Бел бөлімінің омыртқа сынығы:
1.Жатқан науқасты абайлап, омыртқаны майыстырмай зембілге ауыстырыңыз.
2.Ауыстыруды 4 адам бір уақытта іске асырады.
3.Науқастың денесін зембілге жалпақ дәкемен көкірек дәрежесінде, жамбас, тізе буындары тұсынан бекітіңіз.
Шылапшын сүйектері сынығында шұғыл көмек.
Мақсаты: шоктың алды налу, транспорттық тасымалдау.
Көрсетілім: шылапшын сүйектері сынығы, шылапшын мүшелерінің зақымдалуы.
Қоры: қатты зембіл, ұз 25-30см үйінді, сүлгі немесе жаялық бөлігі, 2 мл 2% промедол ерітіндісі.
Ескерту: шылапшынның сүйектері сынығы жиі шылапшын мүшелерінің бұзылуымен қатар беріледі.
Әрекет алгоритімі:
1.Науқасты қараңыз, тынышталдырыңыз.
2.Шылапшын сүйектері сынығы барын анықтаңыз.
3.Тексеру мақсатын түсіндіріңіз.
4.Қолынызды спиртпен өңдеп резеңке қолғап киіңіз.
5.Бұлшық етке 2 мл 2% промедол ерітіндісімен сезімсіздендіргіш енгізіңіз.
6.Науқасты абайлап, омыртқаны майыстырмай зембілге ауыстырыңыз..
7.Жатқан науқасты абайлап, зембілге ауыстырыңыз..
8.Науқас аяқтарын тізесінен бүгіп, шетке қарай бөліңіз.
9. Бүгілген тізеге үйінді қойыңыз.
10.Тізедегі үйіндіні ұзын сүлгімен немесе жаялықпен бекітіңіз.
11.Көк тамырға 500мл полиглюкин, 2мл кордиамин енгізіңіз.
12.Қан қысымын, жүрек соғысын, тыныс алуын қадағалаңыз.
13.Жарақат бөліміне жатқызыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |