Химиялық-технологиялық үдеріс - Шикізат жəне материалдарды өнімдерге дейін өңдеу операциялары мен үдерістердің жиынтығын технологиялық үдеріс деп атайды.
- Химиялық өндіріс үдерісінде бастапқы зат (шикізат) соңғы (мақсатты) өнімге дейін өңделеді. Бұл:
– негізгі химиялық үдеріс: – шикізатты дайындау (реакциялық қабілетті күйге ауыстыру); – шикізат компоненттерінің өзара химиялық əрекеттесуі; – алынған реакциялық қоспаны соңына дейін өңдеу сияқты бірнеше операциялармен жүзеге асырылады. - Шикізаттан дайын өнім алу мақсатында белгілі бір кезектесіп жүретін жəне бір-бірімен өзара байланысқан үдерістердің жиынтығын – химиялық-технологиялық үдеріс (ХТҮ) деп атайды.
Химиялық-технологиялық үдеріс – кезектесіп жүретін үш сатыдан тұрады:
ХТҮ-нің екінші сатысы – химиялық үдеріс, 1,3-физикалық үдеріс (механикалық, физикалық, физикалық-химиялық операциялардан құралған
ХТҮ-тің негізгі параметрлері: - ХТҮ-тің негізгі параметрлері:
- температура,
- қысым,
- реагенттер концентрациясы,
- катализатор сипаттамасы,
- реагенттердің жанасу ұзақтығы,
- реагент ағысының көлемдік жылдамдығы жəне т.б.
- ХТҮ-ті жүргізудің оптималды шарты:
- берілген сападағы мақсатты өнімнің жоғары шығымы,
- жоғары жылдамдық,
- төмен өзіндік құн,
- қоршаған ортаны мейілінше аз ластау.
- Күрделі ХТҮ-тің маңызды сатысы – химиялық үдеріс (жылу жəне масса алмасу үдерістерімен жүретін бір немесе бірнеше химиялық реакциялар). Осыдан, химиялық реакция – ХТҮ-тің анықтаушы сатысы.
Химиялық-технологиялық жүйе
Жүйе деп өндірістегі элементтер жəне байланыстар арасындағы біртұтас жиынтықты айтады.
- Химиялық-технологиялық жүйе (ХТЖ) – бастапқы затты (шикізат) өнімге дейін өңдеуге арналған аппараттардың, машиналардың, басқа қондырғылардың (элементтер) жəне материалдық, энергетикалық, басқа ағыстардың (байланыстар) өзара біртұтас жиынтығын айтады.
2-сурет. ХТЖ-ның иерархиялық құрылымы
- химиялық өнім шығару;
- элементтің көп түрлілігі жəне олардың өзара байланысы;
- жүйенің жұмысын сипаттайтын параметрлер санының көптілігі;
- жүйе жұмысының өзара байланыстылығы мен күрделілігі;
- өндіріс үдерістерін басқаруды автоматтандыру дəрежесінің жоғарылығы;
- жүйенің элементтер арасындағы ақпараттарды басқару жəне тіркеу.
Достарыңызбен бөлісу: |