Жедел аппендицит соқыр ішек құрт тәрізді өсіндінің қабынуы



бет1/4
Дата16.10.2023
өлшемі0,59 Mb.
#185703
  1   2   3   4
Байланысты:
аппендицит холецистит панкреатит

ЖЕДЕЛ АППЕНДИЦИТ

ЖЕДЕЛ АППЕНДИЦИТ

Соқыр ішек құрт тәрізді өсіндінің қабынуы.

ЖІКТЕМЕСІ

Аппендицит ағымына байланысты бөлінеді:

  • Қарапайым
  • Деструкциялық
  • Асқынған

Қабынған аппендикс

Балалардағы аппендицит

КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕР

КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕР

  • Аппендициттің ұстамасы бірден пайда болады, жедел ауырсынумен көрінеді, алғаш уақытта эпигастрий немесе кіндік аймағында орналасады. Біраздан кейін ауырсыну оң жақ мықын аймағыа таралады және өршиді. Ауырсыну аясында диспепсия, жүрек айну, бір ретті сұйық нәжіс , субфебрильді қызба, ер адамдарда жалған зәр шығаруға тарту болады. Деструкциялы жедел аппендицитте жедел іштің классикалық симптомокомплексі дамиды, ол аурудың болжамы нашарлауын куәлайды.
  • Егде жастағы адамдарда жасырын түрде даму, аз интенсивті ауырсынулар тән.

Делафуа триадасы – жедел аппендициттің классикалық триадасы
Гиперестезия + Іш бұлшықеттерінің керілуі + Ауырсыну =

ЖЕДЕЛ АППЕНДИЦИТТІҢ БЕЛГІЛЕРІ

ЖЕДЕЛ АППЕНДИЦИТТІҢ БЕЛГІЛЕРІ

  • Кохер-Волкович — ауырсыну эпигастрийден немесе іштің жоғарғы бөлімінен оң жақ мықын аймағына таралады.
  • Бартомье-Михельсон — науқас сол бүйірде жатып оң жақ мықын аймағын пальпациялағанда ауырсынудың күшеюі.
  • Образцов — оң аяқты тізе буынында түзу ұстап, оң жақ мықын аймағын пальпациялағанда ауырсынудың күшеюі.
  • Ровзинг — сол жақ мықын аймағын сертпе тәрізді басқанда оң жақ мықын аймағында ауырсынудың күшеюі немесе пайда болуы.
  • Ситковский — науқас сол бүйірге бұрылғанда оң жақ бүйірде ауырсынудың пайда болуы немесе күшеюі.
  • Щеткин—Блюмберг (перитонит) — қолмен басқан аймақты бірден жіберген кезде ауырсынудың күшеюі.
  • Тік ішекті саусақпен қарау: тік ішектің алдыңғы қабырғасының салбырауы немесе ауырсынуы.

Кохер-Волкович белгісі




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет