аналитикалық химия үйірмелерінің тақырыптары, бағдарламасы берілген, әдебиеттердің тізімі көрсетілген.
Бұл құжат бағыт – бағдар беру үшін ғана жарияланады, үйірме жұмыстарының факультативтерден айырмасы олардың мазмұны бағдарлама арқылы қатаң шектелмейді, оқушылардың дара ерекшеліктерін, икемділіктерін ескеріп жүргізіледі.
Бір үйірмеге қатысатын оқушылар саны 10-12 - ден аспайды. Бірінші жылы (VIII сынып) оқушылар зертханада жұмыс істеу және қауіпсіздік техникасын сақтау шараларымен толығырақ танысады. Заттарды тазарту, ерітінділер дайындау, химия зертханасына қажетті кейбір заттарды алумен шұғылданады, сарамандық біліктер мен дағдыларды игереді.

Химияның тұрмыста қолданылуына байланысты тәжірибелер жасайды, киімдегі дақты, ыдысқа жұққан кір мен жабысқан қақты кетіру жолдарымен танысады.
Химияның тарихымен шұғылданатын үйірменің мүшелері химиялық элементтердің ашылу тарихымен, көрнекті ғалымдардың өмірі және еңбегімен танысады, музейлерге, көрмелерге, өндіріс орындарына топсеруенге барады.
Бақылау сұрақтары:
Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны, түрлері, ұйымдастырылуы және әдістері жағынан сабақтардан және факультативтік сабақтардың айырмасы қандай?
Химиялық олимпиадалар не үшін және қалай өткізіледі? Мектепте химиялық олимпиада өткізудің әдістемесі қандай?
Химиялық үйірмелердің негізгі сипаттамалары, оларды ұйымдастыру әдістемесі қандай?
Жеке жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлері қандай?