Сабақтың тақырыбы : Футбол. Алаңда ауысу техникасы Сабақтың мақсаты: Футбол ойынының ережесін жетік меңгерту



Дата08.09.2017
өлшемі170,97 Kb.
түріСабақ
І.Үргенішбаев атындағы орта мектебі

(Ашық сабақ)





Өткізген: Боранқұлова.Г.С

Шалқар қаласы

2015-2016 оқу жылы.

Ашық сабақ 11 а сынып

Сабақтың тақырыбы: Футбол.Алаңда ауысу техникасы
Сабақтың мақсаты: Футбол ойынының ережесін жетік меңгерту.

а). Футболдағы ең негізгі әдісті үйрету және шеберлікті шыңдау.

ә) Оқушының шапшаңдық, шыдамдылық қасиеттерін дамыту

б) Адамгершілікке, төзімділікке тәрбиелеу.


Сабақ өтілетін жер: Мектеп стадионы
Сабаққа керек құралдар: Доп,ысқырық,жалауша.
Сабақ өтілетін мерзімі: 1.10.2013жыл



Сабақтың мазмұны

Жүктеме

мөлшері

Әдістемелік нұсқаулар




Дайындық бөлім

12' -14'




1

Сапқа тұрғызу Түзел! Тік тұр!

Рапорт қабылдау, сәлемдесу.



1' 30"


Оқушылардың киімі дене шынықтыру сабағына сай болуы.

2


Саптық жаттығуларды орындау:

«Оңға», «Солға», «Кері айнал», «Бір қатардан екі қатарға сап түзе» т.б



1' 30"


Оқушылардың денсаулығына көңіл бөлу

Жаттығуды бір мезгілде жасалуын қадағалау



4


Жай жүріспен орындалатын дене қыздыру жаттығулары:

- Қол жоғарыда , аяқтың ұшымен жүру.

- Қол белде, өкшемен жүру.

- Қол белде, табанның ішімен және сыртымен жүру.

- Қол алда жартылай отырып жүру.

- Қолды шынтақтан бүгіп алақанға тізені тигізіп жүгіру.

- Қол артта өкшені алақанға тигізіп жүгіру.


3'
20-30 с

20-30 с


20-30 с

20-30 с
20-30 с


20-30 с

Шынтақты бүкпеу


Денені тік ұстау


Ж.Д.Ж

дұрыс орындалуын қадағалау



5

Тыныс алу жаттығуларын орындау:

- Қол жоғарыда, аяқтың ұшымен терең дем алып, еңкейіп дем шығару.


20-30 с

Іштегі ауаны толық сыртқа шығару





Ж.Д.Ж

- Б.Қ. аяқ иық көлемінде қол белде 1-2 басын солға, 3-4 оңға айналдыру.


- Б.Қ аяқ иық көлемінде қол иықта 1-2 шынтақты алға, 3-4 артқа айналдыру.
- Б.Қ аяқ иық көлемінде қол белде1-2 белді солға қарай, 3-4 оңға қарай айналдыру.
- Б.Қ аяқ иық кеңдігінде 1 қолды жоғары көтеру, 2 еңкейіп қолды аяқтың ұшына тигізу, 3 қолды алға созып отыру, 4 Б.Қ келу.
- Б.Қ аяқ иық кеіңдігінде қол алда 1 отырамыз,

2 Б.Қ келеміз.



5'

6-7 рет


6-7 рет

6-7 рет


6-7 рет

20-30 рет


Денені тік ұстау


Шынтақты толық алға,артқа айналдыру

Санақ бойынша бір мезгілде жасау

Қолды алға созып отырып, тұру





Негізгі бөлім

27'




1

Футбол ойынының әдістері

Ойыншының тұрысы және орын ауыстыруы

Доппен айла-тәсілдер жасау -футболдың негізгі мәні.Футболшылар ойнай жүріп допты алып жүруден, тоқтатудан, оны тебуден жарысқан секілді болады.

Футболшының алаңда алға қарай жүгіре білуі, тіркемелі және кібіртіктеген адымдармен жанға қарай ауыса білуі, жақсы секіруі өз денесін тамаша меңгеруі, жүгіріс кезінде кенет тоқтап және бұрыла алы қажет. (оқушыларға кезекпен кезек қайталату)

Допты тебу.

Допты тебу – футболдағы негізгі ойын тәсілі. Аяқпен тебу бір орындағы және қозғалыстағы допты (домалап, ұшып келе жатқан) аяқ басының ішкі, сыртқы жандарымен, санмен соғу арқылы жүзеге асырылады. (оқушыларға кезекпен кезек қайталату)



Допты тоқтату әдісі

Допты тоқтату ойыншының допты өзі меңгеруіне және допты беру, алып жүру, қақпаға соғу секілді алдағы ойын іс-әрекеттерін жалғастыруына мүмкіндік береді.Допты тоқтату кезінде ең бастысы - ол ойыншының кері серпіліп кетпеуі.

(оқушыларға кезекпен кезек қайталату)

Допты алып жүру әдісі

Допты алма-кезектебу арқылы алып жүреді.Допты тіке бағытта алып жүргенде табанның ішкі алқымымен теуіп алып жүрген қолайлы, ал қисық бағытта алып жүргенде алқымның ішкі бөлігімен теуіп алып жүрген тиімді. (оқушыларға кезекпен кезек қайталату)



Допты тартып алу әдісі

Өте күрделі тәсіл. Қарсыластан допты тартып алу үшін доп иесінің ойын жоспарын болжай білу керек. Допты тартып алуда аттап басуды, тез жетуді және басқа да тәсілдерді қолдануға болады.

(оқушыларға кезекпен кезек қайталату)

Қақпашының ойыны.

Қақпашы – командадағы ең басты, аса қажетті ойыншы. Ол алаңдағы ойыншылардың негізгі тәсілдері мен допты қағып алу, қағып жіберу, ойынға қосу, тәсілдерін жақсы білуі керек.






Допты дұрыс тебу,тоқтату тәсілдерін жетік меңгеру


Ойын ережесін түсіндіру.
Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту.

Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту.


Ойын ережесін түсіндіру.


Ойын ережеслерінң қатаң түрде сақталуын ескерту.

Допты тартып алып,алып жүру тәсілдерін жетік меңгерту





Қорытынды бөлімі

4 '




1
2

3


Оқушыларды сапқа тұрғызу. Денені қалыпқа келтіру жаттығулары.

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма: 100 м жүгіру


2'
1'

1'


Сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларды мадақтау және кемшіліктерін ескерту


Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу