Хирургтың киіну техникасы.
Мақсаты: ота кезіндегі асептикалық шарттарды қалыптастыру.
Қоры: стерильді киім мен жаялықтар салынған бикс, қолды залалсыздандыратын ерітінді.
Әрекеттер алгоритімі:
1.Киім салынған стерильді биксті сөреге қойып, нықтаңыз.
2.Сыртынан бикстің маркерін, залалсыздығын тексеріңіз.
3.Биксті басқыштың көмегімен ашып, оның стерильді индикаторын алып, күйін бағалаңыз.
4.Халатты жағасынан алып, хирургтың созылған қолына киюге ыңғайлы етіп ұстаныз.
5.Халатты хирургтың иығына тастаңыз.
6.Халатартындағы бауларды байлаңыз.
7.Хирургтын жеңіндегі бауларды байлаңыз.
8.Қалтасынан белбеуді шығарып өзіңізден 30-40 см арақашықтықта ұстаңыз, ұштарын көмекшіге беріңіз.
9.Қалтадан стерильді масканы шығарыңыз.
10.Масканы бетке жақындатып, үстіңгі бауын көмекші ұстай алатындай етіп, стерильді қолға тигізбей ыңғайлап ұстаңыз.
11.Бауларды көмекші байлайды.
Ескерту: залалсыздандырылған халат қолды хирургиялық әдіспен өңдегеннен кейін киіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |