Химиялық термодинамиканың негізгі түсініктері мен анықтамалары



бет10/18
Дата16.06.2022
өлшемі90,55 Kb.
#146677
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Байланысты:
Документ хим

Реакция бағыты 

Реакция мысалы

∆H<0

∆S>0

∆G<0

Кез келген температурада тура реакция өздігінен жүретін бола алады

С (графит) +  О2 = СО

∆H>0

∆S<0

∆G>0

Кез келген температурада тура реакция өздігінен жүре аламайды

СО = С (графит) +  О2

∆H<0

∆S<0

∆G<0
∆G>0

Тура реакция төменгі температураларда өздігінен жүре алады және кері реакция – жоғары температура тұсында

СаО + СО2 = СаСО3

∆H>0

∆S>0

∆G>0
∆G<0

Тура реакция жоғары температура кезінде, ал кері реакция – төменгі температура кезінде өздігінен жүре алады.

СН4 + 2Н2О(г) = СО2 +4Н2

№6 Дәріс 
Дәріс жоспары 

  1. Химиялық реакциялардың жіктелуі.

  2. Химиялық реакциялардың жылдамдығы.

  3. Катализ.

  4. Қайтымды және қайтымсыз реакциялар. Химиялық тепе-теңдік.

  5. Ле-Шателье принципі.

Химиялық реакциялардың жүру зандылықтарын зерттеу, химиялық реакцияның жылдамдығы мен механизмін қазіргі теориялық ілім тұрғысынан зерделеу химиялық кинетиканың негізгі міндеті.
Химиялық реакциялардың жіктелуі
Химиялық реакциялар әртүрлі белгілері бойынша жіктеледі:
1. Реакцияга қатысатын заттардың құрамы мен саны және өнімдері бойынша:

Қосылу
(нәтижесінде бірнеше жай немесе күрделі заттардан бір күрделі зат алынатын реакциялар);
2Nа + С12 → 2NаС1
СаО + Н20 → Са(ОН)2




Ыдырау
(нәтижесінде күрделі бір заттан бірнеше жай немесе күрделі заттар алынатын реакциялар)
СаСОз → СаО + С02↑
2Нg0 → 2Нg + 02↑




Орын басу
(жай және күрделі заттар арасындағы реакциялар, онда жай зат атомы күрделі заттағы бір элементтің орнын басады) 2Na + 2Н2О → 2NаОН + Н2
2КВг + С12→2КС1 + Вг2




Алмасу
(күрделі екі зат арасында жүретін реакциялар, ондағы заттар өздерінің негізгі құрамдық бөліктерімен алмасады) СuS04 + 2NаОН → Сu(0Н)2↓+ Nа2S04
МgО + 2НС1 → МgС12 + Н2О

Химиялық реакциялар
2. Реакция барысында энергияның бөлінуі немесе сіңірілуі бойынша:
- экзотермиялық (жылу бөлінеді);
2С + О2 →2СО + 220 кДж
- эндотермиялық (жылу жұтылады);
С + Н2О(газ) → СО + Н2 - 132 кДж
3. Реакцияға қатынасатын бөлшектер (молекула, ион, радикал) типі бойынша:

  • молекулалық: 2К3РО4 + ЗСаSО4 → Са3(РО4)2↓ + ЗК2SО4

  • иондық: ЗСа2+ + 2РО43– → Са3(РО4)2

тізбекті немесе радикалды: Сl2 + hv →2C1.
Cl . + H2 →HCl + H .
Н. + С12 → HC1 + СІ. және т.с.с.
4. Заттарга энергетикалық тұрғыдан әсер ету типі бойынша:

  • термохимиялық: 2Н2(г) + О2(г) = 2Н2О(с) + 571,6 кДж

  • электрохимиялық (электролиз):

2NaCl + 2H2О  H2↑ + С12↑+ 2NaОH
- фотохимиялық (фотосинтез):
nCО2+mH2О  Сn(H2О)m +nО2
көмірсу
5. Реакцияласатын кеңістіктің сипаты бойынша:

  • гомогенді (біртекті ортада жүреді);

  • гетерогенді (фаза аралық жанасу бетінде жүреді);

6. Әрекеттесуші заттар молекуласындағы элементтер тотығу дәрежесінің өзгерісібойынша:

  • тотығу-тотықсыздану (электрондар тасымалданатын реакциялар);

  • тотығу-тотықсыздану емес (электрондар тасымалданбайтын реакциялар)

7. Катализатордың (өршіткінің) болуына байланысты:

  • каталитикалық (катализатордың қатысуымен жүретін);

  • каталитикалық емес (катализаторсыз жүретін);

8. Қайтымдылық белгісі бойынша:

  • қайтымсыз (тек бір бағытга жүретін);

  • қайтымды (бір сәтте әрі тура, әрі кері бағытта жүретін).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет