Ерітіндідегі заттардың молярлық концентрациясы. №5практикалық жұмыс «Пайыздық және молярлық концентрациялары берілген ерітінділерді дайындау»
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
8.3.4.6-ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын есептеу
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін:
Ерітіндідегі заттардың молярлық концентрациясын анықтайды
Көпшілік оқушылар үшін:
Еріген заттың массалық үлесін анықтайды
Кейбір оқушылар үшін:
Белгіленетін әрпі пен өлшем бірлігін жаза алады.
Ерітіндінің масса не көлем бірлігіндегі заттың масса не зат
мөлшерін көрсететін шама ерітінді концентрациясы(С) деп аталады. Егер ерітіндідегі еріген заттың
мөлшері көп болса , ерітінді концентрлі,
ал аз болса- сұйық деп аталады
Қай ыдыста еріген заттың мөлшері көп?
1 2 КОНЦЕНТРАЦИЯ ПРОЦЕНТТІК МОЛЯРЛЫҚ еріген зат массасының ерітіндінің жалпы массасына қатынасы
Мұндағы m1 – еріген заттың массасы, m – ерітіндінің массасы
еріген зат мөлшерінің ерітіндінің көлеміне қатынасы 1 дм3 еріткіште ери алатын зат мөлшерімен анықталады
№1. Массасы 20г тұзды 180г суда еріткенде түзілген ерітіндідегі тұздың массалық үлесін есептеңдер.
№2. Судың 500миллилитрінде 100л хлорсутек(қ.ж) еріткенде алынған ерітіндідегі хлорсутектің массалық үлесін есептеңдер
№3. Натрий хлоридінің массалық үлесі10%-тік массасы 40г ерітіндісін даярлау үшін қажетті тұз бен судың массасын есептеңдер.
1. 200 г 15%-дық ерітінді дайындау үшін қанша тұз және су алу керек?
2. 200 г 10%-дық ерітіндіге 10г тұз қосылды. Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі қалай өзгереді? Есептеп дәлелде.
3. 300 г 20%-дық ерітіндінің 30% буланып кетсе қалған ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі қанша болғаны?
Қай ерітіндінің концентрациясы көп?