Химиялық реакторлар. Химиялық реакторлардың жіктелуі және олардың жұмыс режимі Оқытушы: Милисова Н. Б
Химиялық реакторлар. Химиялық реакторлардың жіктелуі және олардың жұмыс режимі
Оқытушы: Милисова Н.Б.
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Казахский Национальный Университет имени С.Д.Асфендиярова
Алматы, 2020
Инженерлік пәндер кафедрасы
Жоспар:
Химиялық реакторларды және олардың жұмыс істеу режимдерін жіктеу
Реактор жұмысының тиімділік көрсеткіштері
Химиялық реакторларды масштабтау
Реакторлардың конструкциясына әсер ететін факторлар
Реакторда химиялық реакциялардың жүру процестерінің негізгі типтері
Технологиялық үлгінің аппараттарының ішінде химиялық айналдыру жүретін аппараттарды, яғни негізгі технологиялық операция жүргізілетін аппараты атап көрсетуге болады. Мұндай аппараттар реакторлар деп аталады. Сонымен, ішінде масса тасымалдау (диффузиялық) процесі мен химия технологиялық процестер жүретін аппарат, химиялық реактор деп атайды.

Химилық реакторлар
Химиялық реакторлар — химиялық реакцияларды жүргізуге арналған аппараттар.
Xимия реакторларындағы реакцияны қажетті жылдамдықпен жүргізу үшін реакцияласатын заттардың концентрациясын, температурасын реттеу, гетерогенді фазалардыц жанасу ауданын өзгерту, катализатор активтігін тұрақты күйінде сақтау т. б. әдістер қолданылады. Температуралық режимін жылу алмасу әдістері арқылы реттейді. Заттардың жанасу ауданын ұлғайту үшін қатты заттарды ұсатады. Xимия реакторларының сыртқы және ішкі құрылысы әр түрлі болады, бір өндірістің өзінде бірнеше реактор қолданылады.
Химилық реакторлар