Химиялық технология ”



бет3/3
Дата01.04.2017
өлшемі0,99 Mb.
#13015
1   2   3

Тапсырма 3

Мұнай өңдеудің өнімдері



Бақылау сұрақтары




  1. Ашык түсті мұнай өнімдеріне нелер жатады?

  2. Қара түсті мұнай өнімдеріне нелер жатады?

  3. Мұнайды өңдеуге арналган қондырғы неше бөліктен тұрады ?

  4. Бензиннің сапасы не санымен аныкталады?

  5. Не төмен болса, бензин сапасыз болады?

  6. Мұнайды өңдеп, ашық түсті өнімдерін алатын қондырғы не деп аталады?

7 ОБСӨЖ



ОБСӨЖ тақырыбы:

Органикалық синтездің шикізаты

ОБСӨЖ жоспары:

  1. Ең арзан шикізат қорлары

  2. Синтездік материалдар өндірісі

  3. Синтездік жолмен этил спиртін

Егер басқа полимерлердің қандай заттардан синтезделіп алынатындығын қарастырсак, синтездік материалдар өндірісінің негізгі шикізаттары — табиғи және мұнайга серік газдар, мұнайды химиялық өңдегенде жөне тас көмірді кокстегенде шығатын өнімдер екенін, яғни шикізаттың еліміздегі қоры мол түрлері екенін көреміз.

Табиғи және мұнайға серік газдар ең арзан шикізат коры болып табылады. Алайда соңғы уақытқа дейін бұл заттар химиялык тәсілмен өңдеу максатына толық пайдаланылмай келді. Табиғи газдар мен мұнайға серік газдар негізіндегі химиялык синтезді дамытуға осы уақытта көп назар аударылатын болды.

Синтездік материалдар өндірісін химиялық өнеркөсіп мономерлермен, қышкылдармен, сілтілермен, хлормен, пластификаторлармен, катализаторлармен, инициаторлармен, т.б. камтамасыз етуі тиіс. Машина жасау өнеркөсібі және өнеркәсіптің баска да салалары әр алуан аппараттар, машиналар, бақылау-өлшеуіш аспаптар, т.б.

жасап беруі керек.

Синтездік материалдар өнеркәсібі өндірістің баска салаларының даму дәрежесше белгілі бір шамада тәуелді бола отырып, өз тарапынан ол салалардың өнімдеріне белгілі талаптар койып және оларды синтездік жаңа материалдармен жабдықтап, өндірістің бүл салаларының дамуына өсер етеді.

Казақстанда полимерлік материалдар шығаратын кәсіпорындар қатарына Қостанай жасанды талшық зауыты, Қарағандыдағы "Карбид" өндірістік бірлестігі, Теміртау синтездік каучук зауыттары (каучуктың әр алуан түрлерін шығарады), т.б. жатады. Атырауда ірі химиялык өндіріс (полиэтилен, полипропилен өндіретін) 2010 жылға дейінгі мерзімде іске қосылмак.
Сусыз спиртті абсолютті спирт дейді. Сусыз спиртті су тартқыш заттар (СаО, СиSО4) косып кайнатып алады. Этил спиртін өр түрлі жолдармен алады. Соның бірі — глюкозадан (жүзім қанты) ашытқы катысында мына жалпы реакция бойынша алады:
С6Н12О6 →2Н5ОН + 2СО2
Мұндай жолмен алынған спирт таза болады, тамақ өнеркәсібінде және медицинада пайдаланылады. Целлюлозаны гидролиздеп алын-ған спиртті гидролиз спирті деп атайды:

( С6Н10О5)п 2Н5ОН + 2СО2



2

Бүл өдіс өте тиімді, себебі тамақ, өнімдері, картоп, бидай пайдаланбайды. Бірак, гидролиз спиртінде басқа косымша өнімдер болады, соның бірі — метанол, сондыктан мұндай спирт көбіне техникада қолданылады, тамақ өнімдері үшін пайдалануға болмайды.

Синтездік жолмен этил спиртін этиленді гидратациялап алады.

