Жедел аппендицит соқыр ішек құрт тәрізді өсіндінің қабынуы



бет3/4
Дата16.10.2023
өлшемі0,59 Mb.
#185703
1   2   3   4
Байланысты:
аппендицит холецистит панкреатит

АЖЫРАТПА ДИАГНОСТИКА

  • Он екі елі ішектің тесілген жарасымен, аппендицитпен, панкреатитпен, бүйрек шаншымасымен, миокард инфарктымен жүргізеді.
  • ЕМІ

  • Хирургиялық стационарға госпитализациялау көрсетілген.
  • Зембілге жатқызып тасымалдау керек.
  • Жиі кездесетін қателіктер. Наркотикалық анальгетиктерді енгізу.
  • ЖЕДЕЛ ПАНКРЕАТИТ

    ЖЕДЕЛ ПАНКРЕАТИТ

    Ұйқы безінің жедел қабынуы.

    ЭТИОЛОГИЯ және ПАТОГЕНЕЗІ

    • Алкогольді ішімдіктерді, майлы және ашы тағамдарды пайдалану;
    • Өт тас аурулары;
    • Ұйқы без жарақаттары;
    • Ұйқы без өзектерінің жарақатсыз стриктурасы
    • Он екі елі ішек аурулары (жара, дуоденостаз).

    Сау ұйқы безі
    Қабынған ұйқы безі

    ЖІКТЕМЕСІ

    ЖІКТЕМЕСІ

    клиникалық ағымы бойынша:

    • Жеңіл
    • орташа
    • Ауыр
    • Жедел деструкциялық панкреатит (панекреонекроз) кезеңдік ағымда жүреді:

    • Ферменттік кезең (алғашқы 5 тәулік) панкреонекроздың түзілуімен, эндотоксикоздың дамуымен сипатталады.
    • Реактивті кезең (аурудың 2-ші аптасы) ағзаның түзілген панкреонекрозға жауап ретінде ұйқы безі маңылық инфильтрат дамиды.
    • Секвестрация кезеңі (3-ші аптадан астам) секвестрдің түзілуі және некроздық ұлпаның ажырауымен сипатталады.
    • - асептикалық секвестрация (инфекцияланбаған) — ұйқы безі кистасының түзілуімен жүреді.

      - септикалық секвестрация (инфекцияланған) — іріңді асқынулардың түзілуімен жүреді.

    КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІ

    КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІ

    • Іштің жоғарғы бөлігінде, эпигастрий аймағында тұрақты, қатты, арқаға берілетін немесе белдемелі симпатта ауырсыну пайда болады. Жедел панкратитпен ауыратын науқастар ауырсынуды басу үшін мәжбүрлі қалыпта (үрық қалпы) болады.
    • Жиі тоқтаусыз құсұ, тахикардия, гипотония, ішек парезі дамуы мүмкін.
    • Жедел панкреатит кезіндегі қан айналым бұзылыстары өте ауыр болуы мүмкін, тіпті шоктың дамуы мүмкін.
    • Жедел панкретит белгілерінің айқындылығы оның ауырлық дәрежесімен тығыз байланысты және оның болжамын анықтайды.


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет