2.Эквиваленттер заңы. Эквиваленттер заңы - химиялық заң-дардың ішіндегі ең бір негізгісі. Олар химиялық элементтер бір-бірімен өздерінің химиялық эквиваленттеріне сай, белгілі сандық қатынаста әрекеттесетінін белгілейді. Эквивалент дегеніміз бағалары тең деген сөз.
Элементтің химиялық эквиваленті деп, сутек массасының 1,008 бөлігі (м.б.) немесе оттек массасының 8,0 бөлігі қосыла-тын осы элементтің мөлшерін немесе қосылыстарында орынын басатын осындай мөлшерді айтады.
Элементтің эквивалентін (эквивалентті массасын) оның су-текпен қосьшысы арқьшы анықтау міндетті емес. Берілген элементтің эквивалентін эквиваленті белгілі кез келген басқа элемент арқылы, қосындысының қүрамы бойынша есептеуге болады. Көптеген эле-менттер бірімен-бірі бірнеше қосылыстар түзуі мүмкін.
Сондықтан берілген элемент бір емес, бірнеше эквивалент көрсетуі мүмкін. Мысал ретінде, көміртек оксиді мен диоксидінің эквивалентін анықтайық. Көміртек оксидінде СО (II) көміртектің 12 м.б. оттектің 16 м.б. қосылып түр, яғни, көміртектің эквиваленті алтыға тең. Көміртектің диоксидінде СО2 (IV) көміртектің 12 м.б. оттектің 32 м.б. қосылып тұр, яғни, оттектің 8 м.б. көміртектің 3 м.б. келеді. Демек, көміртектің эквиваленті үшке тең.
1971 жылы өлшемдердің халықаралық жүйесіне "Зат мөлшері" деген үғым нгізілді, оның өлшемі "моль". IUPАС анықтамасы бойынша:
Достарыңызбен бөлісу: |