Шикізат жəне материалдарды өнімдерге дейін өңдеу операциялары мен үдерістердің жиынтығын технологиялық үдеріс деп атайды.
Химиялық өндіріс үдерісінде бастапқы зат (шикізат) соңғы (мақсатты) өнімге дейін өңделеді. Бұл:
– негізгі химиялық үдеріс:
– шикізатты дайындау (реакциялық қабілетті күйге ауыстыру);
– шикізат компоненттерінің өзара химиялық əрекеттесуі;
– алынған реакциялық қоспаны соңына дейін өңдеу сияқты бірнеше операциялармен жүзеге асырылады.
Шикізаттан дайын өнім алу мақсатында белгілі бір кезектесіп жүретін жəне бір-бірімен өзара байланысқан үдерістердің жиынтығын – химиялық-технологиялық үдеріс (ХТҮ) деп атайды.
Химиялық-технологиялық үдеріс – кезектесіп жүретін үш сатыдан тұрады:
ХТҮ-нің екінші сатысы – химиялық үдеріс, 1,3-физикалық үдеріс (механикалық, физикалық, физикалық-химиялық операциялардан құралған
Күрделі ХТҮ-тің маңызды сатысы – химиялық үдеріс (жылу жəне масса алмасу үдерістерімен жүретін бір немесе бірнеше химиялық реакциялар). Осыдан, химиялық реакция – ХТҮ-тің анықтаушы сатысы.
Химиялық-технологиялық жүйе Жүйе деп өндірістегі элементтер жəне байланыстар арасындағыбіртұтас жиынтықты айтады.
Химиялық-технологиялық жүйе (ХТЖ) –бастапқы затты(шикізат) өнімге дейін өңдеуге арналған аппараттардың, машиналардың, басқа қондырғылардың (элементтер) жəне материалдық, энергетикалық, басқа ағыстардың (байланыстар) өзара біртұтас жиынтығын айтады.