Химиялық байланыс туралы негізгі көзқарастар. Коваленттік байланыс. Химиялық байланыс түрлері



бет1/3
Дата15.03.2023
өлшемі144,22 Kb.
#172580
  1   2   3
Байланысты:
5-апта Химиялық байланыс

5-апта
Химиялық байланыс.

Химиялық байланыс туралы негізгі көзқарастар.
Коваленттік байланыс. Химиялық байланыс түрлері.

Табиғатта элементтердің атомдары бос күйінде ұзақ бола алмайды. Олар бірбірімен қосылып жай немесе күрделі заттардың молекулаларын түзеді. Атомдардан молекулалар түзілгенде көп жағдайда энергия бөлініп шығады. Энергияның бөлінуі молекулалардың беріктігін арттырады. Молекулалар тұрақтылығының басты себебі оның құрамына кіретін атомдардың арасында химиялық байланыс түзілуінен. Химиялық реакциялар нәтижесінде молекула түзілгенде ондағы әрбір екі атомның арасында бір немесе бірнеше жұп электрондардан тұратын химиялық байланыс түзіледі. Бұл жұп электрондардың екі атомға ортақ болуы да немесе бір атомнан екінші атомға мүлде ауысуы да мүмкін. Бірақ қалай болғанда да молекуладағы әрбір атомның сыртқы деңгейінде, инерттті газдардағыдай, сегіз электрондық тұрақты қабат түзіледі. Бірдей атомдар немесе химиялық қасиеттері ұқсас атомдар атомдық немесе химиялық ковалентті байланыс түзеді.


Иондық байланыс. Химиялық қасиеттерінің арасында үлкен айырмашылықтары бар элементтер бір-бірімен әрекеттесіп ионды қосылыстар түзеді. Ионды қосылыстарды негізінен металдар мен бейметалдар түзеді. Бұл жағдайда металл атомы мен бей металл атомының арасында түзілген қос электрон электр терістігі басым бей металға толықтай ауысып кетеді. Осының нәтижесінде электрондарынан айрылып қалған металл оң зарядталады, ал электрондар қосып алған бейметалдар теріс зарядталады. Пайда болған оң зарядты металл ионы мен теріс зарядты бейметал ионы бірін-бірі электростатикалық күшпен тартып қосылыс түзеді. K. + F = K+ + F- Бұл жағдайда калий мен фтор атомдары бір-бір дара электрондарын ортақтастырып атомдардың арасында қос электрон түзеледі деп қарастыруға болады. Бірақ калийге қарағанда фтордың электрон қосып алу қабілеті өте күшті болғандықтан, түзілген қос электрон терістігі басым фторға толық көшеді. Екі атомның арасындағы қос электронның сол атомдардың біреуіне толықтай көшуінің нәтижесінде түзілген иондар арасындағы химиялық байланысты иондық байланыс деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет