Қысып таңғыш қою техникасы
Мақсаты: Қантамырдан - капиллярдан қан кетуді тоқтату, бастың жұмсақ тіндерінің гемостазы.
Қоры: стерильді салфетка, стерильді қолғап, 1% йоданит, мақта марлілі тампон, бинт, антисептик ерітіндісі, 2 пинцет, спирт, ауру сезімін басатын заттар, КБУ
Әрекет алгоритімі:
Қолды спиртпен өңдеңіз.
Резеңке қолғап киіңіз
Науқасты қараңыз, тынышталдырыңыз, жатқызыңыз.
Науқастың жағдайын бағалаңыз
Манипуляция мақсатын науқасқа түсіндіріңіз
Жара анық көрінетіндей науқасты ыңғайлап, жатқызыңыз
1% йоданат ерітіндісімен жара айналасын өңдеңіз
Сальфеткамен құрғатыңыз
Жараға стерильді салфетка қойыңыз
Салфетка үстіне мақта–марлілі тампон қойыңыз
Тампонды бинтпен бекітіңіз
Науқасты стационарға тасымалдаңыз, тасымалдау уақытында тамыр соғысын, қан қысымын есін, байлам күйін қадағалау
Қолғапты шешіп КБУ-ға тастаңыз
Ескерту: Тараңдық бау венадан, капилярдан қан кеткенде қойылады.
Ауруханаға дейінгі көмек көрсету дәрежесінде.
Гемотрансфузия.
Достарыңызбен бөлісу: |