Хирургиялық аурулар
*1*60*
#1
*! Қандай анатомиялық құрлымдар Кало үш бұрышын құрайды?
* гепатодуоденалды байлам, өт қуығы, бауыр
* өт қуығы, гепатодуоденалды байлам, он екі елі ішек
*өт қуығы артериясы, өт қуығы өзегі, жалпы бауыр өзегі
*оң жақ бауыр артериясы, өт қуығы артериясы, жалпы бауыр артериясы
* сол жақ бауыр артериясы, оң жақ бауыр артериясы, бауыр
#2
*!Холедохолитиаз термині нені білдіреді?
*өт қуығының деформациясын
*холедох қабырғасының жедел қабынуын
*жалпы өт өзегі қабырғасының созылмалы қабынуын
*өт өзектерінде тастардың болуын
* холедох терминалды бөлігінің стриктурасын
#3
*! Төмендегілердің қайсысы өңештің терең күйігінің ЕҢ ерте байқалатын ауыр асқынуы болып табылады?
*диафрагма- өңештік тесік жарығы
*тыртықтық стриктура
* кардиа ахалазиясы
*перфорация
*дисфагия
#4
*! Қандай сырқат кезінде функциональды дисфагия ЕҢ жиі дамиды?
*өңеш саңылауының бөгде затпен обтурациясы
*өңештің пептикалық стриктурасы
*өңештің химиялық күйігі
*кардиа ахалазиясы
*өңеш рагы
#5
*!Пилородуоденальды стенозға НЕҒҰРЛЫМ тән симптом?
Кохер-Волкович
Воскресенский
Дьелафуа
Скляров
Хвостек
#6
*!Пилородуоденальды стенозға НЕҒҰРЛЫМ тән клиникалық көріністерінің бірін атаңыз?
*перкуссия жасағанда бауыр тұйықтығының жойылуы
эпигастрийдегі «су шылпылы»
«тақтай тәрізді іш»
«қанжар сұққандай» ауру сезімі
мелена
#7
*!Пилородуоденальды стенозға НЕҒҰРЛЫМ тән клиникалық белгі?
*перкуссия жасағанда бауыр тұйықтығының жойылуы
«кофе тұнбасы тәрізді» құсу
жақын арада қабылдаған тағамын құсу
«тақтай тәрізді іш»
ішті аускультация жасағандаперфорацияланған тесіктен шығатын «күмістәрізді» шудың естілуі
#8
*!Ойық жараның пенетрациясына НЕҒҰРЛЫМ тән клиникалық көрініс?
арқаға берілетін эпигастрийдегі тұрақты белдемелі ауру сезімі
*ауру сезімінің оңйыққа және бұғана асты аймағына берілуі
*асқазандағы толып тұрғандай сезім
«тақтай тәрізді іш»
«қанжар сұққандай» ауру сезімі
#9
*! Гастродуоденалді ойық жарадан қан кетуге қандай симптом тән?
*Кохер-Волкович
*Воскресенский
*Бергман
*Дьелафуа
*Скляров
#10
*! Гастродуоденалды ойық жарадан қан кетуге қандай клиникалық белгі тән?
*«кофе тәрізді» құсық
*Спижарный симптомы
тақтай тәрізді іш
«пышақ сұққандай» ауру сезімі
Бейли симптомы
#11
*! Гастродуоденалды ойық жарадан қан кету кезінде қандай клиникалық белгі байқалады?
*тақтай тәрізді іш
Спижарный симптомы
«пышақ сұққандай» ауру сезімі
Бейли симптомы
мелена
#12
*! Ойық жараның перфорациясына НЕҒҰРЛЫМ тән симптом?
*Кохер-Волкович
Спижарный
Ситковский
Боткин
Скляров
#13
*! Бергман симптомына ҚАНДАЙ көрініс тән?
*іштің аускультациясы кезінде перфорациялық тесіктің үстінен «күмісті» шуылдың естілуі
*перфорацияның алдында эпигастрий аймағында ауру сезімінің күшеюі мен қалтыраудың пайда болуы
қан кету басталысымен эпигастрийдегі ауру сезімінің жоғалуы
*іште кенеттен«пышақ сұққандай» қатты ауру сезімінің пайда болуы
перкуссия кезінде бауыр тұйықтығының жоғалуы
#14
*!Төменде көрсетілген симптомдардың ҚАЙСЫСЫ Спижарный симптомын сипаттайды?
*перкуссия кезінде бауыр тұйықтығының жоғалуы
*іштің аускультациясында перфорациялық тесіктің үстінен «күмісті» шуылдың естілуі
*перфорацияның алдында эпигастрий аймағында ауру сезімінің күшеюі мен қалтыраудың пайда болуы
ауру сезімінің оң йықпен оң бұғана асты аймағына берілуі
*іштегі «пышақ сұққандай» қатты ауру сезімі
#15
*!Өкпе абсцесінің негізгі этиологиялық факторы
*спонтанды пневмоторакс
*өкпе гемосидерозы
*пневмосклероз
*гидроторакс
*пневмония
#16
*!Төменде көрсетілген белгілердің қайсысы өкпе гангренасына тән?
*кеуде торының алдынғы бетінде көк дақтардың пайда болуы
*субфебрилді дене қызуы
*ұзақ құрғақ жөтел
*гектикалық қызба
*қара түсті нәжіс
#17
!Төменде көрсетілген белгілердің қайсысы өкпе гангренасының ерте және тұрақты белгісі болып табылады?
*“барабан таяқшалары” тәрізді саусақтар
*көп мөлшердегі шірікті иісті қақырық
*субфебрилді қызба
*ұзақ құрғақ жөтел
*қан қақыру
#18
*!Төменде көрсетілгендердің қайсысы өкпе абсцессінің клиникалық кезеңін сипаттайды?
*бронхқа ашылғанға дейінгі
*субкомпенсация
*декомпенсация
*жалған жақсару
*интоксикация
*шок
#19
!Төменде көрсетілген асқынулардың қайсысы өкпе абсцессіне тән?
*бронхоэктаздың дамуы
*пневмокониоздың дамуы
*өкпелік қан кету
*өкпе ателектазы
*пневмосклероз
#20
*!Төмендегі сырқаттардың қайсысында плевра қуысын Бюлау бойынша дренаждауды ЕҢ жиі қолданады?
*жедел және созылмалы плевра эмпиемасы
*жедел және созылмалы өкпе абсцессі
*фиброзды-кавернозды туберкулез
*өкпе рагы
*жайылмалы бронхоэктаздар
#21
*!Спецификалық емес спонтанды пневмоторакс дамуының ЕҢ жиі кездесетін себебі?
*плевра жабысқақтарының жыртылуы
*өкпенің туа біткен кисталарының жарылуы
*субплевралық өкпе буллаларының жарылуы
*бронх жыртылуы
*өкпе абсцессінің жарылуы
#22
*!Пневмоторакс кезінде плевра қуысын дренаждау үшін ЕҢ жиі қолданылатын орын?
*бұғана орта сызығымен бесінші қабырғааралық
*алдыңғы қолтықасты сызығымен үшінші қабырғааралық
*артқы қалтықасты сызығымен жетінші қабырғааралық
*бұғанаорта сызығымен екінші қабырғааралық
*дренаждау орнын белгілеу маңызды емес
#23
*!Қандай рентгенологиялық белгілер пиопневмотораксқа НЕҒҰРЛЫМ тән?
*гомогенді, анық шекаралы, интенсивті дөңгелек көлеңке
*сұйықтық деңгейі бар, перифокальді инфильтрациясы бар, дөңгелек қуысты көлеңке
*көптеген майда қуыстары бар, анық шекарасы жоқ интенсивті көлеңке
*плевра қуысында сұйықтық деңгейі бар коллапстанған өкпе
*үшбұрыш пішінді интенсивті көленке
#24
*!Пиоторакс кезінде плевра қуысын дренаждау үшін ЕҢ жиі қолданылатын орын?
*бұғана орта сызығы бойынша бесінші қабырға аралық
*қолтықасты алдыңғы сызығы бойынша үшінші қабырға аралық
*қолтықасты артқы сызығы бойынша жетінші қабырға аралық
*бұғана орта сызығы бойынша екінші қабырға аралық
*нүкте орнын анықтаудың аса маңызы жоқ
#25
*!Қандай рентгенологиялық белгілер пневмотораксқа НЕҒҰРЛЫМ тән?
*интенсивті, анық шекарасы бар дөңгелек көлеңке
*перифокальді инфильтрациясы, ішінде сұйықтық деңгейі бар дөңгелек қуыс
*көптеген майда қуыстары бар, анық шекарасы жоқ, интенсивті көлеңке
*кеуде қуысында өкпе суреті жоқ, коллапстанған өкпе
*үшбұрыш тәрізді интенсивті көленке
#26
*!Төменде келтірілген симптомның қайсысы жедел холециститке ТӘН?
*Мондор
*Кюммель
*Ортнер
*Мейо-Робсон
*Бартомье-Михельсон
#27
*!Төменде келтірілгендердің қайсысы жедел холециститтің асқынуынаТӘН?
*жедел панкреатит
*өт қуығының бүрісуі
* рецидивті холецистит
*холедохтың тыртықты тарылуы
*перивезикалды инфильтрат
#28
*!Өт тас ауруы диагнозын қоюда қандай аспаптық зерттеу әдісі нақты мәлімет береді?
*ФГДС
*құрсақ қуысының УДЗ
*оралды холецистография
*биохимиялық қан анализі
*құрсақ қуысының рентгенограммасы
#29
*!Төменде келтірілген белгілердің қайсысы жедел холецистит кезіндегі Ортнер-Греков симптомын сипаттайды?
*сол жақ қабырға-омыртқа бұрышының ауру сезімі
*эпигастральды аймақтағы қолқаның құрсақ бөлігінің пульсациясының жоғалып кетуі
*өт қапшығының түбі проекцияланған нүктені басқанда ауру сезімі
*оң жақ қабырға доғасын алақанның қырымен ұрғылағанда ауру сезімің күшеюі
*төс-бұғана-емізік бұлшықет аяшықтарының арасын басқандағы ауру сезімі
#30
Қандай патологиялық процесс Рихтер жарығы деп аталады?
*сан жарығы
*шаптық жарық
*орнына келмейтін жарық
*ішектің ретроградты қысылуы
*ішектің қабырғалық қысылуы
#31
*!Қандай жарық ЕҢ сирек ұшырасатын жарыққа жатады?
*сан жарығы
*шап жарығы
*кіндік жарығы
*іштің ақ сызық жарығы
*спигели сызығының жарығы
#32
*!Тізімдегілер ішінен жарықты тудырушы фактор не болып табылады?
*егде жас
*ұзақ жөтел
*артық салмақ
*сұйық нәжіспен іштің өтуі
*операциядан кейіңгі тыртықтар
#33
*!Тізімдегілер ішінен қысылған жарыққа ЕҢ тән белгі?
*қалтырау
*ауыру сезімінің болмауы
*зәр шығару қажеттік сезініс
*жарықтың орнына келмеуі
*жарықтың өздігінен орнына ену мүмкіншілігі
#34
*! Іштің сыртқы жарығының ЕҢ жиі кездесетін асқынуы?
*қысылу
*копростаз
*қалпына келмеуі
*жарық қабының қабынуы
*жарық қабының флегмонасы
#35
*!Қандай фактор ЕҢ алдымен тік ішектің түсуіне әкелуі мүмкін?
*құрсақ қуысының қысымының жоғарлауы
*жамбас бұлшықеттерінің босаңсуы
*зәр шығуының қиындауы
*ауыр физикалық жүктеме
*ұзақ іш қатулар
#36
*!Тізімдегілер ішінен қандай орналасу жедел парапроктитте ЕҢ типті болады?
*артқы
*сыртқы
*тері асты
*сүйек асты
*бұлшықет асты
#37
*!Тізімдегілер арасынан артқы өтіс сызатына ЕҢ тән қандай клиникалық көрініс болады?
*аралық пішіні өзгерген
*сфинктердің ұзақ спазмы
*артқы өтіс аймағындағы қышу
*аналды канал аймағында бөгде зат бар сезімі
*бос ампула кезіндегі сфинктер тонусының төмендеуі
#38
*!Тізімдегілер ішінен геморройға тән асқыну?
*ректоцеле
*аналды сызат
*параректалды абсцесс
*эпителиалды-құйымшақтық жол абсцессі
*геморроидалды түйіндердің тромбозы
#39
*!Геморройға ЕҢ тән клиникалық белгісі?
*аналдық өтіс аймағында солқылдаған ауру сезімі
*дефекациядан кейінгі қан кету
*метеоризм
*іш қату
*лоқсу
#40
*!Төменде көрсетілгендердің қайсысы жедел аппендициттің асқынуына жатады?
*жедел флегмонозды аппендицит
*жедел катаралды аппендицит
*шажырқай тамырларының тромбозы
*аппендикулярлы инфильтрат
*аппендикулярлы колика
#41
*!Төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы жедел аппендицитке тән болып табылады?
*Мерфи
*Раздольский
*Мондор
*Спижарный
*Элекер
#42
*!Күрделі диагностикалық жағдай кезінде жедел аппендицит диагнозын нақтылау үшін аталған зерттеу әдістерінің қайсысы тиімді болып табылады?
*ирригоскопия
*ЭРХПГ
*ФГДС
*лапароцентез
*лапароскопия
#43
*! Артқы өтістен таңқурай желесі тәрізді қанды бөліністің бөлінуі ішек түйілуінің қай түрінде болады?
* обтурациялық түйілуі
* жіңішке ішектің бұралуында
* паралитикалық түйілуде
* спастикалық түйілуде
*инвагинацияда
#44
*!Тек консервативті ем қолданылатын ішек түйілуінің түрі?
*сирангуляциялық
* обтурациялық
* паралитикалық
* жабыспақтық
* инвагинациялық
#45
*! Кивуль симптомы қандай жедел хирургиялық ауруға тән?
*жедел ішек түйілуінде
*жедел панкреатиттте
*жедел аппендицитте
*жедел холециститте
*асқазанның перфоративті ойық жарасында
#46
*!Пайда болу механизміне қарай жедел ішек түйілуі бөлінеді:
*механикалық және динамикалық
*тоқішектік, жіңішке ішектік және аралас
*туа біткен және жүре пайда болған
*жоғарғы жәнетөменгі
*паралитикалық және спастикалық
#47
*!Эхинококкоздың диагностикасында НЕҒҰРЛЫМ маңызды орын алатын зерттеу әдісі?
*серологиялық сынама
*компютерліктомография
*ультрадыбыстық зерттеу
*клинико-анамнездік мағлұматтары
*рентгенологиялық зерттеу
#48
*!Төменде көрсетілген асқынулардың қайсысы бауыр эхинококкозындаЖИІ кездеседі?
*пенетрация, қан кету
*қайта пайда болу, склероздану
*регрессия, аутолиз, секвестрация
*малигнизация, метастаз беру
*іріңдеу, перфорация
#49
*! Төменде көрсетілгендердің қайсысы аяқ веналарының варикозды кеңеюіне әкеледі?
*вена тамырларының қақпақшалық аппаратының бұзылысы
*қанның ұю жүйесінің бұзылыстары
*аяқ-қол артериялары қан ағысының бұзылысы
*жүрек жеткіліксіздігі
*су-тұз алмасуының бұзылысы
#50
*!Аяқ веналарының варикозды кеңеюі кезінде төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысын ЖИІ қолданады?
*"марштық сынама"
*флебография
*ультрадыбыстық допплерография
*компьютерлік томография
*селективті ангиография
#51
*! «Қан тамырлардың атеросклерозы» диагнозын қоюда НЕҒҰРЛЫМ мәліметті тексеру әдісі?
*ангиография
*қан тамырларының УДДГ
*флебогрфия
*қан тамырлардың МРТ
*ренгенография
#52
*!Төменде көрсетілген аурулардың қайсысында НЕҒҰРЛЫМ артериялды тромбоз жиі дамиды?
*портальдігипертензия
*созылмалы нашақорлық
*облитерациялық атеросклероз
*өкпенің созылмалы обструктивті аурулары
*аяқ веналарының варикозды кеңеюінде
#53
*!Төменде көрсетілген асқынулардың қайсысы аяқ қан тамырларының атеросклерозы кезінде орын алуы мүмкін?
*аяқтың флегмонасы
*миокард инфарктысы
*аяқтың гангренасы
*ми қан айналымының жедел бұзылысы
*өкпе артериясының тромбоэмболиясы
#54
*!Төменде көрсетілген себептердің қайсысы облитерациялық тромбангиитке НЕҒҰРЛЫМ жиі әкеледі?
*ұзақ уақыттан бері темекі шегу
*эндокринді аурулар
*инфекционды-аллергиялық себеп
*кортикостероидты дәрілерді жиі қабылдау
*тромбогенді себеп
#55
*!Аталғандардың қайсысы жедел панкреатит патогенезінің ЕҢ ықтимал негізі болады?
*аутолиз
*қабыну
*дегенерация
*ұйқы безі иннервациясының бұзылуы
*ұйқы безіндегі қан айналымының бұзылуы
#56
*!Жедел панкреатиттің қандай клиника-морфологиялық түрі АНАҒҰРЛЫМ жиі кездеседі?
*жедел ісінген панкреатит
*жедел майлы панкреонекроз
*жедел геморрагиялық панкреонекроз
*ұйқы безінің абсцесі
*ұйқы безінің кистасы
#57
*!Аталғандардың қайсысы жедел панкреатиттің АНАҒҰРЛЫМ кеш асқынуына жатады?
*гиповолемиялық шок
*шарбы қалтасының абсцесі
*панкреатогенді перитонит
*ұйқы безінің кистасы
*ұйқы безінің абсцесі
#58
*!Төменде көрсетілген жедел хирургиялық аурулардың қайсысы жиі екіншілік перитонитке себеп болуы мүмкін?
*жедел холецистит
*жедел панкреатит
*жедел ішек түйілуі
*ішек тігістерінің сөгілуі
*жедел аппендицит
#59
*!Төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы перитонитке тән?
*Кохер-Волкович
*Мюсси-Георгевский
*Ортнер-Греков
*Щеткин-Блюмберг
*Грей-Тернер
#60
*!Біріншілік перитонит кезінде құрсақ қуысына инфекцияның ену жолы қандай?
*асқазан ойық жарасының тесілуі
*ішек анастомозының сөгілуі
*жатыр түтігінің жарылуы
*инфекцияның гематогенді берілуі
*құрсақ қуысы ағзаларының канцераматозы
Достарыңызбен бөлісу: |