Кез келген температурада тура реакция өздігінен жүретін бола алады
С (графит) + О2 = СО
∆H>0
∆S<0
∆G>0
Кез келген температурада тура реакция өздігінен жүре аламайды
СО = С (графит) + О2
∆H<0
∆S<0
∆G<0
∆G>0
Тура реакция төменгі температураларда өздігінен жүре алады және кері реакция – жоғары температура тұсында
СаО + СО2 = СаСО3
∆H>0
∆S>0
∆G>0
∆G<0
Тура реакция жоғары температура кезінде, ал кері реакция – төменгі температура кезінде өздігінен жүре алады.
СН4 + 2Н2О(г) = СО2 +4Н2
№6 Дәріс
Дәріс жоспары Химиялық реакциялардың жіктелуі.
Химиялық реакциялардың жылдамдығы.
Катализ.
Қайтымды және қайтымсыз реакциялар. Химиялық тепе-теңдік.
Ле-Шателье принципі.
Химиялық реакциялардың жүру зандылықтарын зерттеу, химиялық реакцияның жылдамдығы мен механизмін қазіргі теориялық ілім тұрғысынан зерделеу химиялық кинетиканың негізгі міндеті. Химиялық реакциялардың жіктелуі Химиялық реакциялар әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі:
1. Реакцияга қатысатын заттардың құрамы мен саны және өнімдері бойынша:
Қосылу (нәтижесінде бірнеше жай немесе күрделі заттардан бір күрделі зат алынатын реакциялар);
2Nа + С12 → 2NаС1
СаО + Н20 → Са(ОН)2
Ыдырау (нәтижесінде күрделі бір заттан бірнеше жай немесе күрделі заттар алынатын реакциялар)
СаСОз → СаО + С02↑
2Нg0 → 2Нg + 02↑
Орын басу (жай және күрделі заттар арасындағы реакциялар, онда жай зат атомы күрделі заттағы бір элементтің орнын басады) 2Na + 2Н2О → 2NаОН + Н2
2КВг + С12→2КС1 + Вг2
Алмасу (күрделі екі зат арасында жүретін реакциялар, ондағы заттар өздерінің негізгі құрамдық бөліктерімен алмасады) СuS04 + 2NаОН → Сu(0Н)2↓+ Nа2S04
МgО + 2НС1 → МgС12 + Н2О
Химиялық реакциялар 2. Реакция барысында энергияның бөлінуі немесе сіңірілуі бойынша: - экзотермиялық (жылу бөлінеді);
2С + О2 →2СО + 220 кДж
- эндотермиялық (жылу жұтылады);
С + Н2О(газ) → СО + Н2 - 132 кДж
3. Реакцияға қатынасатын бөлшектер (молекула, ион, радикал) типі бойынша:
- тізбекті немесе радикалды: Сl2 + hv →2C1. Cl . + H2 →HCl + H . Н. + С12 → HC1 + СІ. және т.с.с.
4. Заттарга энергетикалық тұрғыдан әсер ету типі бойынша: