БЛОКТАР - Тік сызықтар кестеде периодтарды бөліп тұрады. Паули принципіне сай әрбір электрон қабығының сыйымд. 2п2, ал ондағы орбиталдар сыйымд. 2(2l+1). Бұдан әрбір периодтың сыйымд. 2, 8, 8, 18, 32, 32... Әр периодтың басы жаңа мәніне сай келетін s – элементтен басталады ( Қа-, ІҚа-топшалар), соңы р – элементтермен аяқталады (ІІҚа-VІІІa-топшалар). Үлкен периодтарда (ІV – VІІ) олардың арасына 10 d – элементтер (Іб-VІІІб-топшалар) кіреді. Ауыспалы элементтердің соңғы электрондары ішкері жатқан п-1 қабаттың d – орбиталарын толтырады, ал сыртқы қабатында s2 электрондар сақталады. Сондықтан олар металдық қасиет көрсетеді.
ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕСІ МАҢЫЗЫ - Химиялық элементтердің периодтық жүйесі – периодтық заңның графиктік бейнесі, олар өзара тығыз байланысты, бірін-бірі толықтыра түседі. Екеуі де хим. элементтерді материя дамуының бір сатысы деп қарап, олардың арасындағы табиғи байланысты ашады. Периодты заң химия ғылымына ғана жатпайды, ол бүкіл жаратылыстану және табиғи ғылымдардың ортақ заңы, сондықтан ғылыммен бірге дамып, оны байыта түседі.
- Химиялық элементтердің периодтық жүйесі ашылған кезде көптеген элементтер белгісіз еді. Д. И. Менделеев аса үлкен болжампаздықпен олардың кейбіреулерінің қасиеттерін сипаттаған болатын (скандий - Л. Нильсон, галлий - Лекок де Буабодран, германий - К. Винклер).
- Ғалымның көзінің тірісінде ол болжаған элементтер ашылып, периодтық заңның дұрыстығының айғағы болды.
Достарыңызбен бөлісу: |