Холинергиялық заттардың жіктелуі. М және н – холиномиметиктер немесе ахэ заттар: м-холиномиметиктер


Диабетке қарсы синтезделінген препараттар жіктемесі



бет24/25
Дата04.11.2023
өлшемі59,24 Kb.
#189571
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Холинергиялы заттарды жіктелуі. М ж не н – холиномиметиктер не

Диабетке қарсы синтезделінген препараттар жіктемесі:
1 . Эндогендік инсулин секрециясын стимуляциялаушы препараттар ( сульфонилнесепнәр туындылары )

  • Бірінші буын препараттары ; хлорпропамид , букарбан , бутанд , толиназе

  • Екінші буын препараттары : глибенкамид , глиптизи . минидиаб , гликоидон гликларид

2. Глюкозаның метаболизміне және сіңірілуіне әсер ететін препараттар ( бигуанид туындылары ) : буфoрмин , метформин .
3.Глюкозаның тінге сіңірілуін тежейтін препараттар ; глокобай , гуарем .
Әсер ету механизмі:
Инсулин тіндердегі глюкозаның сіңірілуін күшейте отырып , оның гликогенке айналуын қалыптастырады . Сол үшін бұл гормон мембрана жасушаларының өткізгіштігін арттыра отырып , глюкозаның жасушаға өтуін жеңілдетеді . Инсулин жасушаға тек глюкозаны жеткізіп қоймай , сонымен қатар аминқышқылдар мен калийдің өтіп кетуін жеңілдетеді . Инсулин глюкокиназаның және гликогенсинтетазаның концентрациясын жоғарылатып , глюкозаның бауырда және бұлшықеттерінде гликоген түрінде жинақталуына көмектеседі.


Адренергиялық заттардың жіктелуі. Альфа-адреноблокаторлардың әсер ету механизмі, терапиялық және жанама әсерлері, қолданылуы.
Жіктелуі;
1-Адренорецепторларға тікелей әсер ететін заттар
а ) тікелей әсерлі адреномиметиктер - норадреналин гидротартраты , адреналин гидрохлориді , изадрин және т.б .;
б ) адреноблокаторлар — фентоламин , анагрилин және т.б.
2 ) Норадреналиннін босап шығуына және немесе қорға жиналуына әсер ететін пресинапстық әсерлі заттар :
а ) симпатомиметиктер немесе әсері тікелей емес адреномиметиктер - тирмин , эфедрин гидрохлориді
б ) симпатолитиктер окталин , резерпин .
Альфа-адреноблокаторлардың әсер ету механизмі:
Адренорецепторлардың А және В түрі болады.Оларды ынталандыратын және тежейтін заттардың жіктелуі:
1-Адреномиметикалық заттар .
-А- және В - Адренорецепторларды ынталандыратындар . Адреналин гидрохлоридів Норадреналин гидротартраты
-Тек а - адренорецепторларды ынталандыратындар . Мезатон, Нафтизин , Галазолин .
- Тек В- адренорецепторларды ынталандыратындар . Изадрин ,Сальбутамол , Добутамин ,Фенотерол , Тербуталин ,
2-Адреноблокаторлык заттар .
А - Адренорецепторларды тежей тіндер . Фентоламин ,Празозин , Тропарфен , Дигидроэрготоксин .
В - Адренорецепторларды тежейтіндер . Анапpилин ,Метопролол , Атенолол , Окспренолол , Талинолол , Бисопролол .
- А- және В - адренорецепторларды тежейтіндер . Лабеталол , Карведитол ,
Альфа-адреноблокаторлардың әсер ету механизмі, терапиялық және жанама әсерлері, қолданылуы:
А - адренорецепторлар тамырларға айрықша әсер ететін болғандықтан , олардың негізгі фармакологиялық әсерлері қантамыр тонусынын төмендеуімен байланысты болады , осыған сәйкес тамырларды шеткері қарсыластығы және артериялық қысымы төмендейді , сонымен қатар шеткері тіндердің қанмен қамтамасыз етілуі жақсарады .
Фентоламин - Аа1,2 адренорецепторларды тежейді . Артериялық кан кысымын орташа дәрежеде түсіреді . Шеткері тамырлардың спазмын жойып , оларды кеңейтеді , нәтижесінде бұлшықеттердің , терінің , сілемейлі қабықтардың қанмен қамталуы жақсарады .
Қолдануға көрсетімдер : феохромоцитоманың диагностикасы , шеткері қанайналымның бұзылуымен жүретін ауруларда ; геморрагиялық және кардиогенді шок .
Жанама әсерлері :
• Тахикардия және миокардтың жиырылуының жоғарылауы
• Ішектің қозғалыс белсенділігінің және тұз қышқылы секрециясының күшеюі • Бас айналуы , терінің қызаруы және қышуы
• Мұрынның сілемейлі қабатының ісінуі
• Сілекей және жас бездерінің , тыныс алу жолдарының бездерінің , ұйқы безінің секрециялык кызметінің күшеюі
Мөлшерін шамадан тыс қолданған кезде ортостатикалық коллапс дамиды .
Қолдануға көрсетімдер : феохромоцитоманың диагностикасы , шеткері қанайналымның бұзылуымен жүретін ауруларда ; геморрагиялық және кардиогенді шок .


Қалқанша безінің гормондары және гормональды препараттары. Физиологиялық әсері. Гипотиреозды емдеуге қолданылатын дәрілердің жіктелуі. Дәрілік заттардың әсер ету принципі, жанама әсерлері.
Қалқанша безі L-тироксин және L-трийодтиронин гормондарын өндіреді. Олардың синтезіне тағаммен түсетін йод қатысады. Қанда айналып жүрген йодидтер қалқанша безімен сіңіріледі, сол жерде аминқышқылы тирозинмен әсерлесетін йодқа дейін тотығады.
Қалқанша безі гормондары зат алмасуына ынталандырғыш әсер көрсетеді. Негізгі алмасу жоғарылайды, соған сәйкес көптеген тіндермен оттегінің жұмсалуы артады, дене температурасы жоғарылайды. Белоктардың, көмірсулардың, майлардың ыдырауы қарқынды жүреді, қанда холестериннің деңгейі төмендейді. Дене салмағы төмендеуі мүмкін. Тиреоидты гормондар адреналиннің әсерін күшейтеді. Бұл әсері тахикардия түрінде көрінеді.
Тиреоидты гормондар ағзаның өсуі мен дамуын реттеуге қатысады. Олар мидың,сүйек тінінің және басқа мүшелер мен жүйелердің қалыптасуына әсер етеді. Бала кездегі олардың жетіспеушілігінде , кретинизм дамиды. Ересектерде қалқанша безінің жетіспеушілігі зат алмасу үрдістерінің тежелуімен, физикалық және ақыл-ой жұмыс қабілетінің төмендеуімен, апатиямен, тіндердің ісінуімен (мукоидты инфильтрация), жүрек қызметінің бұзылуымен көрінеді. Бұл патология «микседема» деген атқа ие болды.
Медициналық практикада қалқанша безі гормондарының келесі препараттары қолданылады: тироксин, трийодтиронин гидрохлориді, тиреоидин, левотироксин; тиреокомб; тиреотом.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет