Эквиваленттік концентрация немесе нормальдық СН немесе Н – еріген заттың эквиваленті санының ерітінді көлеміне қатынасы. Өлшем бірлігі: моль/л.
Еріген заттың моляльдік концентрациясы b немесе моляльділікеріген зат мөлшерінің еріткіш массасына (1 кг) қатынасын көрсетеді. Өлшем бірлігі: моль/кг
мұндағы п – еріген заттың моль саны;
m1 – еріген заттың массасы;
m2 – еріткіштің массасы;
М – еріген заттың молярлық массасы.
Сұйық сулы ерітінділер үшін молярлық пен моляльділіктің сандық мәндері бірдей, өйткені сұйық ерітінділердің тығыздығы бірге жуық.
Титр Т еріген зат массасының ерітінді көлеміне қатынасын көрсетеді. Өлшем бірлігі: г/мл.
,
мұндағы m – еріген заттың массасы (г);
V – ерітінді көлемі (мл);
Э – эквиваленттің молярлық массасы;
СН – эквиваленттік концентрация.
Титрі белгілі ерітіндіні (титрленген ерітіндіні) дайындау үшін, қажетті көлемге есептелінген заттың дәл өлшендісін алып, дистильденген суда толық ерітіп, оны керекті көлемге жеткізеді.
Дисперсті жүйе туралы түсінік
Ағылшын химигі Томас Грэм (1860 ж) желім, желатин, альбумин және крахмал сияқты заттар, кәдімгі ерітінділерден пергамент немесе коллодийден дайындалған жарғақтан өту қабілеті бойынша өзгеше болатындығын табады. Егер коллодийден жасалған шағын дорба ішіне қант пен желім ерітіндісін салып, осы дорбашаны ағынды суға салса, дорбаша қабырғасынан қант ерітіндісі жеңіл өтеді де желім дорбашада қалып қояды. Мұндай әдісті диализ (сүзу) дейді. Өтпей қалатын заттарды гректің «kоlla» - «желім» деген сөзіне баламалап коллоидтар деп атайды. Томас Грэм дисперстік жүйенің қасиетін зерттейтін коллоидты химияның негізін қалаушы.
Шын ерітінділер – гомогенді жүйелер, ондағы бөлшектер ион, атом және молекула өлшемдері 5 нм жоғары емес. Жүйедегі бөлшек өлшемдерін бірнеше ондаған есе үлкейткенде гетерогенді жүйеге айналады. Мұндай жүйелерді дисперстік (ұсақ, майдалық) жүйелер дейді, ол екі фазадан тұрады: дисперсті орта және дисперсті фаза – дисперсті ортада аса ұнтақталған бөлшектер.
Дисперстік жүйенің маңызды сипаттамасы дисперстік дәрежесі, яғни дисперстік фаза бөлшектерінің орташа өлшемі. Барлық жүйелер дисперстік дәрежесі бойынша бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: |