Этанол дөрі-дөрмек жасауда, зарарсыздандырғыш зат ретінде медицинада пайдаланылады. Этил спирті химия өндірісінде сірке қышқылын, бояу, синтездік каучук, диэтил эфирін жөне т.б. заттар алуда қолданылады


Әдебиеттер тізімі

  1. И.Қ.Тойбаев, Қ.А.Жұбанов «Химиялық технологияның негіздері», А, -1994 ж

  2. А.В.Белоцвесон, С.Д.Бесков «Химическая технология» М, 1976 г

  3. И.И.Мухленов, Д.А.Кузнецов, А.Я.Авербух. «Обшая химическая технология» М, 1977 г

  4. И.И.Мухленов, А.Я.Авербух. «Общая химическая технология». М, 1984 г

  5. И.И.Мухленов, К.В.Алтухов, Е.С.Тумаркина «Химическая технология», М, 1985 г

  6. И.И.Мухленов, А.Е.Горштейн, Е.С.Тумаркина «Основы химической технологий » М, 1991г



Глоссарий




  1. Синтездік материалдар

  2. Табиғи газдар

  3. мұнайға серік газдар

  4. пластификаторлар

  5. инициаторлар

  6. полимерлік материалдар

  7. абсолютті спирт

  8. синтездік каучук

  9. диэтил эфирі

Екінші аралық бақылау.





Тақырыптар

Апталар

Ұпайлар

Бақылау түрі

8

Этиленнен тікелей гидрация әдісімен этил спиртін синтездеу.


8-апта

3 балл

Тест

9

Сірке қышқылын ацителеннен өндіру.

9-апта

4 балл
Бақылау сұрақтары




10

Жоғарғы молекулалық қосылыстардың халық шаруашылығындағы маңызы.


10-апта

4 балл

Реферат

11

табиғи жасанды және синтетикалық жоғарғы молекулалық қосылыстар

11-апта

4балл
Бақылау сұрақтары




12

Целлюлоза және қағаз өндіру.


12-апта

5 балл

Коллоквиум

13

Мұнай өнімдерінің ииролизі мен крекингісі.

13-апта

5балл

Глоссарий

14

Формальдегидті алу.

14-апта

5 балл

Бақылау сұрақтары

15

Пластмассалар өндірісі

Стиролды полимерлеу



15-апта







Σ 30 балл

8 ОБСӨЖ



Тапсырма 4

Этиленнен тікелей гидрация әдісімен этил спиртін синтездеу.



Тест тапсырмалары

1.Химиялық синтез арқылы және өсімдіктерден алынатын жоғарғы молекулалы полимер:

A) Гликоген.

B) Крахмал.

C) Резеңке.

D) Целлюлоза.

E) Каучук.

2.Мазуттан алынбайтын зат

A) вазелин

B) отын


C) глюкоза

D) гудрон

E) парафин

3.Бір кен орнынан құрамы мынадай көмір өндіріледі (%) : С-82,2; Н-4,6; S-1,0; О-4,0; N-1,2; Н2 О -1,0; күл-6,0. Осындай көмірдің 1 кг жануы үшін ауаның қандай көлемі (м2) қажет?

А) 1,5

В)1,7


С) 7,5

Д) 8,5


Е) 6,8

3.Алкендердің өндірістік алу жолдары қандай?

А) Крекинг

В) Изомеризация

С) Озондау

Д) Гидрлеу

Е) Гидратация

4. Егер жану өміндерінің мольдік қатынасы 4:4 болса, қандай көмірсутек жанған?

А) Бутан

В) Бутен


С) Пропен

Д) Бутин


Е) Бутадиен

5. Этанолды мына реакциялардың қайсысы арқылы алуға болады?

А) Этиленді гидрлеу

В) Этиленді катализатор қатысында гидратациялау

С) Этанды сутексіздендіру

Д) Этиленді бромдау

Е) Этиленді гидрохлорлау

6. Ацетиленді карбидтік әдіспен алудың кемшілігі неде?

А) Таза өнім түзілмейді

В) технология

С) аппарат

Д) процесс

Е) Шикізат
7.Берілген кәсіпорынның өнім өндіруге жұмсалған қаржылық шығынын не деп атайды
А) Жалпы зауыттық шығын

В) қауіпсіздік техникасы.

С) Цехтық қаржылық шығын

Д) өнімнің толық өзіндік құны

Е) қауіпсіздік техникасы.
8.адамның өндірісте процестерінің тікелей басқарудан бастап оны автоматты құрылғыларға беруі
А) Автоматтандыру

В) Механикаландыру

С) Химияландыру

Д) Механикалық технология

Е) химиялық технология

9. адамның физикалық еңбектің машинамен алмастыру.


А) Автоматтандыру

В) Механикаландыру

С) Химияландыру

Д) химиялық технология

Е) Механикалық технология

10 Автоматтандыру кезінде қолданылмайтын прибор

А) Орындаушы механизм.

В) Реттеушімеханизм.

С) өлшегіш.

Д) Датчик

Е) синхрофазатрон

11. дайын өнім бірлігін (1 т немесе 1 кг) алуға жұмсалған шикі зат жылу, электр энергиясы және да басқа да материалдардың мөлшерін айтады

А) Жұмсалу коэффициенті

В) материалдық баланс

С) Аппараттар жұмысының өнімділігі.

Д) Аппараттың жұмысының интенсивтігі

Е) Аппараттың жұмысының интен қуаты

12.технологиялық операцияға түскен заттар (кіріс) және алынған заттардың (шығыс) массасының қарым-қатынасын көрсететін көрсеткіш.

А) Жұмсалу коэффициенті

В) материалдық баланс

С) Аппараттар жұмысының өнімділігі.

Д) Аппараттың жұмысының интенсивтігі



Е) Аппараттың жұмысының интен қуаты
13. түзілген өнім мөлшерлерінің немесе қайта өндірілген шикі заттың () уақыт бірлігіне () қатынасын көрсететін көрсеткіш
А) Жұмсалу коэффициенті

В) материалдық баланс

С) Аппараттар жұмысының өнімділігі.

Д) Аппараттың жұмысының интенсивтігі

Е) Аппараттың жұмысының интен қуаты
14. Оптималды жұмыс жағдайындағы аппараттардың максималды мүмкін болатын өнімділігі

А) Жұмсалу коэффициенті

В) материалдық баланс

С) Аппараттар жұмысының өнімділігі.

Д) Аппараттың жұмысының интенсивтігі

Е) Аппараттың жұмысының интен қуаты


15. аппараттардың өнімділігінің оның қандай да бір өлшеміне қатынасы

А) Жұмсалу коэффициенті

В) материалдық баланс

С) Аппараттар жұмысының өнімділігі.

Д) Аппараттың жұмысының интенсивтігі

Е) Аппараттың жұмысының интен қуаты


16. Процесстер максимальді жылдамдықта өтуі үшін қандай технологиялық факторларды қолданбайды

А) Температураны өсіру.

В) Қысымды арттыру

С) Әрекеттесуші заттар концентрациясын төмендету

Д) Катализатор қолдану.

Е) Әрекеттесуші зат қоспалар араластыру


17. өнеркәсіпте өндіріс құралдарын немесе тұтыну бұйымдарын алу үшін қолданылатын заттарды қосылыстарды не деп атайды

А) Шикізат

В) Бастапқы материалдар

С) Жартылай фабрикат

Д) Аралық өнім

Е) Қосымша өнім


18. нақты бір өндіріске шикізат болып табылатын қосылыстарды материалдарды не деп атайды

А) Шикізат

В) Бастапқы материалдар

С) Жартылай фабрикат

Д) Аралық өнім

Е) Қосымша өнім


19 .Табиғи шикізатты алдын ала өнеркәсіпте қайта өндеу арқылы алынған материалдарды не деп атайды.

А) Шикізат

В) Бастапқы материалдар

С) Жартылай фабрикат

Д) Аралық өнім

Е) Қосымша өнім


20. шикізаттан немесе жартылай фабрикаттан алынған және берілген өндіріс орнында басқа өнім алуға бастапқы материал болып табылатын, жеке заттарды, материалдарды не деп атайды
А) Шикізат

В) Бастапқы материалдар

С) Жартылай фабрикат

Д) Аралық өнім

Е) Қосымша өнім
№ 9. ОБСӨЖ

ОБСӨЖ тақырыбы:

Сірке қышқылын ацитиленнен өндіру.

ОБСӨЖ жоспары:



  1. Сірке қышқылын ацетиленнен өндіру

  2. Ацетилен алу

  3. Ацетальдегидтің калий перманганатымен марганец (IV) оксиді түзіле жүретін тотығуы

Сірке қышқылын ацетальдегидті марганец ацетаты катализатор ретінде ауа оттегісімен қатысында тотықтыру арқылы алады.Процесс бірінен кейін бірі келетін үш кезеңнен түрады:

Ацетилен алу

Ацетиленді Кучеров әдісі бойынша гидратациялау

Ацетальдегидті сірке қышқылына дейін тотықтыру

СаС2 ―>С2Н2 ―> СНзСНО ―> СН3СООН

Ацетиленді ацетальдегидке дейін гидраттауды сұйық фазада сынап (II) сульфаты катализатор ретінде қатысында 70°С-де жүргізеді.

С2Н2 + Н2О ―> СНзСНО

Мұндай жағдайларда 20,8°С-де қайнайтын ацетальдегид реакциялық Т кеңістікте гидратацияланады . Гидратациялау кезшде непзті реакциямен қатар қосымша реакция сынап (II) сульфатының ацетальдегидпен металл сынапқа дейін тотықсыздануы жүреді.

СНзСНО + Н2 S042О Н S + Н2 S О4 + СН3СООН

Ацетальдегидті сірке қышқылына дейін калий перманганаты ерітіндісінде ауа оттегісімен тотықтырады.

СН3СНО + 0,5 О2 ―>СНзСООН

Бұл кезде сонымен бірге қосымша ацетальдегидтің калий перманганатымен марганец (IV) оксиді түзіле жүретін тотығуы жүреді

3 СН3СНО +КМпО4 -> СНзСООН + СНзСООК +2 МпО2+ Н2О

Жэне марганец ацетаты түзіле жүретін тотығуы жүреді

5 СН3СНО + 2 КМпО4 -> 2(СН3СОО)2Мп + СН3СООК + КОН+2 Н2О

Әдебиеттер тізімі



  1. И.Қ.Тойбаев, Қ.А.Жұбанов «Химиялық технологияның негіздері», А, -1994 ж

  2. А.В.Белоцвесон, С.Д.Бесков «Химическая технология» М, 1976 г

  3. И.И.Мухленов, Д.А.Кузнецов, А.Я.Авербух. «Обшая химическая технология» М, 1977 г

  4. И.И.Мухленов, А.Я.Авербух. «Общая химическая технология». М, 1984 г

  5. И.И.Мухленов, К.В.Алтухов, Е.С.Тумаркина «Химическая технология», М, 1985 г

  6. И.И.Мухленов, А.Е.Горштейн, Е.С.Тумаркина «Основы химической технологий » М, 1991г
Бақылау сұрақтары

  1. Сірке қышқылын ацетиленнен өндірудің негізі неде ?

  2. Ацетилен алудың қандай жолдары бар ?

  3. Ацетальдегидтің калий перманганатымен марганец (IV) оксиді түзіле жүретін тотығуы қалай жүреді ?

  4. Сірке қышқылын ацетиленнен өндіргенде қандай реакциялар жүреді ?

№ 10 .ОБСӨЖ

Тапсырма 5

Жоғарғы молекулалық қосылыстардың халық шаруашылығындағы маңызы.

Реферат тақырыптары


  1. Каталитикалық дегидрлеумен бутан және изопентаннан бутадиен және изопренді өндіру

  2. Табиғи каучук .Синтездік каучук. Бутадиенді каучук.

  3. Формальдегид өндіру.

  4. Полимерлер туралы жалпы ұғымдар.

  5. Полимерлерді алу әдістері.

  6. Жоғарғы молекулалық қосылыстардың жалпы қасиеті.

  7. табиғи жасанды және синтетикалық жоғарғы молекулалық қосылыстар.

  8. Целлюлоза және қағаз өндіру.

  9. Полимерлік материалдарды талшықтарға өңдеу

1 1. ОБСӨЖ



ОБСӨЖ тақырыбы:

Табиғи жасанды және синтетикалық жоғарғы молекулалық қосылыстар

ОБСӨЖ жоспары:

  1. Жоғары молекулалы қосылыстар

  2. Полимерлердің табиғи және синтетикалық болып бөлінуі

  3. Макромолекуланың құрамына кіретін буындар

Жоғары молекулалы қосылыстар немесе полимерлер деп молекулалары жүздеген немесе мыңдаған көміртегі атомдарынан, соған сәйкес молекулалық массалары мыңдаған, тіпті миллиондаған массаның атомдық бірлігіне тең болатын және өзіне тән бірқатар қасиеттері бар қосылыстарды атайды. Полимерлердің атомдары бір-бірімен химиялық байланыс арқылы қосылады.

Полимерлер табиғи және синтетикалық болып бөлінеді. Полимерлер табиғатта кеңінен таралған. Өсімдік және жануарлар ағзаларының құрамына жоғары молекулары қосылыстар: целлюлоза,ақуыз,крахмал,нуклеин қышқылдары кіреді.

Синтетикалық полимерлерге мономерлерден жасанды жолмен алынатын полиамидтер,полиэтилен,полистирол,синтетикалық талшықтар және т.б. жатады.



Ең қарапайым органикалық полимер полиэтилен, ол этиленнің полимеризациялауынан түзіледі.
H2O = CH2 + H2C= CH2 CH3 – CH2 – CH = CH2

этилен бутилен


Бастапқы зат этилен – мономер деп, ал түзілген бутилен димер деп аталады. Егер

мономердің п молекуласы қосылса, полимер түзіледі. (поли-көп деген сөз)


n H2C= CH2 [-CH2 – CH2-]n

Мономерлердің негізгі бөлігінен тұратын топтар буындар деп, ал буындардан құралған молекула – макромолекула деп аталады.

Макромолекуланың құрамына кіретін буындар саны жоғары молекулалық қосылыстардың полимерлену дәрежесін көрсетеді, оны үлкен Р әрпімен белгілейді. Полимерлену дәрежесі (Р) жоғары молекулалық қосылыстың массасы мен (Мн) мынадай қатынаста болады.

Р=Мн/m

Мұнда m буынның молекулалық массасы.

Химиялық табиғатына байланысты полимерлер органикалық, бейорганикалық және элемент органикалық болып бөлінеді.

Полимерлерді әдетте полимеризация және поликондинсация реакцияларының негізінде алады.

Полимеризация деп төмен молекулалы заттардың қосылып, жоғары молекулалық қосылыстарды түзу реакциясын атайды.



Бақылау сұрақтары




  1. Жоғары молекулалы қосылыстар дегеніміз не ?

  2. Полимерлердің қандай болып бөлінеді ?

  3. Макромолекуланың құрамына кіретін буындар қандай болады ?

  4. Полимеризация дегеніміз не ?

  5. Поликонденсация дегеніміз не ?



ОБСӨЖ сабағы 12

Тапсырма 6

Целлюлоза және қағаз өндіру.



Коллоквиум


  1. Табиғи каучук .Синтездік каучук. Бутадиенді каучук.

  2. Каталитикалық дегидрлеумен бутан және изопентаннан бутадиен және изопренді өндіру

  3. Каучукты вулканизациялау

  4. Ацетиленнің өндірісте алыну жолдары.

  5. Формальдегид өндіру.

  6. Сірке қышқылын ацетиленнен өндіруПолимерлер туралы жалпы ұғымдар

  7. Полимерлерді алу әдістері.

  8. Жоғарғы молекулалық қосылыстардың жалпы қасиеті.

  9. табиғи жасанды және синтетикалық жоғарғы молекулалық қосылыстар. Целлюлоза және қағаз өндіру.

  10. Полимерлік материалдарды талшықтарға өңдеу

  11. Пластмассалар және оларды жасауға колданылатын жоғары молекулалы шайырлар

  12. Термопластикалық шайырлар .Термореактивті шайырлар. Пластмассаларды шикізаттардан өндіру

№ 13.ОБСӨЖ



ОБСӨЖ тақырыбы:

Мұнай өнімдерінің пиролизі мен крекингісі.

ОБСӨЖ жоспары:

  1. Көмірсутектердің үлкен молекулаларының бөлшектенуі

  2. Термиялық крекинг

  3. Катализдік крекинг

  4. Детонация процесі

Мұнайды өңдеп, ашық түсті өнімдерін алатын қондырғы атмосфералық қондырғы деп аталады. Бірақ мұнай өнімдеріне деген сұраныстың артуына байланысты тек айдау аркылы алынған жанармайлар жетіспейді. Мазуттың құрамы ірі молекулалы көмірсутектерден тұратын болғандықтан, оны жоғары темлературада вакуумдык кондырғыда өңдейді. Қысымның және жоғары температураның әсерінен көмірсутектердің үлкен молекулалары бөлшектенеді. Бұл процесті крекингілеу (ағылшынша «крекинг» — бөлшектеу деген мағынаны білдіреді) деп атайды:

немесе

Сөйтіп, құрамында кіші молекулалы көмірсутектері бар крекинг бензин алынады. Өршіткілер қолдану аркылы алынатын бензиннің сапасы жақсарып отырады. Жалпы крекингті екіге бөледі.



1. Термиялық крекинг тек жоғары темітература мен қысым аркылы алынады.

2. Катализдік крекингте айтылғандарға қосымша өршіткі колданылады. Егер жоғары сапалы бензин алу керек болса, жоғары сапалы өршіткілер колданылады. Мысалы, платина , палладийі сияқты асыл металдарды колданса, ароматты көмірсутектері мол, сапалы бензин алынады. Бұл процесті риформинг деп атайды.

Бензиннің сапасы октан (каныққан көмірсутек) санымен аныкталады. Октан саны дегеніміз — бензиннің қүрамында болатын изооктанның мөлшері. Соған байланысты, бензиннің АИ—95, АИ-85, А-76, т.б. түрлерін ажыратады. Осы цифрлар бензиндегі изооктанның проценттік үлесін көрсетеді. Егер октан саны төмен болса, бензин сапасыз болады. Ондай бензин іштен жану козғалтқыштарында копарылыс беріп жанады. Бұл кұбылысты детонация деп атайды.

Мұнайдан тек жанармайлар ғана емес, химиялық өнеркәсіпке кажетті көмірсутектерді де бөліи алады. Ал оларды өңдеу аркылы халықтың түрмысына қажетті заттар: пластмассалар, талшықтар, көксағыз, резеңке, бояулар, дәрі-дәрмектер, еріткіштер, қопарғыш заттар, т.б. өндіріледі, мұнайдың бай қоры бар, яғни еліміз энергия ресурстары қоры жөнінен дүниежүзілік рынокта белгілі. Көмірсутектерді өндіру казіргі кезде 200-ден астам кен орындарында жүргізілуде. Мұнайды өндіру жөнінен еліміз жыл сайын алға басып келеді. Маңызды кен орындары: Теңіз, Қарашығанақ, Жетібай, Өзен, Қаламқас, Қаражамбас, т.б.

Мұнайды өндіру, өңдеу және өнімдерін пайдалануды әңгіме ете отырып, қоршаған ортаны қорғау мөселесін экологиялық проблемалардан бөле қарауға болмайды. Ауаның, жердің, судың ластануына, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің зардап шегуіне бірден-бір кері әсерін тигізіп отырған — осы мұнай өнімдері. Алматы каласының өзінде-ақ кәсіпорындар жөне көліктер жылына ауаға 20—30 мың тоннадай зиянды заттарды шығарады екен. Сондыктан экологияны сауықтыруды үнемі басты назарда ұстау кажет.

Әдебиеттер тізімі



  1. И.Қ.Тойбаев, Қ.А.Жұбанов «Химиялық технологияның негіздері», А, -1994 ж

  2. А.В.Белоцвесон, С.Д.Бесков «Химическая технология» М, 1976 г

  3. И.И.Мухленов, Д.А.Кузнецов, А.Я.Авербух. «Обшая химическая технология» М, 1977 г

  4. И.И.Мухленов, А.Я.Авербух. «Общая химическая технология». М, 1984 г

  5. И.И.Мухленов, К.В.Алтухов, Е.С.Тумаркина «Химическая технология», М, 1985 г

  6. И.И.Мухленов, А.Е.Горштейн, Е.С.Тумаркина «Основы химической технологий » М, 1991г

Глоссарий

  1. Атмосфералық қондырғы

  2. Мазут

  3. Жанармай

  4. Крекингілеу

  5. Крекинг бензин

  6. Өршіткілер

  7. Термиялық крекинг

  8. Катализдік крекинг

  9. Октан саны

  10. Детонация

  11. Мұнайды өндіру

1 4. ОБСӨЖ



Тапсырма 7

Формальдегидті алу.

Бақылау сұрақтары:

1.Поликонденсация деп қандай реакцияны айтады ?

2. Поликонденсация қанша функционалдық топтардың әрекеттесуімен жүреді?

3.Фенол – формальдегид шайырларының негізінде алынатын пластмассалар қандай поликонденсация реакциясы арқылы синтезделінеді ?

4.ЖМҚ қандай екі түрлі күйде болады?
5.Термореактивті шайырлардың термопластикалық шайырлардан қандай айырмашылығы бар?

6.Пластмассалар өндіру ауқымы жағынан полимер материалдары арасында нешінші орын алады ?

7.Толықтырғыш ретіндешыныталшықтар колданылған пластмассалар қандай болады ?

1 5. ОБСӨЖ



ОБСӨЖ тақырыбы:

Пластмассалар өндірісі

Стиролды полимерлеу

ОБСӨЖ жоспары:

  1. Сополимерлі каучуктар

  2. Жоғары сапалы штамптар жасауға болатын пластмассалар

  3. Термопластикалық шайырлар

  4. Пластмассалар өндіру

Соңғы жылдары диен кемірсутектерінің баска каныкпаған қосылыстармен біріге полимерленуінен алынатын сополимерлі каучуктар (мысалы, бутадиеннің (дивинилдің) стиролмен, акрил-нитрилмен) кең қолданыла бастады:

... СН,—СН=СН—СН—СН,—СНп—

дивинилден

стиролдан

СН2-СН-СН2-СН=СН-СҚ

акрилнитрилден


Жоғары сапалы штамптар жасауға болатын пластмассалар алынды. Сондай-ак пластмассалар медицинада тіс протездерін, сыныктарға протездер жасауда колданылады. Пластмассалардың тіпті қан тамырлары мен өңешті алмастыратындары да болады. Хирур-гаялык күрделі операцияларда тігу үшін колданылатын материалдар ешбір із қалдырмай организмге тарап, сіңіп кетеді.

Термопластикалық шайырлар кыздырғанда жұмсарып, иілгіш болады да, суытса — кайта қатайып, өздерінің алғашқы касиеттерін сақтап қалады. Ондай шайырлардан бұйымдар жасау үшін өуелі иілгіш күйіне дейін қыздырып, соңынан пішін беріп, суытып, бірнеше рет пайдалануға болады. Термопластикалық шайырлар катарына полиәтилен жөне полихлорвинил сиякты сызыктык күрылымды полимерлер жатады.

Термореактивті шайырлар термопластикалық шайырларға керісінше кыздырғанда, иілгіштік касиетінен айырылады, балқымайтын және ерімейтін күйге түседі. Себебі қыздырған кезде сызықты молекулалардан кеңістіктік кұрылымды молекулалар түзіледі. Термореактивті шайырлар қатарына, мысалы, фенолформальдегид шайыры жатады. Мұндай материалды жаңа бұйым жасау үшін қайта өңдеуге болмайды, өйткені ол кеңістіктік күрылым түзеді, ал бүл құрылым қажетті иілгіштік касиетін жояды.

Пластмассалар өндіру ауқымы жағынан полимер материалдары арасында бірінші орын алады. Олардың механикалық беріктігі жоғары, тығыздығы аз, химиялык төзімді, жылу және электрокшаулағыштығы жақсы, т.б. касиеттері болады.

Пластмассаларды тиімді шикізаттардан өндіреді. Олар механикалык өңдеулерге онай беріліп, одан түрлі бұйымдар жасалады. Мұның бәрі оларды өндірістің барлық. салаларында және ауыл шаруашылығында, техникада жөне күнделікті тұрмыста кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.

Бір ғана полимердің негізінде өр түрлі материалдар алуға болады. Мысалы, каучук кебіне эластомерлі материалдар алуға қолданылады. Сонымен катар кейде талшыкты қабыршақты материалдар алуға немесе бұйымдар бетін қаптауға да колданылады. Ал кәдімгі пластик — эбонитті кұрамында 30—50% күкірт және каучук бар коспаны термоөңдеу арқылы алады.



Әдебиеттер тізімі

  1. И.Қ.Тойбаев, Қ.А.Жұбанов «Химиялық технологияның негіздері», А, -1994 ж

  2. А.В.Белоцвесон, С.Д.Бесков «Химическая технология» М, 1976 г

  3. И.И.Мухленов, Д.А.Кузнецов, А.Я.Авербух. «Обшая химическая технология» М, 1977 г

  4. И.И.Мухленов, А.Я.Авербух. «Общая химическая технология». М, 1984 г

  5. И.И.Мухленов, К.В.Алтухов, Е.С.Тумаркина «Химическая технология», М, 1985 г

  6. И.И.Мухленов, А.Е.Горштейн, Е.С.Тумаркина «Основы химической технологий » М, 1991г


Бақылау сұрақтары

  1. Сополимерлі каучуктар деген не ?

  2. Жоғары сапалы штамптар жасауға болатын пластмассаларды қалай алады?

  3. Термопластикалық шайырлар деген не?

  4. Пластмассалар өндірудің маңызы неде?






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет