Реакцияның элементарлы актісіне қатысатын молекуланың санына байланысты химиялық реакцияның молекулалығы бойынша моно-, би- жəне үшмолекулярлы реакциялар болып бөлінеді.
Кинетикалық теңдеудің түрі (химиялық реакция жылдамдығының реагенттер концентрациясына тəуелділігі) реакцияның реті бойынша жік теуге мүмкіндік береді. Реакцияның реті – кинетикалық теңдеудегі реагенттердің концентрацияларының дəреже көрсеткіштерінің қосындысы. Осыған сəйкес бірінші, екінші, үшінші, бөлшекті ретті реакциялар болады.
Өнеркəсіптік химиялық-технологиялық үдерістердің негізіне жататын химиялық реакцияларды өрнектеу үшін химияның негізгі заңдары – стехиометрия заңдары, химиялық тепе-теңдік жəне химиялық кинетика қолданылады.
Стехиометрия – əрекеттесуші заттардың массалары немесе көлемдерінің арақатынасы туралы ғылым. Стехиометрия негізіне – массалар сақталу, эквиваленттік, Авагадро, Гей-Люссак, құрамтұрақтылық, еселі қатынас заңдары жатады. Реакцияға қатысатын заттардың арақатынасы стехиометриялық деп аталады.
Реакцияның стехиометриялық теңдеуі массалар сақталу заңы негі зінде жазылады.
Энергия жылу немесе жұмыс түрінде енгізілгенде не болмаса шығарылғанда термодинамикалық жүйе күйінің өзгеруін термодинамикалық үдеріс деп атайды. Көптеген өнеркəсіптік химиялық реакциялар қайтымды. Бұл кезде химиялық өзгеру үдерісі екі бағытта жүреді. Бастапқы заттар арасында химиялық əрекеттесулермен қатар (тура реакция) өнімдер арасында əрекеттесулер (кері реакция) жүреді.
Үдерістің жүру барысында тура реакцияның жылдамдығы кемиді, кері реакцияның жылдамдығы артады. Бұл реакцияның жылдамдықтары теңескенде химиялық тепе-теңдік орнайды. Химиялық тепе-теңдік сыртқы жағдайлар өзгермеген кезде химиялық жүйені құрайтын заттардың молекулалар санының өзгермейтіндігін сипаттайды.