Химияны оқытуда жаңа типті оқу-танымдық тапсырмаларды пайдалану



Дата25.08.2017
өлшемі48,72 Kb.
#27189



ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ЖАҢА ТИПТІ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Сәдуақасқызы Күлбарам-Қорқыт Ата атындағы ҚМУ профессоры, п.ғ.к.,

Абызбекова Гүлмира–Қорқыт Ата атындағы ҚМУ қауымд. профессор м.а.

Аннотация. Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттың құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу. Білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттеріне оқыту міндетімен қатар оқыту нәтижесін жүйелі түрде бақылап отыру көзделеді. Қазіргі таңда оқу-танымдық тапсырмалардың әртүрлі жаңа типтері қолданылуда.Олардың басты дидактикалық мақсаты – өзіндік әрекет арқылы оқу материалын игеруге оқушының өзін қатыстыру.

Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінің алдына қойылған міндеттерді шешу негізінде білім беру саласындағы басты проблема-әлеуметтік педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізу және жаңа, тиімді әдістерін іздестіру болды. Олардың талабы бойынша оқытудың басты мақсаты: өздігінен білім алып дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлғаны қалыптастыру үшін біріншіден, оқушылардың жас ерекшелігін ескеру, екіншіден оқушылардың қабілетін анықтау. Үшіншіден білім деңгейін анықтай отырып, өз бетімен жұмыс жасауға үйрету. Төртіншіден оқушылардың даму деңгейін қадағалау, даму мониторингін құру. Бесіншіден әр оқушының стандарт көлемінде тиянақты білім алып шығуына көңіл бөлу. Алтыншыдан, қабілетті оқушылардың даму деңгейін шығармашылыққа ұштастыру.

Ұлы педагог Л.Выготский «Әр балаға берілетін тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықтап беріліп, әр баланы өзінің даму зонасында жетілдіру керек» деген болатын.

Міне, осы мәселелерді жүзеге асыру үшін, өсіп келе жатқан жас қрпақты заман талабына сай оқытып, білім беруде жаңа технологияларды қолданудың қажеттілігі туындады. Солардың бірі дамыта оқыту технологиясы. Мақсаты:



  • Әрбір оқушыға оқып- тану үрдісінің өзіндік өзгеретін субьектісі ретінде дамуға жағдай жасау;

  • Қасиет-қабілеттерін дамыту;

  • Оқушылардың теориялық ойлауы мен тілін дамыту; Міндеттері:

  • Оқушылардың базалық білім, ептілік, дағдыларын (білім беру стандарты бойынша)

  • Оқыту үрдісінде оқушының теориялық және өнімділік ой құрастыру әрекеттерін, танымдық қабілеттерін белсендіру;

• Оқушылардың танымдық қызығуларын, оқуға деген мотивациясын дамыту;

• Оқу материалын игеруде және іс- әрекеттерінде жете ұғынуға талпындыру;

• Белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын, серіктестігін ұйымдастыру;

• Көбіне оқу жұмысының топтық түрлерін қолдану;

• Оқушылардың өзіндік жұмыстарының ізденісті-зерттеу түрлерін ұйымдастыру;

• Оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолдану;

• Оқыту барысында әр түрлі шапшаңдықпен және әр түрлі көлемді оқу материалын игерудің мүмкіншілігін ашу;

• Дамытушы оқытуға арналған ойындарды қолдану;

• Жаттығу сабақтарын сапалы ұйымдастыру.

Мазмұнының негізі:

• Дамыту үрдісіндегі оқушылардың игеретін іс- әрекеттерді қалыптастыру ұстанымдарын анықтайтын ғылыми түсініктер;

Пинципі:

• Сабақтың құрылымын проблемалық сабақ ретінде құру;

• Оқушылардың ойлау қызметін белсендіруде практикалық, теориялық сияқты түрлі ой операциялары мен ой амалдарын қолдана отырып сапалы түрде теориялық ойлауын дамыту ұстанымы;

• Пәнді оқытуда индивидуалдық және саралай оқыту талаптарын ескеру;

• Оқушылардың тілдік құбылысты оқып-меңгеруіндегі ой қызметінің қадамдық, сатылық, проблемалық, шығармашылық қызмет түрлерін қалыптастыру;

• Оқытудың ғылымилығы мен жүйелігі;

Әдіс- тәсілдері:

Оқу мақсаттарының қойылуы;

• зденушілік-зерттеушілік әрекеті;

• Табылған шешімді дәлелдеу;

• Шешімді тексеру;

Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс- әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

Дамыта оқытудың тағы бір ерекшелігі сынып оқушыларын «жақсы», «жаман» оқушылар деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы.

Қазіргі таңда оқу-танымдық тапсырмалардың әртүрлі жаңа типтері қолданылуда.Олардың басты дидактикалық мақсаты – өзіндік әрекет арқылы оқу материалын игеруге оқушының өзін қатыстыру. Оқу-танымдық тапсырмалардың жаңа типтеріне мынадай тапсырма түрлері жатады:

1.Оқытушы (үйретуші) тапсырмалар. Сыныпта оқулықпен жұмыс істеуге арналған. Әдетте, бұл тапсырма көршімен немесе 4 оқушыдан тұратын топтарда орындалады. Бұл тапсырмалар оқулықта берілген жаңа материалды танып-білуге бағытталған.

2. Білім мен біліктерді бекітуге арналған тапсырмалар. Бұл тапсырмаларды сыныпта немесе үйде орындауға болады. Олар сабақта алынған жаңа білімді жетілдіруге бағытталған.

3. Қол жеткізілген білім мен біліктерді қолдануға арналған тапсырмалар. Бұл тапсырмаларды да сыныпта немесе үйде орындауға болады. Бұл тапсырмалармен жұмыс істегенде бар білімді, сондай-ақ сабақтан алған білімді пайдалануды үйрену керек.

4. Қосымша ақпарат көздерімен жұмыс істеуді талап ететін тапсырмалар. Бұл тапсырмалар, әдетте, үйде қосымша әдебиетті, компьютер мен желілік ресурстарды пайдалану арқылы орындалады

5. Өзін-өзі бақылауға арналған тапсырмалар. Бұл тапсырмаларды да сыныпта немесе үйде орындауға болады. Бұл тапсырмалармен жұмыс істегенде сабақтан алған білімді пайдалануды үйрену керек.

6. Зерттелетін тақырып бойынша қосымша ақпарат. Ғылыми таным барысының мәнісін түсіндіруге арналған мәтіндер үкі белгісімен белгіленген.

Осы типтес жаңа оқу-танымдық тапсырмаларды химияны оқыту үдерісінде үздіксіз жүйелі түрде пайдалану оқушыға өзінің білім алу үдерісіне қатысуына қолайлы жағдай туғызып оны оқыту үдерісінің субъектісіне айналуына мүмкіндік туғызады.



ӘДЕБИЕТ

1. В.М. Алексинский "Занимательные опыты по химии"- М.: «Просвещение». 2. Г.Е. Рудзитис, Ф.Г. Фельдман " Химия " 9кл., 2005.

3. Врублевский А.И.. Решение заданий химических превращений с тестовым самоконтролем для школьников и абитуриентов – Мн.: ООО «Юнипресс», 2003.- 176с.

4. Сабыров Т.С.Педагогика институттарында оқу-тәрбие процесін жетілдіру. Алматы «Мектеп», 1985 жыл.

5. Салина Р.М. Тестілер құруға әдістемелік нұсқаулар. –Алматы, 1994 ж.

6. Современные педагогические технологии в школе. Ростов -на Дону.


/Феникс/ 2004г. 116-129 стр.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет