Әсер ету механизмі:Асқазанның париеталық жасушаларында орналасқан Н2-гистаминорецепторлардың блокадасы асқазан сөлі секрециясын төмендетеді. Нақтырақ олар базальдық және түнгі секрецияны тежейді. Пепсиннің секрециясы, асқазан сөлінің көлемі, оның құрамындағы сутек иондары да азаяды. Осымен қатар препараттар асқазан ұлтабардағы цитопротекторлық әсер ететін простагландин Е2-нің секрециясын арттырады.
Н2-гистаминдік рецепторлардың көптеген тежегіштеріне төмен липофилдік тән, сондықтан ОЖЖ-не нашар өтеді. Олар көбінесе өзгермеген түрде, негізінен бүйрек арқылы шығарылады. Аз бөлігі өтпен ішекке түсіп, шығарылады.
Адренергиялық заттардың жіктелуі. Альфа-бета-адреномиметиктердің әсер ету механизмі, терапиялық және жанама әсерлері, қолданылуы. Адренергиялық синапсқа әсер ететін дәрілер .