Ота бөлімі медбикесінің көмекші көмегімен стерильді халатты кию техникасы
Мақсаты: ота кезіндегі асептикалық шарттарды қалыптастыру.
Қоры: стерильді киім мен жаялықтар салынған бикс, қолды залалсыздандыратын ерітінді.
Әрекеттер алгоритімі:
1.Киім салынған стерильді биксті сөреге қойып, нықтаңыз.
2.Сыртынан бикстің маркерін, залалсыздығын тексеріңіз.
3.Биксті басқыштың көмегімен ашып, оның стерильдік индикаторын алып, күйін бағалаңыз.
4.Бикстен халатты жағасынан сол қолмен алып, созылыңқы қолмен айналасындағы заттарға тигізбей жазыңыз, оң қолыңыздан киіңіз.
5.Кейін жағасын оң қолмен ұстап сол қолдан киіңіз.
6.Екі қолды кеуде тұсына созып, жеңдерін бекітіңіз.
7.Халаттын артқы жоғарғы бауларын бекітіңіз.
8.Қалтасынан белбеуді шығарып өзіңізден 30-40 см арақашықтықта ұстаңыз, ұштарын көмекшіге беріңіз.
9.Қалтадан стерильді масканы шығарып, бетке жақындатып, үстіңгі бауын көмекші ұстай алатындай етіп, стерильді қолға тигізбей ыңғайлап ұстаңыз.
Ескерту: залалсыздандырылған халат қолды хирургиялық әдіспен өңдегеннен кейін киіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |