Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты - 8.2.1.1 -топ, период, атом нөмірінің физикалық мәнін түсіндіру,
Сабақтың мақсаты: - Барлық оқушылар үшін:
- Периодтық кестенің құрылу принципін біледі
- Көпшілік оқушылар үшін:
- Химиялық элементтердің қасиеттері периодты түрде өзгеретінін түсінеді
- Кейбір оқушылар үшін:
- Топтар мен периодтар туралы түсінеді
Периодтық жүйенің құрылымы - Элементтердің нөмерін реттік немесе атомдық нөмір деп атайды. Химиялық элементтердің периодтық жүйесін құрастырудағы негізгі принцип – барлық элементтерді периодтар мен топтарға бөліп орналастыру. Әр топ өз кезегінде негізгі (а) және қосымша (б) топшаларға бөлінеді. Топшалардағы элементтер химиялық қасиеттері жағынан өзара ұқсас.
Химиялық элементтердің периодтық жүйесі құрылымы
Периодтар
Топтар
Қатарлар
Қосымша топшалар
Табиғи ұяластар
Д. И. Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық жүйесі Периодтар - Период деп сілтілік металдан басталып инертті газбен аяқталатын элементтердің горизонталь қатарын айтады. Периодтық жүйеде 7 период бар, олар рим сандарымен белгілеген, I, II және III периодтар бір қатардан тұрады және кіші периодтар деп аталады, ал IV, V, VI, VII периодтар екі қатардан тұрады, оларды үлкен периодтар деп атайды. Бірінші периодта-2 элемент, екінші және үшіншіде-8-ден, төртінші мен бесіншіде-18-ден, алтыншыда-32, жетіншіде(аяқталмаған)-32 элемент бар.
Қатарлар - Периодтарда араб сандарымен белгіленген 10 қатар кіреді. Үлкен периодтардың жұп қатарларында (төртінші, алтыншы, сегізінші және оныншы) тек металдар тұр және бұл қатарлардағы элементтердің қасиеттері аздап қана өзгереді. Үлкен периодтардың тақ қатарларындағы (бесінші, жетінші, тоғызыншы) элементтің қасиеттері қатардағы типтік элементтердегі сияқты солдан оңға қарай өзгереді.
- Менделеев II және III период элементтерін типтік деп атады. Бұл элементтердің қасиеттері типтік металдан екідайлы элементтерге одан бейметалл мен инертті газға қарай заңдылықпен өзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |