Химиялық кинетика §1 Химиялық реакция жылдамдығы



бет9/11
Дата13.01.2022
өлшемі272,16 Kb.
#129313
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
лекция -6

Температура әсері

Реакция – эндотермиялық (тура бағыт). Егер де, реакция теңдігін осы бағытта ығыстырғымыз келсе, реакцияның эндотермиялық екендігін білгендіктен известь тасын күйдіріп, температураны арттыруымызға тура келеді.

Олай болса, тепе-теңдікте тұрған жүйені эндотермиялық реакция бағытына қарай ығыстыру үшін температураны жоғарылату қажеттігін білсек, экзотермиялық бағытына (кері) ығыстыру үшін температураны төмендету қажет-ақ.

2.Концентрация әсері

Көпшілік жағдайда реакцияның көрнекі болуына байланысты мынандай реакция зертханалық жұмыс ретінде ұсынылады:

FeCl3(c) + 3NH4CNS(c) ↔ Fe(CNS)3(c) + 3NH4Cl(c)





Бұл реакцияға қатысқан заттардың екеуі түсті, екеуі түссіз: FeCl3(c) – сарғыш түсті, Fe(CNS)3(c) – қан қызыл түсті, ал NH4CNS(c), NH4Cl(c) – түссіз. Реакцияны жасаған кезде темір (ІІІ) хлоридінің түсін қан-қызыл түсті темір роданидінікі басып кетеді де, сынауықтағы ерітінді қан-қызыл болып көрінеді.

Ал, енді тепе-теңдікті ығыстыру мақсатында сынауықтағы ерітіндіні төртке бөліп, бірін – салыстыру мақсатында қалтырып, қалғанына - NH4Cl (кр), FeCl3 (конц.), NH4CNS (конц.) ерітінділерін кезекпен құю арқылы тепе-теңдіктің қай бағытқа ығысқандығын, тепе-теңдіктің ығысуына концентрация әсерін түсінуімізге болады.

Аммоний роданидінің концентрлі ерітіндісін қосу, оның темір (ІІІ) хлоридінің молекулаларымен тағы да қосымша әрекеттесіп, реакция нәтижесінде түзілетін темір (ІІІ) роданидінің мөлшерін арттырады.Яғни, реакция тура бағытқа ығысады,VT>VK оны ерітінді бояуының қаныққандығынан көруге болады.

Ал, аммоний хлоридінің кристалдарын қосымша салу – оның қан-қызыл түсті темір роданидімен әрекеттесуіне тура келеді де, реакция кері бағытқа ығысады,VTK сондықтан сынауықтағы ерітінді түсі солғынданады.

Олай болса, тепе-теңдікте тұрған жүйедегі заттардың біреуінің концентрациясын арттыру, сол зат концентрациясының кемітіп, оның жұмсалу бағытына ығыстырса, ал зат концентрациясын кеміту – сол заттың концентрациясының арттыру бағытына қарай ығыстырады.

3.Қысымның әсері

А(кр) + 2В2(г) ↔ АВ4 (г)

ν, моль 1 2 1

Vo, л 44,8 22,4

Қысым тепе-теңдікте тұрған жүйенің екі жағына да бірдей әсер етеді, бірақ, реакцияның сол жағындағы газ көлемі оң жағындағысынан екі есе көп. Сондықтан, қысымды арттырғанда физиканың заңы бойынша көлемдері теңескенше, көлемі көп жағынан аз жағына қарай ығысады, ал қысымды кеміту – керісінше әсер етеді.

Осы аталған факторлардың барлығының тепе-теңдікке әсерін Ле-Шателье (1884) принципі жинақтап, тұжырымдайды (кесте 6.1)

Т епе-теңдікте тұрған жүйенің жағдайының (t, c, p) біреуін өзгерту тепе-теңдікті сол өзгеріске қарсы әсер ететін бағытқа қарай ығыстырады.

Олай болса, жүйеде сыртқы әсерді әлсіретін үдерістер пайда болады.

Кесте 6.1. Ле-Шателье принципі





Фактор

Фактор өзгерісі

Тепе-теңдіктің ығысу бағыты

1

Концентрация

Арттыру

Концентрацияны кемітетін бағытқа

Кеміту

Концентрацияны арттыратын бағытқа

2

Температура

Арттыру

Эндотермиялық реакция бағытына

Кеміту

Экзотермиялық реакция бағытына

3

Қысым

Арттыру

Көлемі аз жаққа

Кеміту

Көлемі көп жаққа



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет