в) параллель реакциялар - бір мезгілде бастапқы заттан әртүрлі өнімдер түзіледі.
г) іргелес реакциялар – бірінсіз бірі жүре алмайтын реакциялар:
г) іргелес реакциялар – бірінсіз бірі жүре алмайтын реакциялар:
А + B → M A + C → P
Активатор ( индуктор )- екінші реацияның жүруіне мүмкіндік туғызатын зат.Мұнда,бірінші реакция өздігінен жүреді,ал екінші реакция тек бірінші реакцияның қатысуымен ғана жүреді. Мұндай реакциялар жасушаларда кең тараған.
д) тізбекті реакциялар - радикалдардың, атомдардың, иондардың қатысында бірнеше рет қайталанатын элементарлық реакциялардың жиынтығы.Тізбекті реакцияларға ядролық, фотохимялық, қопарылу, жану, полимерлеу реакциялары жатады.Тізбекті реакцияларға тізбектің басталуы,өсуі және үзілуі тән. Мысалы мына реакция үшін:
CH4 + Cl2 + hν → CH3Cl + HCl
Өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесі жарықты сіңіре жүретін фотохимиялықреакциялардың бір түріне жатады.
6CO2 + 6H2O + hɣ = C6H12O6 + Q
Катализ - катализаторлардың қатысуымен жүретін, реакциялардың жылдамдықтары мен механизмін зерттейтін ғылым. Катализдің екі түрі бар: гомогендік және гетерогендік.
a) гомогендік катализ - катализатор мен әрекеттесуші заттар бірдей фазада болады: