Хирургия 3 уровень
Амбулаторлық хирургқа оң білегінде ластанған тістелген жарасы бар науқас келді. Анамнезінде – бұралқы иттің шабуылы. Төменде көрсетілгендердің қайсысы осы науқасқа көрсетілмеген//
жараны алғашқы хирургиялық өңдеу//
жараны тігу//
антибиотик енгізу//
сіреспені алдын алу//
гангренаға
қарсы сарысуды енгізу
****
Амбулаторлық хирургқа оң қолының 2 саусағында қатты ауырсыну, дене температурасының 37,9°С көтерілуіне шағымданып науқас келді.Қарағанда саусағының көлемі ұлғайған, дұрыс емес пішінді, терісі көгерген, саусақ буындарында қозғалыс жоқ. Ауру ұзақтығы – 5 тәулік. Ең ықтимал диагноз?//
сүйектік панариций//
тендовагинит//
пандактилит//
теріастылық панариций//
остеомиелит
****
Амбулаторлық хирургқа оң қолының 3 саусағының дистальді фалангасы бойымен интенсивті, сырқыраған ауру сезімі, дене температурасының 39° С көтерілуі, бас ауруы, жалпы әлсіздікке шағымданып науқас келді.Қарағанда фаланга колба тәрізді қалыңдап, оның терісі гиперемияланған. Саусақты ось бойынша қысса, қатты ауырсыну сезімі болады. Ауру ұзақтығы – 3 тәулік. Ең ықтимал диагноз//
сүйектік панариций//
тендовагинит//
пандактилит//
теріастылық панариций//
паронихий
****
Амбулаторлық хирургтың қабылдауына сол аяғының 1 саусағына тырнақ өсіп кірген науқас келді. Қарағанда айқын емес гиперемия және тырнақ пластинкасы аймағында ауру сезімі анықталды. Осы науқасқа не көрсетілген?//
тырнақ пластинкасын ұзына бойы резекция жасау//
тырнақты алып тастау//
аяқ
басының гигиенасы, марганцовкамен ванночкалар, кейін – оперативті емдеу//
емдеу қажет емес//
хирургиялық стационарға жатқызу
****
Амбулаторлық хирургқа температурасы 38° С, қалтырау, айқын бас ауруына шағымданып науқас келді. Қарағанда шүйде аймағында тығыз, ауыратын көк-қызыл инфильтрат анықталды, терісінде ірің шығып тұрған бірнеше жыланкөз тесіктері бар. Диагноз қойыңыз//
абсцесс//
карбункул//
флегмона//
фурункул//
гидраденит
****
Амбулаторлық хирургтың қабылдауына оң білектің инфицирленген жарасы бар науқас келді. Жарадан проксимальді бұрау тәрізді инфильтрат пен гиперемия жолағы созылып жатыр. Осы аймақты пальпациялағанда ауру сезімі байқалады. Қандай асқыну дамуы мүмкін?//
абсцесс//
тендовагинит//
бағаналы лимфангит//
гидраденит//
флегмона
****
Амбулаторлықхирургтыңқабылдауынаретромаммарлыабсцессі бар науқаскелді. Абсцессті ашуды қандай тілумен жүргізген жөн?//
без астындағы складка бойынша жиектейтін тілумен//
бездің жоғарғы квадрантында радиальді тілумен//
бездің төменгі квадрантында радиальді тілумен//
емшекұшы жанындағы тілумен//
сүт безінің секторлы резекциясы
****
Емханада хирург қабылдауында науқас нәжістен кейін ауыру сезіміне және кішкене қанауға, іш қату мен үлкен дәретке баруға қорқатынына шағымданды. Қандай ауруды болжауға болады?
геморрой//
параректальді жыланкөз//
анальді сфинктрдің жетіспеушілігі//
анальді тесіктің жарығы//
тік ішек обыры
****
Емханаға хирургке науқас асқазанының қайта- қайта ауруына шағымданып келді. Тексеруде асқазан полипі анықталды. Қандай полиптерді эндоскопиялық технологияларды қолданып емханада алып тастауға болады?//
ахилиялық гастрит фонындағы полиптерді//
асқазанның тоталді полипозы//
жалғыз безді полип//
жалпақ негізді(2 см көп)//
асқазан жарасы түбінің полипі
****
Емхана хирургіне пельвиоректальді парапроктиттің ерте сатысына не тән емес екенін есте сақтау керек?//
гиперемияланған бұтаралық инфильтратты//
жамбас астауында ауру сезімі//
бұтаралық терісінде өзгеріс болмауы//
жоғары температура//
айқын интоксикация
****
62 жастағы науқасты асқынған аяқ көктамырларының варикозды ауруы бойынша мүгедектік тобын дайындау үшін емхана хирургі симптомдар қатарын зерттеді. Сонда аяқ көктамыр варикозы ауруының асқынуына жатқызылмады//
трофикалық жара//
созылмалы көктамырлық жетіспеушілік//
кезектесетін ақсаңдау//
көктамырлар тромбозы//
экзема
және дерматит
****
Емханада хирургқа аяқтардың көктамырлық жетіспеушілігімен науқас келді (симптомдары төменде). Посттромбтық аурудың ерте симптомдарына жатпайды//
балтырдың төменгі үшінің теріастылық және ұсақ терілік көктамырларының кеңеюі//
тобық аймағында ісіну//
балтырдың төменгі үшіндегі теріде ауыратын тығыздалу//
трофикалық жара//
аяқтардың теріастылық варикозы
****
Хирургиялық амбулаторияда жас дәрiгер iлеспе дәрiгерлiк құжаттаманың зерттеуiнде науқасқа жедел гангренозды аппендицит, жергілікті перитонит және пилефлебитке байланысты операция жасалғанын анықтады. Науқасқа аппендэктомиядан басқа жоғарлаушы тоқ iшектiң алыптастауымен релапаротомия жасалды. Науқаста қандай асқыну пайда болды?
жайылған перитонит//
пилефлебит//
қурт тәрізді осіндісі культясының жетіспеушілігі//
Дуглас кеңістігінің абсцессі//
жедел ішек түйілуі
****
Ауылдық учаскелік амбулаторияға хирургқа шынтақ аймағында жыртылған жарасы және артериальді қан кетумен тракторшыны әкелді. Науқасқа жансыздандыратын дәрілер енгізілді, көктамырішілік инфузия үшін система қойылды және жарадан жоғары бұрау салынды.Тамырлық стационарға мамандандырылған көлікпен апаруға шешілді. Бұрауды периодты таратусыз қанша ұстауға болады?//
1 сағат//
2 сағат//
3сағат//
4 сағат//
30 минут
****
Хирург қабылдауына тұрақты күштi iштегі ауру сезімі бар науқасты әкелдi. Анамнезден 3 сағат бойы ауырғаны анықталған. Гемодинамика объективті - тұрақсыздық, пульс - 90 рет./мин, кіндік деңгейінде пульс тайтынтүзіліс пальпацияланады, санартерия ларының пульсі әлсіз. Науқас бозарыңқы.Қандай ауруды болжауға болады?//
12-екі ішектің жарасынан кан кету//
панкреонекроз//
қолқаның қабықтанған аневризмасы//
миокард инфаркті//
мезентериальді тромбоз
****
Емханада 45 жастағы науқасты қарағанда анықталды сарғаю, асцит, спленомегалия, қара нәжіс, анемия.
Анамнезде пневмония, Боткин ауруы және аппендэктомия болған. Қандай ауру осындай клиникалық көріністің себебі болады?//
асқазанның ойық жарасы қан кетуімен асқынды//
өт-тас ауруы механикалық сарғаюмен асқынды//
Бадд-Хиари синдромы//
лейкоз//
жедел панкреатит
****
Емханада хирургқа оң сан тамырларының жарақаттық зақымдануы бойынша стационарлы емделуден кейін жас науқас келді. Осы кезеңде қандай асқынудың дамуын хирург болжауы мүмкін?//
жалған артериальді аневризма//
облитерациялаушы атеросклероз//
Бюргер тромбангииті//
«қосылу» синдромы//
жедел бүйрек жетіспеушілігі
****
Емханада хирургқа 2 жыл бұрын стационарда синтетикалық протезбен мықын- сан сегментінің оң жағын протездеу жасалған науқас келді. Науқас сонғы айда жүру кезінде балтыр бұлшықетінде периодты ауру сезімін, аяқтары шаршайтынын, салқындағанын байқайды. Осы науқаста операциядан кейін қандай асқыну дамуы мүмкін?//
протез тромбозы //
жалпақ табан//
ангиотрофопатия//
флеботромбоз//
посттромбозды ауру
****
Амбулаторлық хирургтің қабылдауына төс аймағындағы ауру сезіміне шағымданып жас науқас келді. Анамнезден бірнеше күн бұрын жаттығуда төс аймағына қатты соққы алғаны анықталды. Бұл кезде жүрек зақымдануына не тән?//
жүрек соғуы //
аритмия //
жүрек ацмағындағы ауру сезімі//
жүрек тондарының тұйықталуы //
аталғандардың барлығы
****
Емханада хирург науқаста оң жақтағы V-VII қабырғаларының көптеген сынығын анықтады. Бұл кезде плевра мен өкпе тіні зақымдынуына қандай белгілер тән?//
ентігу//
сол иық үстіне берілетін төс артындағы ауру сезімі//
көкірек аралық көлеіңкесінің ауытқуы//
теріастылық эмфизема //
жүрек көлеңкесінің ұлғаюы
****
Амбулаторлық хирургтің тәжірибесінде білектің қандай сынуы көп кездеседі?//
перелом луча в типичном месте
жоғарғы үшінің сынығы
төменгі үшінің сынығы
буынішілік сыну
сынып шығу
****
Лукашевич-Оберст бойынша саусаққа өткізгіштік анестезияны жасағанда новокаинді енгізу жүргізіледі//
саусақ негізінде және негізгі фаланганың латеральді жақтарында//
саусақтың ішкі бетінде//
саусақтың барлық фалангаларының латеральді жақтарында//
барлық фалангалардың сыртқы жағынан//
қолдың сыртқы жағынан
****
Емханаға іштің жоғарғы жағындағы қатты ауру сезімі бар 32 жасты науқас түсті. Он екі елі ішек жарасының перфорациясынан кейін алғашқы 6 сағатта не тән емес?//
"пышақ сұққандай" ауру сезімі//
«кофе тәрізді» құсық //
жиі үлкен дәрет//
қан түкіру//
мелена
****
Онекі ішек ойықжара ауруы бар науқаста перфорациядан кейін 3күн өткенде перитонит
белгілері анықталған жоқ, температура қалыпты, лейкоцитоз - 7,2х10^, құрсақ қуысының рентгенограммасында - пневмоперитонеум көрінісі. Емхана хирургі не істеу керек?//
емханада бақылау//
суда еритін контрасты зат беріп, асқазан рентгенографиясын жасау//
науқасты хирургиялық стационарға жіберу//
қатаң төсектік режим тағайындау//
көп көлемді антибиотикотерапия тағайындау
****
Емханада хирург науқасқа жедел рецидив беруші калькулезді холецистит диагнозын қойды. Қандай симптом қабынудың гангренозды екенін айқындайды?//
бауыр тұйықталуының болмауы
интоксикация күшейгенімен ауру сезімі басылады
ұстамалы ауру сезімі
оң қабырға астындаЩеткин-Блюмберг симптомы
пальпацияланатын өт қабы.
****
Емханада хирургқа 20 жыл созылмалы калькулезді холециститпен ауыратын 60 жастағы науқас келді. Осы патологияның қандай асқынулары болуы мүмкін?//
өт қабының шемені//
12- елі ішектің ойық жара ауруы//
жалпы өт жолының дивертикулиті//
Мерризи синдромы//
өңеш көктамырларының варикозды кеңеюі
****
Емханада хирург аппендэктомия операциясынан кейін 10 тәулікте науқасты зерттеген кезде симптомдар қатарын анықтаған. Олардың қайсысы дуглас кеңістігі абсцессінің белгілері болып табылады?//
Алдыңғы құрсақ қабырғасының бұлшықеттерінің кернеуі//
Щеткин-Блюмберг симптомы оң//
тік ішектің алдыңғы қабырғасының ауруы және шығып тұруы//
диафрагманың шектелген қозғалысы//
көпреттік құсу.
****
Хирург ілеспелі медициналық құжатнаманы зерттеп, науқастадивертикулэктомия болғанын байқады. Меккель дивертикулы қай жерде орналасқан?//
соқыр ішекте//
мықын ішекте//
сигматәрізді ішекте//
бауырсыртылық өт жолдарында//
асқазанда.
****
Хирург емханада зерттеу жүргізгенде 36 жасар науқаста оң жақты қысылған сан жарығын анықтады. Бұл ауру кезінде қандай аурумен ажырату диагнозын жүргізу қажет емес?//
шап жарығымен//
шап лимфоаденитімен//
варикоцелемен//
орхоэпидидимитпен//
дөңес шұңқыр аймағында варикозды түйін тромбофлебитімен
****
19 жасар ер адамда статикалық жүктемеден кейін бұрын болған
сол жақты шап жарығы шығып, қайтып кірмеді. Науқас өзі жарықты бірнеше рет кіргізуге тырысты, кейін емханаға хирургке келді. Осындай жағдайда не істеу керек?//
1сағаттан соң жарықты қайтып кіргізіп көру//
спазмолитик енгізу//
қатаң төсектік режим тағайындау//
құрсақ қуысының рентген суретін жасау//
науқасты хирургиялық стационарға жіберу
****
Емханадағы хирургқа 63 жасар науқас келді. Шағымдары: жүдеу, тәбеттің болмауы, іштегі ауру сезімі, кейде метиоризм, іш қату, анустан шырыш бөліну. Ауру ұзақтығы 3 ай. Бұл симптомдар қандай ауруға тән?//
странгуляциялық ішек өтімсіздігіне//
ісіктік тоқ ішектік өтімсіздік//
сигмоидитке//
колитке//
энтеритке
****
Емханада хирург науқасты қарағанда оң жақ бұғана астына берілетін оң қабырға астынында ауру сезімі, гектикалық қызба, диафрагманың оң куполының жоғары тұруы және лейкоцитоз анықталған. Аталған клиникалық көрініс қай ауруға сәйкес келеді?//
гангренозды аппендицит//
жеделпанкреатит//
дуглас кеңістігінің абсцессі//
диафрагмаастылық абсцесс//
жедел холецистит
****
Емханада асқазан денесінің ісігі бар науқасты тексергенде ісік пальпацияланғаны және бірнеше асқынулары бар екеніанықталды.Аталғандардың қайсысы ісікті резекцияға келмейтінін көрсетеді?//
айқын емес қан кету мен анемия болуы//
ЭТЖ жоғарылауы //
Құрсаққуысындағысұйықтық//
оң өкпедегі жалғыз метастаз//
көптеген метастаздар
****
IV дәрежелі асқазан ісігі бар науқасты тексергенде амбулаторлық хирург Шницлер метастазын анықтады. Ол орналасқан//
сол жақ бұғанаүсті аймағында//
кіндік аймағында //
дуглас кеңістігінде//
бауырда //
өкпеде
****
Амбулаторлық хирургтің қабылдауына сол жақ мойынның колото-резаный жарасы бар мас күйінде жас ер адамды алып келді. Науқас жұту кезінде жара ауруы және дисфагияға шағымданады. Шок және қан кету жоқ. Объективті қарағанда теріішілік эмфизема анықталды. Науқастың қандай мүшелері зақымдалуы мүмкін?//
Өкпе//
өңеш//
тек қана мойын бұлшықеттері//
мойын тамырлары//
көмей
****
Амбулаторлық дәрігердің қабылдауына бірінші башпайынын тырнағы ішке өскен пациент келді.Обьективті карауда тырнақ пластинкасында гиперемия және ауыру сезімібайқалады. Берілген пациентке кандай көрсеткіштер беріледі?//
Тырнақ пластинкасының көлденең резекциясы;//
Тырнақты
алып тастау;//
аяқ гигиенасы, марганцовкамен ванна, кейін – хирургиялық ем;//
Ем қажет етпейді//
Батадинмен таңу
****
Емхана хирургі білуі міндет: геморройдың пайда болуына әкелмейді://
Екі реттік дефекация акті;//
Долихосигма;//
Аналь каналының созылмалы қабынуы;//
Тұқым қуалау;//
Статистикалық күш түсіру.
****
Геморройдың карапайым асқынуы болып саналмайды://
Аналды тесігінің жарылулары;//
Қан кету;//
Геморроидальдітүйіндердің тромбозы;//
Тік ішектің пролапсы;//
Түйіндердің пролапсы.
****
Емханадағы созылмалы ауруы бар ауруға хирург пектиноз диагнозын қойды. Берілген асқыну тән://
геморрой;//
аналь тесігі жарылулары;//
парапроктит;//
параректальді жыланкөздер;//
тік ішек пролапсы.
****
Емханадағы хирург қабылдауында болған науқаста бірнеше симптомдар табылды.Арасында Педжета-Шреттер ауруына тән емесі://
Бет
пен мойын цианозы;//
Қолдың ауыруы;//
Қол терісінің цианозы, венозды суреттің күшеюі;//
Қолдың ісінуі;//
Горнер синдромы.
****
Емханада 68 жастағы көптеген бірлескен патологиямен оташы қабылдауына келді. Бұл ретте варикозды аурудың белгілері болып табылмайды://
аяқ-қолдардың дисталді бөлімдерінің кешке қарай ісінуі//
ұстамалы ақсақтық//
терінің трофикалық бұзылыстары//
түнгі тырысулар//
теріасты көктамырларының көрнекі созылулары
****
Амбулаторлы оташы қабылдауында 32 жастағы әйел варикозда аурудың емдеу мүмкіндіктерінің анықтап беруін сұрады. Бұл жағдайда аяқ варикоз ауруының склеротерапиясының қарсы көрсеткіштері қандай?//
терінің трофикалық бұзылыстары//
көктамырлардың магистралды архитектоникасы//
артериялардың жабыспалы ауруы//
түңгі тырысулар//
жүктілік
****
Емханада жабыспалы атеросклероздың 3 кезеңі бар науқас оташыға шағымданды. Бұл науқасқа қандай белгілер тән?//
тыныштықта ауырсыну//
тері жабындыларының ылғалдылығы//
жайтабандылық//
Гоманс симптомы//
анемия
****
Емханада оташы 48 жастағы науқаста IБ кезеңді оң аяқтың жедел артериалды ишемиясын байқап қалды. Оташының әрекеті?//
емханада консервативті ем тағайындау//
табандағы кесу//
жедел ангиологиялық стационарға жолдау//
гипербариялық оксигенация өткізу//
біріншілікті аяқ ампутациясын ұсыну//
****
Емханада перфоративті асқазан ойық жарасы бар науқаста бауыр тұйықталуының болмауын оташы қалай түсіндірді?//
ішек қампаюы//
іш қуысындағы сүйықтық//
пневмоперитонеум//
оң жақтық диафрагма ұшының жоғары тұруы//
бауыр мен іщперденің ішек ілмегінің интерпозициясы
****
82 жастығы әйел науқасты туысқандары емханаға алып келді. Тексерістен кейін диагноз қойылды: қысылған сол жақтық сан жарығы, жарық қапшығының флегмонасы. Перитонит белгілері жоқ. Іш аймағы сәл қампайған. Науқасқа не тағайындау керек?//
қатаң төсектік режим//
массивті антибиотикотерапия//
хирургиялық стационар жағдайындағы жедел операция//
емханада флегмонаны кесу және дренаждау//
жыла ванна мен спазмолитиктер
****
Емханаға көшеден шок жағдайындағы науқас әкеліп тапсырылды. Науқаста кенеттен ішінің жоғарғы жағында күшті аурулар пайда болып,осы жағлайға алып келгені қиындықпен анықталды.Қандай аурулар болу мүмкін емес?//
Миокард инфаркті//
жедел флегмонозды холецистит;//
панкреонекроз;//
12-елі ішектің перфоративті жарасы;//
Аш ішіектің жоғарғы түйіліп қалуы
****
Емханаға хирургке науқас асқазанының қайта- қайта ауруына шағымданып келді. Тексеруде асқазан полипі анықталды. Қандай полиптерді эндоскопиялық технологияларды қолданып емханада алып тастауға болады?//
ахилиялық гастрит фонындағы полиптерді;//
асқазанның тоталді полипозы;//
жалғыз
безді полип;//
жалпақ негізді(2 см көп);//
асқазан жарасы түбінің полипі.
****
Емхана хирургі науқаста асқазан ісігіне күдіктенді. Қай нозология асқазанның ісікалды ауруына жатрайды://
асқазан полипозы//
2 дәрежелі кардия ахалазиясы//
фитобезоар//
созылмалы атрофиялық гастрит//
асқазанның каллезді ойық жарасы
****
34 жастығы науқаста емхана хтрургі тамақтағы «тырнау» сезімін, сілекей ағу, жұтыну кезіндегі ыңғайсыздықты, тамақты сумен ішумен керектігін, түнгі жөтел және ауыздан бөлінділерін анықтады. Бұл белгілер қай ауруға тән?//
өкпе ісігі//
өңеш ісігі//
ценкеров дивертикуласы//
көкірекаралық ісігі//
асқазан ойық жарасы//
****
Емханада хирургке қаралуда 26жастағы әйелдің шағымдары: сұйық тағамды жұтынғанда ауырсыну сезімі,кезеңді регургитация.Эозофагоманометрияда жұтыну кезінде өңештің тарылу релаксациясы төмендеген.Науқаста қандай диагноз?//
эзофагит-рефлюкс;//
өңештің диафрагмальді үсті дивертикулі;//
өңеш обыры;//
өңеш полипі;//
кардияның ахалазиясы.
****
Өңештің қатерсіз ісігінің ең жиі кездесетіні не екенін амбулаторлық хирург білу керек.//
папиллома;//
лейомиома;//
липома;//
аденома;//
аденокарцинома
****
Науқаста поликлиникада асқазан обыры табылды, ол пальпацияланады және бірқатар асқынулары бар. Аталғандарының қайсысы резекцияланбайтын обырға жатады?//
аз қантулер мен анемия//
ЭТЖ жоғарлауы//
Ішперде қуысында сұйықтық//
оң өкпеге бір метастаздың берілуі//
көптеген жайылмалы метастаздар
****
Поликлиника жағдайында асқазан обырын күдіктенгенде ең шынайы әдісті атаңыз://
асқазанның рентгенографиясы//
гастроскопия//
полифокусты биопсиямен гастроскопия//
асқазанның шайылған суының цитологиясы//
асқазанның қышқылды құрамын зерттеу
****
Емханаға әйел адам оң жақ сүт безінің сыртқы жоғарғы төрт бұрышындағы қатты түйінге шағымданып келді. Ауыруды анықтау үшін төменде көрсетілген әдістердің қайсысын тағайындар едіңіз?//
дуктография//
маммография//
пункциялық биопсия//
лимфография//
сүт безінің термографиясы
****
Диспансерлік тексеру кезінде 22 жастағы әйелдің сүт безінің жоғарғы тыныс төрт
бұрышында консистенциясы қатты, беті жылтыр, көлемі см, жеңіл қозғалатын, қоршаған тіндерден оқшауланған түйін анықталды. Егер шеткі лимфа түйіндері пальпаторлы өзгермесе, қай ауруға күдіктенеміз? //
липома//
фиброаденома//
түйінді мастопатия//
сүт безінің саркомасы//
сүт безінің қатерлі ісігі
****
40 жастағы науқас емханаға 3 ай бойы тағам өтуінің қиындығы және ауру сезімі мазалайтынына шағымданып келді. Анамнезінен белгілі болғандай 2 жыл бұрын байқамай бір жұтым сірке қышқылын ішіп қойған. Клиникалық көріністі немен байланыстыруға болады?//
кардиоспазммен//
өңештің тыртықтанып тарылуымен//
кардия ахалазиясымен//
диафрагманың өңештік саңылауының жарығымен//
жоғарыда аталғанның барлығымен
****