Өндірістегі химия.

9-10
10-11



Химия ғылымы мен химия өнеркәсібінің мәні - осы саладағы жұмыстардың жемісті болуы сынақ тәжірибе жасай білуді, бақылаған құбылыстарды ой жүгірте талдай білуді оқытудың алғашқы қадамынан бастап-ақ қажеттігін талап етеді. Химикке тән осы сияқты және бұдан да басқа да, мысалға, тәртіптілік, зейіндік, жұмысқа ептілігі, жинақылық тәрізді қасиеттер тек оқушылар сынақ-тәжірибе жасауды сынақ-тәжірибелік теория негізінде оқып үйренумен ұштастырған жағдайда ғана ойдағыдай қалыптаса алады. Осының нәтижесінде әрбір оқушыда ақыл-ой және сарамандық іс-әрекеттің дараланған сипаты қалыптасады, бірте-бірте ақыл мен естің химиктің қызметіне тән арнаулы қасиеттер дамиды, әдеттегі ғана емес, сонымен бірге теориялық және сарамандық мазмұндағы жаңа мәселелерді шеше білу шеберлігі пайда болады. Элективті курстарды оқып, зерттеуді ұйымдастырудың формаларын, мазмұнын және әдістемесін анықтауда пайдаланылған кейбір негізгі қағидалар осылар. Химияның қолданылуы салаларының өте көп түрлігіне қарамастан, ең алдымен факультативтік пәндердің санын шектеудің тиімділігі жайлы қорытынды осыдан келіп туады. Оқыту ісінде теория мен сарамандық жұмыс өзара байланыста болуы тиіс. Жалпы білім беретін пәндерге тығыз байланысты іс жүзінде қолданылатын пәндер химиялық өндірістің жалпы проблемаларын түсінуге жәрдем етуі керек. Оқушылардың өнімді еңбекке тартқан олардың оқыған кездегі даярлығын негізінде алған жөн. Оқушыларға химияға

30
байланысты кез келген сарамандық саласындағы қызметке қажетті білім


және дағдыларымен қаруландыра алатын химиядан жүргізілетін факультативтік курстер жүргізіледі. Бейорганикалық және органикалық химия бойынша тараулар, химиялық талдау негіздері, химиялық технология негіздері, агрохимия, т.б. жатады. Химияның кейбір жарты теориялық мәселелері егжей-тегжейлі оқытылады да, олар химиялық реакциялар жүрісін оқушылардың жақсы түсінуіне септігін тигізеді. Химияның жалпы курсын өткенде әдетте оқушылардың меңгеруіне қиын кейбір негізгі химиялық ұғымдарды жеке танып білуіне химиялық талдау негіздері пәні жәрдемдеседі[59].
Егеменді еліміздің халық шаруашылығының барлық саласында химияландыру іске асырылуда. Көптеген қуатты зауыттар қайта жабдықталып жатыр. Өндірістің түрлі салаларында химиялық әдістар барған сайын кеңінен қолданылуда: ауыл шаруашылығын химияландыру жүзеге асырылуда. Бұл үрдістер жеке дамып бара жатқан химия ғылымына сүйенеді де, өз тарапынан теориялық химияның, сонымен қатар бірсыпыра техникалық ғылымдардың, химиялық технологиялардың және т.б. даму қарқынын тездетуге себепші болады. Өнеркәсіпте барған сайын күрделі химиялық үрдістер іске асырылуда, қысқа мерзімде өндірістің жаңа салалары жасалып, бұрыннан келе жатқандары түбегейлі өзгеруде. Оқушылардың химияға деген құштарлығы химиямен жеке танысуға талпыну кезінде айқындалады. Оқушы элективті курстарда оқу бағдарламасымен шектеліп қоймайды, ол химияға арналған ғылыми көпшілік әдебиеттерді, журналдарды оқиды, сабақтан тыс уақытта химия кабинетінде, зертханасында сынақ тәжірибемен айналысады.
Оқушылардың химиядан жоғары үлгерімі – пәнге көбірек қызығудың басты көрсеткіштерінің бірі. Оқушылар зертханалық және сарамандық жұмыстарды әзірлеп, өткізуге жәрдем береді, үйірме жүмыстарына, химиялық кештер мен олимпиадаларға және т.б. жұмыстарға белсене қатысады. Мұндай оқушылар үшін химиядан элективті курстарды ұйымдастыра отырып, біз олардың белгілі бір салада еңбек ету даярлығына жан-жақты дамуына қажетті алғы шарттар жасаймыз. Химияны оқып үйрену кезіндегі оқушылардың жоғарғы белсенділігі арнаулы қабілеттіліктерді қалыптастыру мен дамыту факторы болып табылады. Химияны тыңғылықты оқып-үйренгенде оған деген құштарлық тиянақты болады да, мектеп бітіргеннен кейін химиялық кәсіптерді біршама тез игерумен химия мамандықтарын оқып меңгеруді жалғастыруда беру мүмкіндіктері пайда болады. Оқыту ісі оқушылардың жалпы білім деңгейін көтеруге, политехникалық ой-өрісін кеңейтуге жәрдем етіп және олардың химия саласындағы еңбекке деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу үшін оқу үрдісінде теорияны, өмір мен ғылымды еңбекпен тығыз байланыстыру қажет.
Химияға деген қабілеттіліктерді дамыту үшін мүмкіндігінше оқушылардың өзіне көбірек ерік беріп, оларға химиялық проблемаларды шығармашылықпен шешу тәсілдерін біртіндеп түсіндіру қажет.Химия
31
курсын оқып - үйрену барысында танысуға болатын көптеген дәлелді материалдар нәтижесінде оқушылардың химиялық ұғымдарды түсінуі жеңілдей береді. Химия ғылымын одан әрі оқып-үйренуде, сондай-ақ сарамандық дағдылар да пән бойынша жүргізілетін сабақтарға қалыптасады. Ол - талдау жасаудың арнаулы әдістерін тез меңгерудің негізі. Оқушылар зертханалық жұмыстың техникасын оқып-үйренуге көп қызығады. Химиялық білімді кеңейтіп, әрі тереңдетуде сапалық талдау жүйесі курсының рөлі зор. Сандық талдаудан оқушылар кейбір шеберліктер мен дағдыға ие болады.

32




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет