Хирургия стандарт. Асептика және антисептика



бет1/76
Дата25.01.2022
өлшемі150,24 Kb.
#114149
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
хирургия стандарт 2018



Хирургия стандарт.

Асептика және антисептика.

С-4 (Первомур )ерітіндісімен қолды өңдеу техникасы.

Мақсаты: операция алдында қолды зарарсыздандыру.Ерітінді қолды және операцияалаңын өңдеуге қолданылады.

Қоры: 2,4 %-дық первомур ерітіндісі ,залалсыздандырылған сүлгі, леген фишер

Ескерту: С-4 қоспасы мыналардан тұрады: 33% сутегіасқын тотығы (171 мл),85%- дық құмырсқа қышқылы (81мл) және дистилденген су (10лдейін); 2,4 % Первомур ерітіндісі дайын болу үшін 1,5 сағатқа тоңазытқышқа қойылады. Дайын ерітіндіні 10 литр дистилденген суға салады.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Ағын судың астында 1 мин бойы қолды ерітіндімен жуыңыз, саусақ ұшынан бастап білектің ортаңғы бөлігіне дейін.

2.Залалсыздандырылған сүлгімен қолды құрғатыңыз.

3.2,4 % первомур ерітіндісі бар ыдысқа қолыңызды салыңыз.

4.Ережені сақтай отырып қолыңызды 1 мин. өңдеу: 30 секунд шынтаққа дейін және 30 секунд тек білекті.

5.Ерітіндіден 1 фишерді алып тастау. Сыйымдылығы 5 л шарадағы ерітіндіге 10 адам қол жууға болады.

6.Қолыңызды залалсыздандырылған сүлгімен құрғатыңыз.

Ескерту: Зарарсыздандырудан бұрын қолыңызды ереже бойынша мұқият жуыңыз

Тырнақтары қысқа алынған болу керек (микробтардың 90 %-ы тырнақ астына жиналады), қолдағы жарық жаралармен қабыршықтар және қабынулар болмау керек.

Сақинаны шешу.

Шынтақ пен ашылып жабылуы ыңғайлы қолжуғышта жуу.

Су білектен шынтаққа қарай ағылып жуылуы керек.

Оң қолдың саусақтарымен сол қолды, сол қолдың саусақтары мен оң қолдың саусақтар арасын жуу. Алақан мен білектерді ысқылап жуу.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет