«химияны оқыту әдістемесі» (hoa3301)


Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың сабақта алған білімін тереңдетеді, сарамандық біліктер мен дағдылар алуына жәрдемдеседі



бет2/5
Дата14.12.2021
өлшемі289,63 Kb.
#126899
1   2   3   4   5
Байланысты:
Lectur №15,16 лекция презентация

Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың сабақта алған білімін тереңдетеді, сарамандық біліктер мен дағдылар алуына жәрдемдеседі.

  • Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың сабақта алған білімін тереңдетеді, сарамандық біліктер мен дағдылар алуына жәрдемдеседі.
  • Олардың түрлері, мазмұны және әдістері сабақтағыдан өзгеше болып келеді.
  • Олардың мазмұны бағдарлама арқылы шектелмейді, мектептің жағдайына, оқушылардың қызығуына қарай анықталады. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырғанда еріктілік негізі сақталады және оларды жүргізудің негізгі әдісі - оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары. Мұғалім ақыл – кеңесін беріп, бағыттап отырады.

Сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері мен ұйымдастырылу негіздері:

оқушылардың химияға құштарлығын жоспарлы дамыту;

сыныптан тыс жұмыстарға қоғамдық мән беру;

теориялық және сарамандық жұмыстарды ұштастыра жүргізу;

сабақта өтілген материалдармен байланысын қамтамасыз ету;

жұмыстың түрін таңдаудағы оқушылардың еріктілігі мен орындаудағы міндеттілігін, ұйымдастыру жұмыстарындағы белсенділігі мен дербестігін қамтамасыз ету;

көпшілік және жеке жұмыстарды ұштастыру; сыныптан тыс жұмыстарға кәсіптік бағдар беру.

Химиядан жүргізілетін тыс жұмыстар үшке жіктеледі.

көпшілік

жеке жұмыстар



Жеке жұмыстар: кітаппен жұмыс, хабарлама, реферат және баяндама әзірлеу, құрал және көрнекі құралдар жасау, шағын зерттеулер жүргізу және т.б.

топтық


Топтық жұмыстар: химиялық үйірмелер, жас химиктер клубының және қоғамының секциялары, химиялық бюллетень шығару, көрме ұйымдастыру, топтық зерттеу жұмыстары.

Көпшілік жұмыстарға жататындар: жас химиктер қоғамы, химиялық кештер, олимпиадалар, химия апталығы онкүндігі және айлығы, конференциялар, т.б.

Химиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет